Шешім қабылдау басқару іс-әрекетінің маңызды құраушысы ретінде
Автор: Elnur_chu • Ноябрь 26, 2021 • Доклад • 329 Слов (2 Страниц) • 412 Просмотры
Шешім қабылдау басқару іс-әрекетінің маңызды
құраушысы ретінде
Шешім қабылдау ол басқарудағы ең маңызды нәрсе. Өйткені шешім қабылдау арқылы шешім қабылдаушы не ұтады, не ұтылады. Шешім қабылдауда адамның білімі, тәуекелі, шығармашылығы мен басшыға тән тұлғалық қасиеттері толығымен көрініс табады. Шешім қабылдау ол тек басшының ғана қатысуымен болмайды, басшыға бағыныштылардың да қатысуымен жүреді. Басшының берген тапсырмасың орындауда орындаушының тиімді жолды тауып, оң нәтиже көрсетудегі қабылдаған шешімі олда шешім қабылдау процесінің бірі болып табылады. Сонымен шешім қабылдау дегеніміз — бұл мәселені түсінуді, адекватты мақсаттарды бекіту және осы мақсатты іске асыру үшін құралдарды таңдауды болжайтын күрделі ой процессі.
Шешім қабылдау ол тек белгілі бір мекемеде басшының немесе оның қоластындағылардың белгілі бір мәселе бойынша тиімді жолды табу мен дұрыс таңдау жасаудан да ауқымы кең, күрделі процестің бірі болып табылады. Кез келген адамның өмірінде маңызды шешім қабылдайтың кезеңдер болады. Балалық шығында ол шешімдерді ата-анасы қабылдайды, мектеп жасында ҰБТ мәселелерінде, спорт үйірмелерін, білім алу курстарын таңдауда ата-анасымен, достарымен ақылдаса отырып таңдау жасайды. ЖОО бітіргеннен кейін де жұмыс орның таңдау, отбасылық өмірді бастау да маңызды шешімдерді қабылдау бітпек емес. Осындай белгілі кезеңдердегі маңызды болған шешімдерді қабылдауда кейбір адамдар тұлғалық қасиеттерді бойына жинап, өзіне тиімді болған, өзі қалаған шешімді өзі қабылдаса, кейбіреулері жақындарымен ақылдаса отырып, өмірдің бір арнасынан екінші арнасына біреудің бағыт салуымен ауысып жатады. Жалпы осындай шешім қабылдайтын маңызды мәселе келгенде адам өзінің ішкі қалауын білу, алға қойған арман—мақсатымен ұштастыру арқылы мәселеден тиімді жол тауып, дұрыс шешім қабылдауға болады. «Өзің-өзі таңыған ер бақытты» деген сөзде келтірілгендей, адам өзіне керектіні білсе, алға қойған мақсаты, оған жететін жолы айқын болса, ондай адамға келген мәселеде шешім қабылдау қиындық туғызбайды деп ойлаймын.
...