Химияның және биохимияның дамуы тарихы. Биохимияның дамуына және қалыптасуына қосқан ғалымдардың еңбегі
Автор: Kamila3006 • Январь 9, 2021 • Реферат • 1,355 Слов (6 Страниц) • 1,361 Просмотры
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Реферат
«Химияның және биохимияның дамуы тарихы. Биохимияның дамуына және қалыптасуына қосқан ғалымдардың еңбегі»
Орындаған: ТПП 19-16 тобының студенті Бейсенбаева Камила
Тексерген: Булекбаева Ляззат Токсановна
Нұр-Сұлтан 2021
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Химияның және биохимияның дамуы тарихы.
3. Биохимияның дамуына және қалыптасуына қосқан ғалымдардың еңбегі.
Кіріспе
Биологиялық химия, немесе биохимия –организмдердің химиялық құрамын және организмнің тіршілік әрекеті барысында бұл құрамның химиялық өзгеріске ұшырау процестерін зерттейді. Биохимия деген сөз гректің вios – тіршілік деген сөзінен шыққан. Яғни, тірі табиғаттың химиялық тілі, тіршілік химиясы дегенс өз. Осыған орай биохимияның өзі бірнеше салаларға бөлінеді: адам биохимиясы, медициналық биохимия, өсімдіктер, микроорганизмдер, техникалық, космостық және клиникалық, эволюциялық, радиациялықт.б. Организмдерді зерттеу бағыты бойынша биохимияны статикалық зерттелетін заттардың химиялық табиғаты және қасиеттері жайында динамикалық заттардың организмге түсу кезеңінен олардың зат алмасудың нақтық өнімдерінің шығуына дейінг іөзгерістері және функциональдық органдардың, ткандердің және клеткалардың, жалпы біртұтас организмнің физиологиялық әрекетінің химиялық негіздері жөнінде биохимияға бөлінеді.Биохимияның дамуы бір -бірі меншектес басқа пәндермен жалпы биологиямен, гистологиямен, цитологиямен, генетикамен, физикамен, биофизикамен, бейорганикалық, аналитикалық, органикалық, физикалық, коллоидтық, биофизикалық химия мен молекулярлық биологиямен және физиологиямен тығыз байланысты.
Биохимияның даму тарихы
Жеке ғылым ретінде биохимия шамамен 100 жылдан астам өмір сүреді. Бірақ, биохимиялық үдерістер адамдар ерте заманнан бастап қолданып келеді (қымыз ашыту, нан ашыту, шарап жасау, тері илеу т.б.).
Түрлі аурулардың пайда болуы, онымен күресі дәрілік
өсімдіктердің емдік қасиеттерін анықтау болды. Өсімдіктерді азыққа қолдану, бояу, мата дайындауға қолдану арқылы өсімдік тектес заттардың қасиеттерін түсіну қажеттігі пайда болды.
Орта ғасырдағы биохимия
X ғасырдағы араб ғалымы Авиценна «Канон врачебной науки» кітабында көптеген дәрілік заттарға сипаттама берген.
Иатрохимия бағыты пайда болды.
Иатрохимия — 16-17 ғғ. ғылымның бағыты, онда химияны медицинаға қызмет жасауға бұрды.
Италья ғалымы әрі суретші Леонардо да Винчи тіршілік тек шырақ жанатын атмосферада ғана мүмкін болатын ғылыми тәжірибе жасаған.
Ньютон заманынан кейінгі биохимия
- XVIII ғасыр М. В. Ломоносовтың еңбектерімен тарихта қалды.
- Француз химигі А. Л. Лавуазьенің ашқан массаның сақталу заңы тыныстану ондағы оттегінің маңызы анықталды.
- 1827 ж. биологиялық молекулаларды ақуыз, май және көмірсуға бөлді (ағылшын дәрігері Уильям Праут) .
Биохимияның ғылым ретінде дамуы
1828 ж неміс химигі Ф. Вёлер мочевинаны синтездеді: алдымен - циан қышқылын мен аммиактан, кейіннен - көмірқышқыл газы мен аммиак. Бұл тірі ағзадағы химиялық заттар ағзадан тыс та жасанды түрде синтезделетіндігі анықталды.
Вёлердің жұмысы виталистерге соққы болды, олар барлық органикалық қосылыстар «өмірлік күш». Кейіннен липидтердің зертханалық синтезі ( 1854 ж — П. Бертло, Франция) және формальдегидтен көмірсудің синтезі (1861 — А. М. Бутлеров, Ресей). А.М.Бутлеров органикалық қосылыстардың теориясы (1861).
Энзимология және ақуыз
Биологиялық химияда ашу үдерісі (Луи Пастер).
1897 ж. Эдуард Бухнер қанттың ферментациясы жасушасыз ашытқы экстрактысының қатысында болатындығын айтты және ол тек биологиялық ғана емес химиялық үрдістермен тығыз байланыста болады.XIX және XX ғасыр аралығында өте ірі неміс биохимигі Э. Фишер еңбек еткен.Ол белоктардын пептидты құрылысы жайында негізгі деректерін қалыптастырды ,және олардын құрамына кіретін аминқышқылдардын құрылысы мен қасиеттеріне сипаттама берді.Бырақ тек 1926 ж. Джеймс Самнер алғашқы рет таза фермент, уреазаны бөліп шығарып оны белок екенің дәлелдеді.
...