«Керемет Су СКЕ» компаниясының коммуникациялық саясаты
Автор: Aselya58 • Июнь 23, 2021 • Задача • 399 Слов (2 Страниц) • 388 Просмотры
Кейс шешу
«Керемет Су СКЕ» компаниясының коммуникациялық саясаты
«Керемет Су СКЕ» компаниясы «Samal» суын өндірумен, жеткізумен және сатумен 2009 жылдан бері айналысады. Қазақстанның жер асты сулары кен орнының тереңдігі 300 метрден асатын № 2940 артезиан ұңғымасы Samal ауыз су көзі болып табылады. Ұңғыма Алматы қаласының Түркісіб ауданында орналасқан. Samal Cу компаниясының персоналдары техникамен жұмыс істеуге мамандандырылған жұмысшылар мен медецина, химия саласының мамандарынан тұрады. Компания бәсекелестері «Asy», «Тassay», «Aqualine» сулары болып табылады. Қазіргі кездегі ең әлеуеттісі «Аsy» суы болып табылады. Кристальді таза «Самал» ауыз суы 10 жыл өмір сүруі барысында айрықша сапасымен Қазақстандық нарықта ғана емес, оның шекарасынан да шығып, үлкен беделге ие болды. Сәйкесінше компания ребрендинг жүргізіп, өзінің маркетингтік стратегиялары арқылы тұтынушылар санын елеулі арттыруда. ТӨЦ – тің өсу кезеңінде болғандықтан, маркетингтік коммуникация түрлерін біршама тиімді әрі толықтай қолдануға тырысады.
Самал судың жарнамалық баннерлеріне, роликтеріне, суреттерге назар аударатын болсаңыз, сергітеді деген жазудан бұрын көзіңіз таңғажайып табиғатпен біртұтастанған қыздар мен жігіттер бейнесіне түседі. Қолындағы «Самал» суын ішу арқылы олар табиғатпен еркін үндестікке түскендей, өзіңіз де таза су арқылы табиғаттың бір бөлшегіне айналғандай сезімде қаласыз. Сонымен қатар суды тұрақты тұтынушылардың әсерлері айтылған видеолар арқылы салауатты өмір сүруге, жан мен тән тазалығына ұмтыла аласыз. Сондықтанда Samal Су компаниясы коммуникациялық саясатында жарнама жүргізудің шебері болып табылады. Қазіргі кезде телеарналарда жарнама жүргізу, мәселен «31 каналында» 1 минуттық жарнама бағасы 5000 доллларды, «НТК каналында» 7400 долларды, «Евразия каналында» 9000 долларды құрайды екен. Samal Cу компаниясының жарнамалары 16-17 секунтты болып келеді. Телеарналардағы жарнама адамдардың назарын аудару үшін өте тиімді құрал болып табылады. Журналдарда жарнаманың тиімді құралы болып табылады, ал газеттер болса олардың қазіргі кездегі бағасы 5000 теңгеден бастау алады екен, газеттер көбіне информативті болып табылады. Samal Су компаниясы жеткізушілікпен де айналысады, бүгінгі күнде оның жеткізуге қатысты сервисі ұлғайған, тіпті жаңа жеткізуге қатысты арнайы парақшасыда ашылған және ол үнемі жаңартылып отырады.
...