Экология бойынша Алматы қаласының су экожүйесінің мәліметтерін зерттеу
Автор: Гулсая Нуртилеуова • Январь 4, 2018 • Эссе • 911 Слов (4 Страниц) • 1,317 Просмотры
Білім және ғылым министірлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
МӨЖ
Тақырыбы: Экология бойынша Алматы қаласының су экожүйесінің мәліметтерін зерттеу
Орындаған: Нуртилеуова Г
Қабылдаған: Мұсабеков Қ.Б.
Алматы - 2017ж.
Экология бойынша Алматы қаласының су экожүйесінің мәліметтерін зерттеу
Алматы қаласының негізгі экологиялық мәселелері үлкен қалаларға тән антропогендік факторлармен (автокөлік, ТЭЦ, өндіріс орындары, және т.б) байланысты. Қалада орын алған негативті экологиялық жағдайлардың негізгі көздері табиғи факторлар да болып табылады: физика-географиялық және климаттық.
Алматы қаласы Казақстан Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігінде Тянь-Шань тау жүйесінің етегінде орналасқан. Алматы ірі кәсіпорындар, жылуэлектростанциялар мен жеке құрылыс сеторлары бар Қазақстанның ең үлкен қаласы болып табылады. Негізгі ластаушы көздердің әсрін төмендету мақсатында көшені жүйелік көгаландыру, шаңның гидробасуы секілді шараларды қолданып келеді. Іле өзеніне келіп түсетін Қала өзендерінің су жинағыш көлемі ауыр металдармен, сондайық басқа заттармен ластану дәрежесі өте жоғары. Алматы территориясымен бірнеше кәсіпорындарының ағын сулары жіберілетін Үлкен Алматинка, Кіші Алматинка, Есентай өзендері ағып өтеді. Есентай өзені Улкен Алматинкаға, кейін Каскелен мен Іле өзеніне, ал Кіші Алматинка Капшағай су қоймасына құйылады. Осылай бірнеше рет қайталанып отыратын процесс ластанған суды таратып отырады. Өздіген тазалану және ластағыш заттардың су объектілеріне ауысуы, қазіргі уақытқа дейін антророгендік факторлардың әсерінен судың ластануы секілді мәселелер әлі де толық шешілмеуде. Сонымен қатар аталған өзендерге жеке үй секторларынан, көптеген автокөлік жуу орындарынан, қоғамдық тамақтану пункттары мен басқа да кіші бизнес объектілерінен тазартылмаған ағын сулары құйылады.
Алматы қаласы су бетінде ауыр металлдардың жиналу заңдылығы зерттелінді. Есентай, Казачка, Карасу және басқа да өзендер 3000м биіктікте орналасқан бөктерінен бастау алады. Қала мен елді-мекенді өңірлер үшін кіші өзендер өте маңызды болып табылады, өйткені бұл өзендерді түрлі техникалық, рекрациондық мақсатта және электроэнергияны алу үшін қолданады.
Алмты қаласында 22 өзен мен 4 жасанды су қоймасы бар. Қала территориясындағы көпшілік судың қаіргі жағдайы нормативті талаптарға сай емес. Арасындағы ең лас өзен болып өздігінен тазару қабілетінен айырылған өзен болып табылады. 1 500 000 халқы мен ірі өндірістік орындары бар Қазақстанның оңтүстік астанасы болып есептелінетін Алматы қаласында су көп мөлшерде қолданылады. Құрамында әртүрлі: органикалық, металл, мұнай қалдықтары, жұғыш заттар мен баса дахимикаттары бар түрлі өндірістер мен ауыл шаруашылығында қолданылаған ағын сулары өте лас болып келеді. Сонынмен қатар ішуге жарамды сулардың көзі болып есептелінетін жерасты суы да ластанған, минерализацияның жоғарлауы, берілген концентрациядан асатын сульфат, хлорид мөлшері мен жоғары кермектілігін мысал ретінде айтуға болады. Қолданылатын судың лас болуы көптеген аурулардың негізгі көзі, өйткені сумен бірге ағзаға көптеген микроорганимздер мен химиялық қоспалар енеді. Судың керемектілігі мен минерализацияның жоғары, құрамындағы сулфатар мен хлорид мөлшерінің көп Алматы қаласының иұрғындарының өт пен бүйректе тастың көп мөлшерде жиналуына, асқорыту жүйесінің патологиясы мен жүрек ауруына әкеледі.
Алматы өзендерінің сапасына келетін болсақ, Кіші мен Улкен Алматинка II-III классқа жатады. Кіші Алматинка өзенінің ластану индексі 0,91(нитритті азот-1,51 ПДК, фторид-1,1 ПДК, мыс-1,77 ПДК, марганец-2,3 ПДК) және су таза болып есептелінеді, сондай-ақ құрамында нитратты, фенол, фторид, ауыр металл мен органикалық заттар бар. Ал Үлкен Алатинкада ластану индексі 2,0 (фторид-1,1 ПДК, мыс-1,27 ПДК,марганец-1,58 ПДК), яғни орташа ластанған. Есентай өзенінде келесі топ бойынша ПДК мөлшерінің артықекенін көруге болады: ауыр металлдар (мыс-1,5 ПДК, марганец-1,35 ПДК), биогенді заттар (нитритті азот-1,9 ПДК). Су сапасының төмендеуі азот нитрат мөлшерінің күрт жоғарлауы нәтижесінде орын алып отыр. Улы болып есептелінетін ауыр металлдар: кадмий, қорғасын, мыс, кобальт және т.б. осы өзендердің құрамынан табылды.
...