Қазақстандағы гендерлік саясат: қалыптасуы мен бүгінгі жәйі
Автор: Erbatir • Январь 31, 2018 • Дипломная работа • 18,104 Слов (73 Страниц) • 1,736 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих факультеті
Әмірханқызы Б.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қазақстандағы гендерлік саясат: қалыптасуы мен бүгінгі жәйі
050114-Тарих мамандығы
Ақтөбе 2013
Мазмұны
КІРІСПЕ...............................................................................................................3-8
І тарау. ӘЙЕЛ САЯСАТ СУБЬЕКТІСІ
(Шет ел тәжірбиесі).............................................................................................9
1.1 Гендерлік саясаттың теориялық негіздері............................................ 9-11
1.2 Батыс Еуропа елдері әйелдерінің саясатқа қатысуы................................12-17
1.3 ТМД елдерінде әйелдердің саяси белсенділігі мен қоғамдағы рөлі........................................................................................................................17-23
ІІ тарау. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК
САЯСАТТЫ ДАМЫТУ СТРАТЕГИЯСЫ
(әлеуметтік талдау).................................................................................................24
2.1 Қазақ этнологиясы мен гендерлік саясат...................................................24-26
2.2 Ұлттық гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат...................26-30
2.3 Қазақстанда әйелдерге қатысты гендерлік мәселелер және олардың шешілу жолдары..................................................................................................30-33
ІІІ тарау. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРДІҢ
САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІГІ.....................................................................................34
3.1 Сайлауға қатысу және сайлануға түсу....................................................34-42
3.2 Үкіметтің саясатын қолдау және оны жүзеге асыру...........................42-45
3.3 Үкіметтік емес ұйымдар мен ассоциядар қызметіне қатысу................45-51
Қорытынды........................................................................................................52-54
Пайдаланған деректер мен әдебиеттер тізімі.................................................55-58
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алып, егеменді мемлекетке айналуы еліміздегі демократиялық өзгерістердің саяси негізі болып табылады. Тоталитарлық тәртіп құрсауынан шыққан еліміз үшін либералды – демократиялық тәртіпке өту күрделі де, қарама-қайшылыққа толы қайта - құрулар арқылы жүзеге асуда.
Мінеки, осы демократиялық қайта- құруларда халықтың саяси қатысуының мәні зор. Себебі, “демократия” дегеніміздің өзі халық билігін білдіреді.
Еліміздегі демократиялық процестің маңызды бөлігінің бірі – ұлттық гендерлік саясат. Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген, 2006-2016 жылға арналған Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясы негізінен қоғам мен биліктің тиімді әркет ете отырып, ерлер мен әйелдер арасындағы теңдікке қол жеткізуге бағытталған. Мұндай бағдарлы құжаттың болғандығының өзі ел басшысының әйелдердің жағдайын нақты жақсартуға бағытталған саяси ниетін аңғартады және мемлекеттік саясаттың маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Біздің елімізде гендерлік теңдік мәселесінде белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді, сонымен қатар, нормативті-құқықтық база да жетілдірілуде. Қазірде еліміздегі жүргізіліп жатқан гендерлік саясатқа байланысты қабылданған заңдар мен бағдарламаларға қоғамның көзқарасы мен қабылдауы бір деңгейде еместігін байқауға болады.
1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституция бойынша “Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық” [1]. Мемлекеттік билік шынымен, яғни іс жүзінде халықтың басқаруға, халықпен таңдалған, әрі халық үшін қызмет жасайтын халықтық билікке айналуы үшін, халықтың саяси белсенділігі қоғам дамуының анықтаушы, әрі шешуші факторына айналуы қажет.
Демократиялық, азаматтық және саяси институттар өзінен - өзі жұмыс істеп кете алмайды. Олар қазіргі заман қоғамының сұрақтарына жауап қайтара алатын әлеуметтік, экономикалық, саяси бағыттардан терең хабары бар адамдарға мұқтаж. Қазіргі заманғы мемлекеттерге қоғамдық істерге белсенді қатысатын, өздерінің құқықтарын пайдалана алатын және өздерінің ұлттық, мемлекеттік бірлестіктің мүшесі ретіндегі міндеттерін орындай алатын азаматтар қажет.
...