Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәсіпорынның амортизациялық саясаты

Автор:   •  Март 28, 2018  •  Курсовая работа  •  18,229 Слов (73 Страниц)  •  1,714 Просмотры

Страница 1 из 73

КІРІСПЕ

Нарықтық экономиканың қалыптасу жағдайында басты құраушысы еңбек құралдары болатын өндірістің материалдық-техникалық базасын сақтау, техникалық қаруландыру және оны әрі қарай дамыту қоғамның өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Соңғысы құндық сипатта әр түрлі шаруашылық субъектілеріне тән негізгі капитал ретінде қызмет етеді. Негізгі капитал өндірістік қолдану кезінде физикалық және моральдық тозуға ұшырайды, оның орнын басу көзі – амортизациялық аударымдар. Есептелген амортизациялық сомалар заманауи ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін көрсеткен жаңа техниканы енгізуді қаржыландыруға арналады. Ғылым мен техника жетістіктерін сәтті жүзеге асыру көп жағдайда амортизациялық саясаттың бағыттары мен әдістеріне байланысты, ол еңбек құралдарын жаңғыртудың экономикалық жағдайларын қалыптастыруға тікелей әсер етеді. Керісінше, амортизациялық саясаттың экономикада жүретін нақты процестерге сай келмеуі негізгі капитал айналымында өзгерістерге, жаңа техниканы енгізу мен ескі техниканы шығаруда баяулыққа әкеледі.

Амортизация және амортизациялық саясат кез-келген мемлекеттің экономикасында өте маңызды роль атқарады. Ғылыми әдебиеттерде амортизацияның экономикалық категория ретінде мәні толық ашылмаған.

Амортизация, экономикалық категория ретінде келесі функцияларды атқарады:

  • негізгі өндіріс қорларын қарапайым және ішінара кеңейтіп қайта өндіру процесін қамтамасыз етеді;
  • негізгі қорлардың физикалық тозуын анықтайтын негіз болып табылады;
  • ұйымның өзіндік құны мен табысын есептеуге арналған база ретінде қызмет етеді;
  • негізгі қорлардың қарапайым қайта өндірілуін қаржыландыру көзі ретінде амортизациялық аударымдарды төлеуге арналған негіз болып табылады;
  • негізгі қорлардың жаңаруы мен айналымын реттеуші ретінде танылады.
  • Амортизация орындайтын функцияларды білмей, ғылыми негізделген амортизациялық саясатты дамыту және жүзеге асыру мүмкін емес.
  • Ғылыми экономикалық әдебиетте амортизациялық саясаттың мәні макро- және микродеңгейдеаз баяндалғандығын атап өту керек, бұл негізгі экономикалық теория мен нақты экономиканың дамуында маңызды кемшілік болып табылады.

Заманауи жағдайда негізгі капиталды қайта өндіруді талдау еңбек құралдарын жаңартуға арналған амортизациялық қорды қалыптастыру мен Солардың бірі Қазақстан экономикасына тиесілі инфляциялық процестер жағдайында негізгі капиталды қайта өндіру ерекшеліктерінесепке алу болып табылады. Еңбек құралдарын жаңартуға қажет жабдық пен басқа материалдық құндылықтар бағасының инфляциялық өсуі нәтижесінде, мекемелердің негізгі капиталының баланстық құны біршама уақыт өткеннен кейін жаңа бағалар жағдайында жасалған негізгі қорлардың ақшалай бағасымен салыстыруға келмейді. Пайдаланудағы еңбек құралдары мен станоктардың, машиналардың, механизмдердің нарықтық құны арасында айқын диспропорция пайда болады, оның бір көрінісі толық мекеменің немесе оның жеке құрылымдарының өндірістік қуатын бұрынғы деңгейде ұстап тұруға қажет амортизациялық сомалардың жетіспеушілігі болып табылады. Кәсіпорынның амортизациялық саясаты осы мәселелерді арналған.

Кәсіпорында жүргізілетін амортизациялық саясат негізгі өндірістік қорлардың физикалық және моральдық тозу деңгейіне, өндірістің техникалық деңгейі мен тиімділігіне ғана емес, сонымен қатар өнімнің өзіндік құнынының, салық төлемдерінің шамасына, яғни мекеме жұмысының қаржылық нәтижелеріне де әсер етеді. Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі осымен түсіндіріледі.

Амортизациялық саясаттың мекеме жұмысының қаржылық нәтижелеріне әсері әдебиетте нақты қарастырылса да, амортизациялық саясат пен өнімнің өзіндік құны арасындаға өзара байланыс толық ашылмаған.

...

Скачать:   txt (268.1 Kb)   pdf (818.7 Kb)   docx (209 Kb)  
Продолжить читать еще 72 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club