Экономикалық саясат
Автор: nurzhan12 • Март 16, 2018 • Реферат • 501 Слов (3 Страниц) • 1,438 Просмотры
Саясат ұғымы грек тілінен аударғанда «рolitiko» - басқару өнері деген мағына береді, демек «экономикалық саясат» түсінігі – экономиканы басқаруды білдіреді.
Экономикалық саясат – бұл елдің экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің ұстанған ұзақ мерзімді және ағымдағы мақсаттары, сондай-ақ осы мақсаттарға жетуді көздейтін іс-шаралар жиыны.
Экономикалық саясат тарихы экономика, мемлекет ғылымдары тарихы сияқты ертеден бастау алады. Адамзат дамуының тарихында бұл ұғым түрлі қоғам мүшелерінің қажеттіліктеріне байланысты өзінің негізгі функциясын орындап отырды. Экономикалық жүйенің типіне қарамастан экономикалық саясаттың басты субъектісі мемлекет болып қала береді. Сондықтан экономикалық саясат – бұл қашанда мемлекеттің экономикалық саясаты.
Экономикалық саясат пәні – экономиканы басқару аясындағы мемлекеттің мақсатты бағытталған іс-әрекетін зерттейді. Экономикалық саясат елдің тұрақты экономикалық даму үрдісіне ықпал ету мақсатымен нарықтық экономикада қолайлы жағдайлар туғызып, іс-шараларды орынды жүзеге асырудағы мемлекеттің ерекше қызметі болып табылады. Оның мақсаттары мен құралдары мемлекеттің негізгі міндеттерімен, экономикалық жүйенің типімен, ұлттық экономиканың нақты жағдайымен және әлемдік нарықтың жәй-күйімен тығыз байланыста өрбиді.
Экономикалық саясаттың мақсаттары:
• Экономикалық өсу мақсаты
• Толық жұмысбастылық мақсаты
• Экономикалық белсенділіктің өсу мақсаты
• Бағаның тұрақтылығы мақсаты
• Экономикалық еркіндікті, нақты шаруашылық тәртіпті қорғау және қолдау мақсаты
• Әлеуметтік қауіпсіздік пен тұрақтылық мақсаты
• Сыртқы сауда мен төлем балансының тепе-теңдігі, ұлттық валютаның тиімді бағамы мақсаты
Экономикалық саясаттың міндеттері:
- қалыпты әрекетті бәсекелестік үдерістерін қолдау;
- монетарлық тұрақсыздықтан абай болу немесе онымен күрес;
- конъюнктуралық ауытқуларды жұмсарту (икемдеу) және толық жұмысбастылықты сақтау;
ұлттық кәсіпорындардың халықаралық бәсекелестігін қамтамасыз ету;
- тұрақты экономикалық дамуды жүзеге асыру;
- қоршаған ортаны қорғау;
- интеграция;
- әлеуметтік қамтамасыздандыру
• Экономикалық өсу мақсаты – нарықтық және өтпелі экономика жағдайындағы әрбір ұлттық экономиканың түпкі мақсаты. Бұл мақсат елдегі ЖҰӨ көлемі мен халықтың өмір сүру жағдайына қарай нақтыланып, инвестициялық үрдістерді ынталандыруды, еңбек өнімділігін арттыруды, жұмыссыздықты қысқартуды, халықтың төлем қабілетті сұранысын қалыптастыруды көздейді.
...