Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Білім беру менеджментіндегі инновациялық қызмет және цифрландыру

Автор:   •  Май 3, 2023  •  Реферат  •  2,683 Слов (11 Страниц)  •  125 Просмотры

Страница 1 из 11

Білім беру менеджментіндегі инновациялық қызмет және цифрландыру

Б.С. Серікбол

Менеджмент кафедрасының 1-курс магистранты

baljan0999@mail.ru

академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, Қарағанды қ.

«3. Цифрлық және инклюзивті даму экономикасындағы басқарудың жаңа парадигмасы» бағыты бойынша

Түйіндеме: Өткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы Қазақстандағы білім беру жүйесі ескірген әдістемелік база жағдайында дамыды. Сол кездегі ЮНЕСКО жүргізген зерттеулер елдегі білім сапасының тұрақты төмендеу тенденциясын көрсетті. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі оқушыларды дербес өмірге дайындауға, болашаққа нақты жоспарларды қалыптастыруға бағытталмаған. Нәтижесінде түлектердің 30 пайызы ғана саналы түрде әрі қарайғы мамандықты таңдаған. Мектепке дейінгі бағыт беру, баланың бойындағы қабілетінашу шараларының жетіспеушілігі балалардың оқуға дайындығына кері әсерін тигізеді. Елдің экономикалық дамуының басталуымен үкімет білім деңгейіне көңіл бөлді. Оның сапасын арттыру және мемлекеттік және халықаралық стандарттар сұраныстарына сәйкестендіру үшін реформалар қолға алынды. 1999 жылдан бастап білім туралы заңға сәйкес ЮНЕСКО ұсынған халықаралық стандартты классификацияға сәйкес келетін жаңа білім беру жүйесіне көшу жүргізілді. Үздіксіздік пен сабақтастық принципін сақтау үшін білім берудің төрт деңгейі енгізілді: мектепке дейінгі, орта, жоғарғы және докторантура. Мақала мәні тек қана жоғарғы оқу орнында берілетін күрделі білімнің маңыздылығын ғана емес, мектепке дейінгі және орта білім беретін ұйымдардың ұйымдастырылу жүйесін, білім алу кезеңдерінің бір-бірімен өзара тығыз байланысын, баланың білім алуымен қатар дұрыс тәрбие сіңіруінде мектеп қабырғаларының өте маңызды роль атқаратындығын дәлелдеу болып табылады.

Бірінші бөлім бойынша білім алу кезеңдерінің дәстүрлі оқу бағытын саралап, талдау жасалынды. Кеңес заманынан қалған оқытудың тиімді тұстары мен қазіргі жаңашылдықты салыстыра отырып, кемшіліктері атап өтілді.

Екінші бөлім бойынша шет елдердегі білім беру жүйесінің тиімді әдістері зерттеліп, ұсынылды. Ондағы мақсат дәлелденген тәжірибені еліміздің білім жүйесіне енгізіп, көшбасшы елдердің стратегиялық даму жолдарын ұстану болып табылады.

Үшінші бөлім бойынша білім беру менеджментін цифрландыру бағыттары,  инновациялық дамыту жолдары ұсынылды. Заман ағымына орай жаңа тендецияларды қолдану әлеуметтік, экономикалық түрде тиімді болып табылады. Әлемдегі өзгерістерді жылдам игеріп, жастардың бойына тез сіңіру үшін бірнеше тиімді ұсыныстар жасадым.

Кілт сөздер: Білім беру менеджменті, білім алушы, жаңа тенденциялар, білім беру саласын цифрландыру, оқу орындары, шетелдік тәжірибе, сапаны басқару.

Мақала мәтіні:

  1. Бұл тақырыптың өзектілігі білім берудің кез келген мемлекеттің, соның ішінде Қазақстанның да дамуы үшін маңызды бағыттарының бірі болып табылуында және білім беру саласы ешқашан да бір орында тұрмайды. Әлеуметтік-экономикалық қайта құрулардың басталуымен қазақстандық жастардың алдында жаңа міндеттер тұрды, оларды шешу әрбір жастан әлемді жеке түсінуді және оларды өз өмірінде ұстануды талап етеді. «Жарқын, сапалы білім» тенденциясы – қазақстандық қоғамның ұлттық жобасы. Білім – өскелең ұрпақтың идеялық көзқарастарының ең жоғары құндылығы, басымдығы, ол қоғамның, адам капиталының әрі мотивациялық, әрі мәдени құрамдас бөлігі, қаржылық және рухани дағдарыстан шығудың жолы. Қазіргі жас үшін білім – басты құндылық, болмыс тәсілі. Қоғамның жоғары динамизмі, ақпараттың үлкен ағыны, адамдар арасындағы күрделі қарым-қатынастар қазіргі жастар меңгеруі тиіс құзыреттерді болжайды: өмір бойы білім алу қабілеті: «білім берудің үздіксіз үлгісі», «өмір бойы білім беру».

Қазақстанда білімнің рөлі ерекше және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуі үшін стратегиялық маңызды. Сондықтан Қазақстанға жаңа технологиялар заманына тән қажетті білім мен дағдысы бар жоғары білікті мамандар қажет. Дегенмен, кез келген мемлекеттің білім деңгейі ондағы университеттердің санына емес, білім сапасына байланысты [1].

...

Скачать:   txt (40.3 Kb)   pdf (188.1 Kb)   docx (240.3 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club