Механикалық жолмен тазарту әдісіӨңдеу
Автор: Nurji • Апрель 17, 2018 • Реферат • 4,701 Слов (19 Страниц) • 1,333 Просмотры
Өндірісте қолданылған суды, адам баласы тұрмыстық жағдайда қолданған суды органикалық және бейорганикалық қосылыстармен ластанған суды қалдық су деп атайды. Судың барлық су қоймасындағы мөлшерінен өндіріс қайтармай тек 5-10 % қолданады, ал қалған су ластанған турінде қайта су қоймасына жіберіледі. Қалдық суды су қоймасына жіберер алдын қалдық судың құрамындағы органикалық заттардың тотығуына еріген оттегі жұмсалады.Судағы еріген оттегінің кұрамы төмендейді, ал минералды заттың концентрациясының ұлғаюынан өсімдіктердің және жануарлардың, микроорганизмдердің су қоймасы арасында бекітілген тепе - теңдіктің бұзылуына әкеледі. Елімізде судың бетін ластанған қалдық судан қорғауға арнайы ереже бекітілген. Судағы еріген оттегінің мөлшері бойынша қалпына келтіруде, судағы өлшенген бөлшектердің, минералды компоненттердің және тағы басқалардың кұрамын қалпына келтіруде оттегін биохимиялық тұтыну бекітілген. Қалдық судың ластану дәрежесін тиімді бақылауда оттегінің биохимиялық тұтыну көрсеткіші кеңінен қолданылады, белгілі уақыттағы әр түрлі заттардың тотығуын оттегінің жұтқан мөлшері сипаттайды. литр ерітіндіге (мг О2/л) миллиграмм оттегінің биохимиялық тұтынуы (ОБТ) байқалады. Бес тәулік бойы ұсталған сынамада оттегінің биохимиялық 1 тұтынуының ОБТ5 өзгергені байқалады, 20 тәулік бойы сынамада оттегінің биохимиялық тұтынуының ОБТ20 - өзгергені байқалады және ОБТтол — барлық заттар толығымен тотығады. Қалдық су әр түрлі заттың күрделі қоспасы болып саналады, 200-ден 3000 мг 01/л (ОБТ) оттегінің биохимиялық тұтынуы болады, ал өзеннің таза суы үшін оттегін биохимиялық тұтыну 1 мг 01/л (ОБТ) тең болады. Тазартылған суды су коймасына, су жинағышқа жібергенде санитарлық нормаға сәйкес дәрежеде болуы тиіс, калдық суды тазартуда оттегінің биохимиялық тұтынуы болуы керек. Биотехнологиялық өндірістер сияқты басқа өндірістерде барлық технологиялык процестеріне байланысты судың үлкен көлемді шығыны жұмсалады. Мысалы, нан ашытқысын алатын зауытта өндірістік қалдық судың жалпы мөлшері жылына 80 мың тоннаны құрайтын болса, тәулігіне ашытқы өндіргендегі мөлшері 45-55 мың м3 құрайды екен. Қалдық судың құрамы және ластанган заттың концентрациясы биотехнологиялық өндірістен шығарылатын өнім биопрепаратқа байланысты. Сондай-ақ ашытқы - гидролиз өндірісінің қалдық суындағы фурфуролдың құрамы 50 мг/л концентрациясын құрайды, папринн-парафин өндіретін зауыттағы қалдық судағы ластанған заттың концентрациясының құрамы 600 мг/л құрайды. Биотехнология өндірісіндегі қалдық судағы кейбір ластанған заттардың құрамы келесідей көрсетілген мг/л:
өлшенген заттар 1000-2000
Азот 150 - 250
Фосфор (Р2О3 есеп бойынша) 30 - 50
ОБТтолық мг О2/л 2000 - 3000
Өндірістегі қалдық судың құрамы мен саны әр түрлі, сондықтан ластанғанды тазартуда тазарту әдісінің әр түрі қолданылады.
Қалдық суды тазартудың сызба - нұсқасын таңдауда, бірінші орында, су қоймасына түсетін қалдық суда ластарың аз мөлшерде болуын ойластыру және тазартылған қалдық суды технологиялық процеске барынша максимальды пайдалану. Бұл экологиялық мақсатта ғана емес және экономика жағынан да үнемдейді, олай болса қалдық суды тазартудағы арнайы құрылыстың шығыны, өндіріске жұмсалған барлық қаражат қорының 40-50% құрайды. Биотехнологиялық технологияда өндірістің тұйық технологиясын құру қалдықсыз өндіріс болып саналады. Ірі зауыттардағы қалдық суды тазарту жүйесі өндірістің технологиялық процесінің жалғасы болып саналады. Қалдық суды тазарту процесі құрамындағы ластанған ерітіндіні және өлшенген затты жою болып саналады. Қалдық суды тазарту әдісі бес топқа бөлінеді механикалық, физико-химиялық, химиялық, биологиялық, термиялық.
...