Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ауа тазартқыш және отын сорғылары

Автор:   •  Март 9, 2018  •  Доклад  •  807 Слов (4 Страниц)  •  3,039 Просмотры

Страница 1 из 4

Пән: Трактор және автомобиль құрылысы

Тақырып: Ауа тазартқыш және отын сорғылары.

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік – ауа тазартқыш және отын сорғыларының жұмыс принципімен таныстыра отырып білім беру, өзіндік қор жинауға дағдыландыру

2. Тәрбиелік – іскерлікке, ынтымақтыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

3. Дамыту – оқушылардың ой өрісін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ түрі: аралас сабақ, бекіту.

Оқыту әдістері: алдын – алу әдісі ,

Көрнекілік: П.Ж.Жүнісбеков «Автомобильдің құрылысы және пайдалануы» бет: 88

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу, түгендеу

2. Сабақты зерделеу:

Ауа тазартқыш.

Ауа құрамында көптеген газдардың – оттегінің, азоттың, сутегінің т.б болатыны белгілі. Отынны жануы үшін ауа құрамында массасына орай 23 %-ға жуық оттегі болады.

Егер ауаны тазартпаса, онда бір бір жұмыс ауысымында мотордың цилиндріне бірнеше килограм шаң түсуі мүмкін. Оның қатты бөліктері цилиндрдің, поршеньнің және басқа қажалатын, бөлшектердің жылдам тозуын тездетеді. Цилтһиндрге түсетін ауаны тазартпай автомобиль жұмыс істеуге жарамайды.

Ауа тазартқыштары сұйықты және құрғақ элементті болып екіге бөлінеді. Автомобиль моторларында көбінде құрғақ ауыстырмалы қағаз немесе картоннан жасалған фильтр элеметтерін қолданады. Ауа сүзгіштері қарапайым және термореттеуші болады.

Ауа сүзгісі сүзу корпусынан және сүзу элементтінен тұрады. Сүзгіш элементтің корпусы мен сүзу корпусы резенке аралық төсемемен нығыздалған.

6

Қарапайым (а) жэне термореттеуішті (б) ауа сузгісі (фильтрі):

1-қақпақ, 2- сүзгі, 3- енгізу клапаны, 4 – сорғы қалпақшасы, 5- диагфрагма, 6- сорғы корпусы, 7- қолмен енгізу білекшесі, 8- күйінтенін кері қайтару серіппесі, 9 –рычаг, 10- қолмен енгізу рычагі, 11- таяныш шайба, 12- итергіш, 13- сальник, 14- диагфрагма серіппесі, 15- шығару клапаны,16- таратқыш білік жұдырықшасының қарнағы.

Мотор жұмыс істеген кезде ауа сүзу корпусы мен сүзгіш элементке еніп, оны тазартады да цилиндрге бағытталады.

Отын сүзгісі. Әдетте автомобиль моторларында тізбекті түрде жұмыс істейтін ірі және майда тазалағыш сүзгісі орнатылады. Ірі тазарту сүзгісі отынды ірі механикалық қоспалардан тазартады.

Автомобиль отынының ірі тазарту сүзгісінде (тұндырғыш сүзгісінде) сүзгіш элемент ретінде қалыңдығы 0,15-мм алюминии тасалардан дайындалған пластиналар жиынтығы пайдаланылған.

Отын сүзгіге ендірі тесігі арқылы өтіп стаканға келеді. Отынның стакандағы қозғалу жылдамдығы отын откізішіндегі жылдамдықпен салыстырғанда кұрт азаятындықтан, су мен ірі механикалық қоспалар тұнады да түбіне шегеді. Тығын тұнбаның мезгіл-мезгіл ағызып тұру қызметін атқарады.

Одан соң отын пластиналар арасындағы саңылаулардан және пластинкадағы тесіктерден өткенде тазарылып, бұрап әкететін тесіктен шығады. 0,05 –мм –ден ірі болатын ұнтақтар сүзгіде қалып қояды.

Отынның майда тазарту сүзгісі. Отынның майда тазарту сүзгісі отынды өте механикалық қоспалар мен судан тазартады. Автомобиль отынының майда тазарту сүзгісін отын сорғысы мен карбюратор арасында орнатады. Сүзгі серіппеден, корпустан, тұндырғыш стаканнан және сүзгіш элементтен тұрады. Сүзгіш элемент рулон тәрізді оралған керамикалық немесе ұсақ тордан жасалуы мүмкін. Мотор жұмыс істеген кезде механикалық қоспалардың бір бөлігі шөгінді түрінде тұтандырғыш – стаканның түбіне шөгеді де, ал қалғандары сүзгіш элементте тұтылып қалады.

Автомобиль отынның майда

...

Скачать:   txt (12 Kb)   pdf (50.3 Kb)   docx (15.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club