Механикалық өңдеу тәртіптері. Кесу режимдерін есептеу. Операциялардың техникалық нормалары
Автор: Tamagotchi • Октябрь 12, 2023 • Лабораторная работа • 2,852 Слов (12 Страниц) • 164 Просмотры
Тәжірибелік сабақ №2
Механикалық өңдеу тәртіптері. Кесу режимдерін есептеу. Операциялардың техникалық нормалары
Жұмыстың мақсаты: кесу режимдерін және операциялардың уақыт нормаларын есептеу.
Орындау реті:
- Механикалық өңдеу тәртіптері. Кесу режимдерін есептеу.
- Операциялардың техникалық нормалары
Теориялық мәліметтер
- Механикалық өңдеу тәртіптері. Кесу режимдерін есептеу
Механикалық өңдеу тәртіптеріне келесі элементтер жатады:
- әдіп (һ, мм);
- кесу тереңдігі (t, мм);
- жүрістердің саны (i);
- беріліс (s, мм/айн);
- кесу жылдамдығы (vр , м/мин);
- бөлшектің немесе сайманның айналымы (n, айн/мин).
Әдіп (һ) –дайындаманың өңдейтін бетінен жонылатын қабаттың жалпы қалыңдығы
[pic 1] (1)
мұнда: [pic 2]–өңделетін беттің диаметрі, мм;
[pic 3] – өңделген беттің диаметрі, мм.
Кесу тереңдігі (t) – сайманның бір жүрістегі жонылатын қабаттың қалыңдығы. Бұл элемент бөлшектің сызудағы техникалық талаптары (дәлдік дәрежесі мен өңделген беттің кедір-бұдырлығына), дайындаманың түріне сай қабылданады. Механикалық өңдеуде берілген әдіпті (һ), бір жүрісте жонған дұрыс. Сонда [pic 4], бірақ өңделген беттің сапасы төмен болады. Таза жонуда кесу тереңдігі 1 мм-ден аспау керек.
Жүрістердің саны (i) – бұл жонылатын қабатты жону үшін, қабылданған кесу тереңдігіне сай, сайманның жүрістері
[pic 5] (2)
Беріліс (S) – өңделетін беттің бойымен (Sпр) немесе көлденең (Sпоп), сайманның жылжуы. Бұл элемент өңделген беттің кедір-бұдырлығына, кесу тереңдігіне және өңдейтін беттің диаметріне байланысты қабылданады.
Кесу жылдамдығы (vр) – бұл өңделетін бөлшектің металл сапасына, сайманның материалына, кесу тереңдігіне және беріліске сай қабылданады.
Бөлшектің немесе сайманның айналымы (n) төмендегі формуламен анықталады
[pic 6] (3)
мұнда: vр–кесу жылдамдығы, м/мин;
[pic 7] – өңделген беттің диаметрі, мм.
Ауыл шаруашылығының жөндеу кәсіпорындарында токарь-винткескіш станоктарында бұранда кесуде кескіш, метчик және плашкалар қолданылады.Кескішлпен сыртқы және ішкі кескіштерді кесу барысында дәлдігі жоғары, бұранда беті таза, бірақ өнімділігі төмен болады.
Бұранда кесу барысында режимнің негізгі элементтері – жылдамдық пен жүрістер саны. Берілісті бұранда қадамы бойынша таңдайды. Р9 жылдам кесетін болаттан жасалған кескішпен бекітуші метрлік және трапецеидальды бұранданы кесу барысында жүрістер санын бұранда қадамы мен өңделетін материалға байланысты 31 кесте [3] таңдаймыз.
Бұранданы қатты қорытпалы пластинкасы бар кескіштермен өңдеу барысындағы жүрістер саны 32 кесте [3] бойынша анықталады.
31 және 32 кестелердегі жүрістер саны бекітуші метрлік бұранданы дәлдік дәрежесі ІІІ класс бойынша және орташа трапецеидальды бұранданы кесу жағдайына ғана арналған. Бекітуші метрлік бұранданы дәлдік дәрежесі ІІ класс бойынша және дәл трапецеидальды бұранданы кесу үшін, үш-төрт таза жүрістер жүргізу қажет.
2. Операциялардың техникалық нормалары
Бөлшекті жасау технологиялық процесінде әр – түрлі операциялар орындалады. Бөлек операцияны орындау үшін жұмсалатын техникалық уақыт нормасы келесі формуламен есептеледі:
...