Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Екінші деңгейлі банктер және парабанктік институттар

Автор:   •  Март 28, 2018  •  Реферат  •  1,326 Слов (6 Страниц)  •  3,459 Просмотры

Страница 1 из 6

Тақырып №8 Екінші деңгейлі банктер және парабанктік институттар

Мақсат: ҚР банк жүйесімен, оның экономикадағы рөлімен, банк типтерімен оның қызметін ұйымдастырудың негізгі принциптерімен   таныстыру.

Жоспар:

1. Банктердің пайда болуы және олардың эволюциясы. Экономиканың  дамуындағы банктердің функциялары және рөлі.

2. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің қызметінің заңнамалық негіздері. Ұлғаймалы өндіріс үрдісіне екінші деңгейлі банктердің қатысуы.

3.Меншікті,тартылған және қарыз құралдары есебінен ресурстарды қалыптастыру. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің пассивті операциялары. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің активті операцияларының негізгі түрлері. Парабанктік институттар және Қазақстан Республикасында олардың қызмет ету тәжірибесі.        

1. Банк жүйесі кредит жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды құрамдық бөлігі. Банк жүйесі арқылы экономиканың барлық салалары қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі, өндірістің қарқынды өсуіне жағдай туғызылады.

Банк және оның қызметтері туралы ғылми  кітаптарда, әдебиеттерде бірнеше ғылми көзқарастар көп. Бір авторлар банкті – мекеме, екіншілері – ұйым, экономиканы басқару органы, делдалдар деп қарастырады. Проф. Сейтқасымов Ғ.С. банктің мәнін макродеңгейелік  көзқараспен ашу қажеттігін  айтады. Үйткені банк мекеме (учреждение) де,  ұйым (организация) да емес, банк өзіне бекітілген нақты қызметтерді атқаратын қаржы институты деп тұжырымдайды.

Банктің мәні  теориясының маңызды бөліміне оның қызметтері туралы ғылми көзқарастарды жатқызуға болады. Банк, басқа қаржы институттарына қарағанда, тек банкке тән қызметтерді орындайды.   Бұл арада да біркелкі көзқарас жоқ.  Ресейдің белгілі экономисі О.И. Лаврушин осы көзқарасты банк  іс – тәжрибесіне жақынырыақ  тұжырымдайтын сияқты. Ол  банктің мынадай  үш қызметін көрсетеді:

1) бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оны өзіне емес, экономикадағы басқа субъектілерге қайтадан  бөлу қызметі;      

2) ақша айналымын реттеу функциясы; яғни банк арқылы экономикада  қаржылық есеп – айрысу, ақша айналысы, капитал қозғалысы жүргізіледі;

3) делдалдық қызмет; бұл қызмет тек қана төлем жүргізудегі делдалдық емес. Банк арқылы  экономикада ақшалай қаражат, капитал бір субъектіден, екіншіге, шаруашылықтың  бір саласынан  екінші салаға ауысып отырады;  яғни  қаржы ресурстарының жинақталып, ауысып отыруына мүмкіншілік туады.        

Банк жүйесінің өзіне тән ерекшеліктері де бар. Оларға Лаврушиннің О.И. айтуынша мыналар жатады:

 - орталық банкке бағына отырып, коммерциялық банктер әрқашан өзара іс – қимылда болады. Олардың арасында кездейсоқ элементтер болмайды;

 - банк жүйесі үнемі даму үстіндегі жүйе, ол жаңа элементтермен, байланыстармен толығуы мүмкін. Жаңа  кредит түрі немесе қаржы  институттары пайда болуы мүмкін;

- банк жүйесі өзін - өзі реттейтін, ұйымдастыратын жүйе. Экономикадағы жағдайға байланысты ол да өзінің саясатын қайтадан қарастырып отырады;

- банк жүйесі басқарылатын жүйе. Ол арнайы банк заңдарымен жұмыс істейді, солармен реттеледі, орталық атқару және өкілеттік органдарға бағынады.

Банк жүйесінің аталған барлық белгілері ҚР – банк жүйесіне де бар. «ҚР банктер  және банк қызметі туралы» заңында былайша жазылған.

2. ҚР – да  екі деңгейлі банк жүйесі қызмет атқарады. Ұлттық банк –мемлекеттің Орталық банкі;

Айрықша мәртебесі бар Қазақстан даму банкісін қоспағанда барлық басқа банктер банк жүйесінің екінші деңгейін құрайды;

 Шетелдік қатысушылары бар банкілерге:   үштен бір акциялары

а) ҚР резидент еместерінің,

б) ҚР – ның резиденттері, бірақ 50 %- дан артық акциялары резидент емес тұлғалардікі,

...

Скачать:   txt (20 Kb)   pdf (226.7 Kb)   docx (16 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club