Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары

Автор:   •  Октябрь 8, 2020  •  Контрольная работа  •  795 Слов (4 Страниц)  •  934 Просмотры

Страница 1 из 4

Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары

Оксидтер

  1. Бейорганикалық  қосылыстардың   маңызды  кластары: оксидтер, негіздер, қышқылдар, тұздар
  2. Екі  элементтен  құралып, бірі оттек болып келетін қүрделі заттар  - оксидтер 
  3. Оксидтер үшке бөлінеді: негіздік  оксидтер, қышқылдық  оксидтер, екідайлы(амфотерлі) оксидтер
  4. Метал мен оттектен тұратын күрделі зат – негіздік оксид 
  5. Бейметал  мен оттен тұратын күрделі зат – қышқылдық оксид
  6. Екідайлы оксидтер: Al2O3 , ZnO
  7. Оксидтердің жіктелуі:  тұз түзбейтін оксид , тұз түзетін оксидтер 
  8. Тұз түзбейтіндер: NO,  CO
  9. Тұз түзетіндер: негіздік оксидтер, қышқылдық оксидтер, екідайлы оксидтер 
  10. Агрегаттық күйлері: қатты (CuO, MgO, Fe2О3 ); газ (SO2 , CO2); сұйық
  11. Оксидтерді алу жолдары :  жай және күрделі заттарды жандыру; валенттілігі төмен     оксидтерді тотықтыру; суда ерімейтін негіздерді қыздыру; тұздарды қыздырып айыру
  12. жай және күрделі заттарды жандыру : С +О2 = CO2 ;

CH4+ 2O2= CO2+ 2H2O

  1. валенттілігі төмен     оксидтерді тотықтыру : 4FeO + O2= 2Fe2O3
  2. суда ерімейтін негіздерді қыздыру : Cu(OH)2 = CuO +H2O
  3. тұздарды қыздырып айыру: CaCO3= CaO+ CO2
  4. Негіздік оксидтер сумен әрекеттесіп түзеді – негіз

CaO + H2O =  Ca(OH)2

  1. Негіздік оксидтер қышқылдармен әрекеттесіп  -  тұз бен су түзеді

BaO + 2HCl= BaCl2 + H2O

  1. Негіздік және қышқылдық оксидтер өзара әрекеттесіп – Тұз  түзеді

CaO+ CO2= CaCO3

  1. Қышқылдық оксидтер сумен әрекеттескенде  - оттекті қышқыл түзеді 

SO3+ H2O= H2SO4

  1. Қышқылдық оксидтер сілтімен әрекеттесіп түзеді – тұз бен су

2NaOH+ SO2= Na2SO3 + H2O

  1. Суда ерімейтін, қатты қйде болатын негіздік  те , қышқылдық та  қасиет көрсететін күрделі заттар – екідайлы оксидтер 
  2. Оларға :  ZnO, Al2O3 , Cr2O3 , BeO жатады.
  3. Екідайлы оксидтер қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттескенде : тұз бен су түзеді

ZnO +2 NaOH = Na2ZnO2 + H2O

  1. Жүнді, жібекті ағартуда, жидектерді консервілеп сақтауда қолданылатын оксид : SO2
  2. Құрғақ мұз - CO2
  3. Шыны, кәрлен алуда – SiO2
  4. Бояу жасауда  - ZnO(ақ),  Cr2O3 (жасыл)

Негіздер

  1. Жалпы формуласы  - Me(OH)n 
  2. Негіздер жіктеледі: суда еритіндер, суда ерімейтіндер, екідайлылар
  3. Суда еритін негіздерді алу:  белсенді металдарды тікелей сумен әрекеттестіру; белсенді металл оксидтерін сумен әрекеттестіру; металл күйіндегі натрий мен калийді суда еріту 
  4. Суда ерімейтін және екідайлы негіздерді алу: ерімтал тұздарына сілті қосу 
  5. Суда еритін сілті ерітінділері қолға тигенде сабын тәрізді білінеді және тері мен матаны күйдіретіндер – күйдіргіш сілтілер
  6. Индикатор түсін өзгертеді – лакмус көгереді; метилоранж сары түске ауысады; фенолфталеин таңқурай болады 
  7. Сілтілер мен қышқылдық оксидтер әрекеттескенде – тұз бен су
  8. Негіздер мен қышқылдар арасында жүретін реакция – бейтараптану
  9. Сілті мен металл тұздары әрекеттесіп – жаңа тұз бен ерімейтін негіз түзеді
  10. Ерімейтін негіздерді қыздырғанда : оксидтер мен су бөлінеді
  11. Екідайлы негіздер қышқылмен де , сілтімен де әрекеттесіп: тұз бен су түзеді
  12. Сілтілер – қыздыруға төзімді, ыдырамайды

Қышқылдар

  1. Сутек атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын қосылыстар – қышқылдар 
  2. Құрамындағы сутектің санына қарай бөлінеді: бір-, екі-, үшнегізді
  3. Қышқылдар бөлінеді: оттекті , оттексіз
  4. Қышқыл құрамында оттегі болмайтын қышқыл – оттексіз
  5. Қышқылдық оксидтер сумен әрекеттескенде  - оттекті қышқыл түзеді
  6. Сутекпен бейметаллды тікелей әрекеттестіріп алады: оттексіз қышқыл
  7. Кейбір қышқылдарды алу( HNO3 , HCl) – қатты тұзға концентрлі күкірт қышқылымен әсер ету
  8. Индикатор түсін өзгертеді – лакмус қызарады, метилоранж қызғылт түске боялады
  9. Электрохимиялық кернеу қатарында сутекке дейін орналасқан металдар қышқылдармен әрекеттескенде – сутек газы мен тұз бөлінеді 
  10. Қышқыл негіздік оксидпен немесе негізбен  әрекеттескенде – тұз бен су түзеді
  11. Алмасу реакциясы – қышқылдар мен тұздардың арасында жүреді

Тұздар

  1. Тұздар – молекуласы метлл атомы және қышықыл қалдығанан тұратын күрделі заттар
  2. Тұздар жіктеледі: орта тұздар, қышқыл тұздар, негіздік тұздар 
  3. Қышқыл құрамындағы сутек атомы металл атомдарына алмасқан тұздар  – орта тұздар
  4. Қышқыл құрамындағы сутек атомдарын металл атомдары түгел алмастырмаған тұздар – қышқыл тұздар
  5. Негіздердің құрамындағы гидроксид топтарын қышқыл қалдықтары түгел алмастырмаған өнім – негіздік тұздар 
  6. Қышқыл тұздарын атау үшін қышқыл қалдығының алдына – «гидро» сөзі қосылады
  7. Негізді тұздарды атауға  -« гидроксо» сөзі қосылады 
  8. Тұздарды алу жолдары: металл мен бейметаллдың әрекеттесуі; негіздік оксид пен қышқылдық оксидтің әрекеттесуі; негіздік оксид пен қышқыл ; қышқылдық оксид пен негіз; қышқыл мен негіз; тұз бен қышқыл;  тұз бен негіз; металл мен қышқыл; белсенді метлл мен тұз әрекеттесуі
  9. Тұздың металлмен әрекеттесуі – жаңа тұз; металл

Zn + Hg(NO3)2 = Zn(NO3)2  + Hg

  1. Тұздың сілтімен әрекеттесуі – жаңа тұз ; жаңа ерімейтін негіз

CuCl2 + 2NaOH= 2NaCl + Cu(OH)2

  1. Қышқылдың тұзбен әрекеттесуі – жаңа ерімейтін тұз; жаңа қышқыл

CuSO4+ H2S = CuS + H2SO4

  1. Тұздардың өзара бір-  бірімен әрекеттесуі – жаңа ерімейтін тұз бен тұз бөлінеді

CaCl2 + Na2CO3 = CaCO3 + 2NaCl

  1. Тұздардың ыдырауы: оксидтер; CaCO3= CaO+ CO2
  2. Адам организміндегі тұз мөлшері – 5,5%
  3. Табиғи суларда тұз мөлшері – 0,1 – 3,5 %
  4. Құрылысқа қажетті тұздар – табиғаттағы әктас, мәрмәр, карбонаттар, силикаттар 
  5. Тыңайтқыш ретінде – нитраттар, фосфаттар
  6. Жеке класстардың өзара байланысы арқылы заттардың бір –біріне айнаулы – генетикалық байланыс

Сa 🡪 CaO🡪 Ca(OH)2 🡪 CaCl2

...

Скачать:   txt (9.4 Kb)   pdf (111.2 Kb)   docx (13.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club