Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары

Автор:   •  Октябрь 6, 2022  •  Курсовая работа  •  1,614 Слов (7 Страниц)  •  260 Просмотры

Страница 1 из 7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

М.АУЕЗОВ атындығы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары

                              Орындаған: Тілеужан Мадина

                           Тобы: ЕП-20-12к

                                    Қабылдаған: Сәуле Мұсаева

Шымкент 2021 ж.

Жоспар:

1. Химиялық қосылыстарының жіктелуі

2. Оксидтер. Құрамы және қасиеттері

3. Негіздер. Құрамы және қасиеттері

4. Қышқылдар.  Құрамы және қасиеттері

5. Тұздар.  Құрамы және қасиеттері

6. Кешенді қосылыстар


Бейорганикалық қосылыстарды негізгі 4 кластарға бөледі. Олар: оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар..

2. Оксидтер. Құрамы және қасиеттері

        2.1 Оксидтер дегеніміз екі элементтің атомдарынан тұратын, оның бірі оттек болатын күрделі заттар. Екінші элемент металл немесе металл еместер болуы мүмкін. Халықаралық номенклатура бойынша элементтердің оттекпен қосылысын оксидтер деп атайды. Физикалық қасиеттері жағынан оксидтер қатты (FeO), сұйық (N2O3) және газ (NO2) түрлерінде болады.

Барлық оксидтер химиялық қасиеттері бойынша тұз түзбейтін және тұз түзетін оксидтер деп екі топқа бөлінеді. Тұз түзбейтін оксидтер – химиялық қосылыстармен тікелей қосылып қышқылда, негізде түзбейді. Олар көп емес: N2O, NO, SіO, SO, CO. Тұз түзетін оксидтер – химиялық қосылыстармен тікелей қосылып тұздар түзеді. Олар төмендегіше үш топқа бөлінеді:

                                                             

Тұз түзетін оксидтер          

[pic 1][pic 2][pic 3]

Негіздік оксидтер           Қышқылдық оксидтер       Амфотерлі оксидтер                

                                                

         

        Негіздік оксидтер. Сумен қосылуынан шыққан гидраттары негіздер болатын немесе қышқылдармен әрекеттесіп тұздар түзетін оксидтерді негіздік оксидтер дейді. Мысалы, K2O, Na2O, FeO, MnO, Mn2O3 және т.б. негіздік оксидтер.

Қышқылдық оксидтер. Қышқылдық оксидтер дегеніміз сумен әрекеттесуінен түзілген гидраттары қышқыл болып келетін оксидтер.

        Қышқылдық оксидтерге негізінен металл еместердің оксидтері жатады. Мысалы, Mn2O7, MoO3, CrO3. Марганец (VІІ) оксиді сумен әрекеттесіп қышқыл түзеді:

                Mn2O7+H2O=2HMnO4 

        Амфотерлі оксидтер. Амфотерлі металдардың Be, Zn, Al, Ge оксидетрі де амфотерлі болады: BeO, ZnO, Al2O3, GeO.

        Көптеген металдардың аралық оң тотығу дәрежесіндегі оксидтері амфотерлік оксидтерге жатады. Мысалы, Cr2O3, Fe2O3, MnO2 және т.б. Мысалы, алюминий оксидінің амфотерлік қасиеттерін оның әрі қышқылмен, әрі негізбен әрекеттесуінен көруге болады:

                Al2O3+6HNO3=2Al(NO3)3+3H2O

                Al2O3+2KOH=2KАlO2+H2O

3. Негіздер. Құрамы және қасиеттері

        3.1 Негіздер  дегеніміз судағы ерітіндісінде металл катиондары мен гидроксид аниондарына ыдырайтын электролиттер:

                NaOH←→Na++OH-

 Халықаралық номенклатура бойынша негіздерді гидроксидтер деп атайды. Басқаша айтқанда н е г і з д е р  деп негіздік оксидтердің гидраттарын айтады.

        Негіздердің жалпы формуласы Me(OH)n. Мысалы, NaOH – бірқышқылдық негіз, Ca(OH)2  - екіқышқылдық негіз, Mn(OH)3  - үшқышқылдық негіз.

        Көптеген негіздер суда ерімейді. Сілтілік және сілтілік-жер металдардың гидроксидтері және аммоний гидроксиді суда ериді. Қышқылдық негіздер сатылы диссоциацияланады:

...

Скачать:   txt (14.5 Kb)   pdf (131.3 Kb)   docx (562.5 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club