Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бейорганикалық қосылыстарды алу және олардың қасиеттерін оқып үйрену

Автор:   •  Сентябрь 18, 2018  •  Лабораторная работа  •  968 Слов (4 Страниц)  •  2,200 Просмотры

Страница 1 из 4

                                    Лабораториялық жұмыс №1

Тақырыбы : Бейорганикалық қосылыстарды алу және олардың қасиеттерін оқып үйрену.

Зертханалық жұмыстардың мақсаты: Бірнеше тәжірибелер арқылы бейорганикалық қосылыстарды алу және олардың қасиеттерін оқып үйрену.

Реактивтер мен құралдар: химиялық реактивтер, прорбиркалар, металдар.

Зертханалық жұмыстың барысы: Тәжірибелерді орындау барысында байқағанымды түсіндіру және сәйкес реакция теңдеулерін құру. Реакция нәтижесінде түзілген тұнбалардың түстерін анықтау . Ракция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазып , қоррытынды шығару.

I.Оксидтерді алу және қасиеттерін оқып үйрену.

1-тәжірибе. Мыс оксидін алу.

Мыс сымын жаққыш жалынына ұстау керек. Сым түсі қалай өзгереді? Неге? Реакция теңдеуін жаз.

 2Cu + O2 → 2CuO

Сым түсі қара түске өзгереді.

2-тәжірибе. Көміртек диоксидін ( көмір қышқыл газын )  алу және оның қасиетін оқып үйрену.

Көміртек диоксидін Кипп апаратында мраморды тұз қышқылымен әрекеттестіріп алады.

Реакция мына теңдеу бойынша жүреді:

CaCO3 + 2HCl → CO2 + CaCl2 + H2O

Түзілген көміртек диоксидін мына пробирканың ішіне жібереді:

A ) ішінде дистельденген суы бар ; ерітіндіні лакмуспен тексереді.

Б ) ішінде кальций гидроксидінің ерітіндісі бар;

Байқағанды түсіндіріп , реакция теңдеулерін құру керек.

CO2 + Ca(OH)2 = CaCO3 + H2O

3-тәжірибе. Күкірт оксидін алу.

Метал қасықшаға күкірттің кішкентай түйіршігін салып, оны спирт жаққышқа қыздыр. Жанып тұрған күкірті бар қасықшаны колбаның ішіне қабырғасына , түбіне тигізбей жайлап салу керек. Күкірт жанып болған соң, қасықшаны шығарып, колбаға азғантай дистельденген су құйып, оны шайқа . Ерітіндіні лакмуспен тексер. Реакция теңдеуін жаз, түзілген оксидтің сипаттамасы қандай?

S + O2 [pic 1]SO2

Түзілген оксид – күкірттің (IV) оксиді - SO2 (күкіртті газ немесе күкірттің диоксиді), бұл түссіз, тұншықтырғыш өткір иісті газ.

4-тәжірибе. Мыс (II) оксидін және көміртек (IV) диоксидін алу.

Құрғақ пробиркаға азғантай мыс гидроксокарбонатын салу керек. Пробирканы көлбеу ұстап, оны тұз түгел ыдырағанша қыздыр. Пробиркада қалған заттың түсі қандай? Түзілген оксидтердің сипаттамасы қандай?

(CuOH)2 CO3= 2CuO+CO2+H2O

Пробиркада қалған зат қара түске өзгеріп , ұнтақ күйінде қалды. Ол - мыс (II) оксиді  CuO – қара түсті кристалл. Ал түзілген көміртек (IV) диоксиді СO2 – түссіз, аздап қышқылтым дәмі бар газ.  

5-тәжірибе. Темір (III) оксидін алу.

Темір (III) хлориді ерітіндісіне артық мөлшерде тамшылатып NaOH сілтісін темір (III) гидроксиді тұнба түрінде түскенше қосады. Түзілген тұнбаны спирт жаққыш арқылы қыздырады. Тұнбаның қараюын түсіндір және реакция теңдеуін жаз.

FeCl3 + 3NaOH → Fe(OH)3↓ + 3NaCl

Түзілген темір (III) гидроксидінің  Fe(OH)3↓ түсі қызыл қоңыр тұнба болып өзгереді. Түзілген тұнбаны спирт жаққыш арқылы қыздырғанда тұнба қарайып кетеді.

II. Гидроксидтерді алу және қасиеттерін оқып үйрену.

1-тәжірибе. Мырыш гидроксидін алу және оның қасиеттерін оқу..

Zn(NO3)2 тұзының ерітіндісіне NaOH сілті ерітіндісін, тұнба түсе бастағанша, қосу керек. Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жаз.

Zn(NO3)2+2NaOH=Zn(OH)2+2NaNO3

Zn(2+)+2NO3(-)+2Na(+)+2OH(-)=Zn(OH)2+2Na(+)+2NO3(-)
Zn(2+)+2OH(-)=Zn(OH)2

Ары қарай, мырыш гидроксидінің амфотерлік қасиеттерін зерттеуге кіріс, ол үшін тұнбаны екі пробиркаға бөліп, біреуіне HCl немесе HNO3 ерітіндісін, ал басқасына NaOH сілті ерітіндісін қосу керек. Байқалған құбылысты байқап, қорытынды жаса. Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жаз.

...

Скачать:   txt (12.8 Kb)   pdf (151.8 Kb)   docx (576.3 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club