Педагог- ұйымдастырушы
Автор: Kazybek Zhaksylyk • Апрель 6, 2018 • Реферат • 46,918 Слов (188 Страниц) • 3,596 Просмотры
Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы
Педагог-ұйымдастырушының бала тәрбиесіндегі рөлі
көмекші құрал
Педагог- ұйымдастырушы
Лауазымдық міндеттері:
Білім беру ұйымындағы және тұрғылықты жердегі оқушылардың жас ерекшелік және психологиялық ерешеліктерін қадағалайды, қажеттілігі мен қызығушылығына, олардың әртүрлі шығармашылық жұмыстарындағы істерінің жүзеге асуына жағдайлар жасайды. Жеке таланттардың ойлау және физикалық қабілетінің жетілуіне, өзінің жалпы мәдени қалыптасуына көмектеседі. Балалар мен ересектердің жан-жақты жұмысын, клуб, секция, үйірме, әуесқой бірлестіктерін, балалар мен жеткіншектермен жеке жұмыс жасауды ұйымдастырады. Бір бағыттағы: ғылыми-техникалық-шығармашылық-спорттық-туристік және т.б. басқарады. Ассосацияларға, қоғамдық ұйымдарға, қолданыстағы заңдарға сәйкес бала құқығын жүзеге асыруға қалыптастырады. Балалардың бос уақыттағы демалысы мен көңіл көтерулері үшін кештер, мерекелер, экскурсиялар, каникулярлық демалыстар ұйымдастырады. Мерекелер мен шаралар өткізу кезеңінде балалардың денсаулығы мен өміріне жауап береді.
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Бала құқығы туралы” Заңдарды және басқа білім беру мәселесі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді; педагогиканың, психологияның теориясына, жас ерекшелік физиологиясында, мектеп гигиенасын; пәнді оқытудың әдістемесі мен тәрбиелеу жұмысын; бағдарламалар мен оқулықтары; педагогикалық ғылымның және білімнің жетістіктерін; еңбек негізінің заңнамаларын, еңбек қорғаудың ережесі мен нормасын және техникалық қауіпсіздікті.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз маман біліктілігіне қойылатын талаптар:
Жұмыс стажына қойылмайтын талаптар бойынша жоғары кәсіптік білім;
Тиісті санат алу үшін қызметтерін айқындаумен бірге біліктілікке қойылатын талаптар:
Біліктілігі жогары деңгейдегі екінші санатты маман:
Ұйымдастырушы-оқытушысына қойылатын барлық талаптарға жауап беруге тиісті, сонымен қатар: балалар мен жеткіншектерді деференциялдық есеппен оқытуды ұйымдастыру және өз алдына пәннің әдістемесін өңдеу, балаларды тәрбиелеу процесінде жақсы нәтижелер көрсету, озық тәжрибелі қала, аудан мектептері мен әдістемелік бірлестіктердің жұмыстарына қатысу.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары педагогикалық білім және ұйымдастырушы-педагог қызметінде жұмыс стажы 3 жылдам кем болмауы тиіс мамандығы бойынша жоғарғы кәсіптік білімі және ұйымдастырушы-педагог қызметіндегі жұмыс стажы 4 жылдан кем болмауы тиіс;
Біліктілігі жоғары деңғейдегі бірінші санатты маман;
Екінші санатты ұйымдастырушы-оқытушысына қойылатын барлық талаптарға жауап беруге тиісті, сонымен қатар: тәрбиелеу жұмысының әдістемесін білуі тиіс; шығармашылық семинарларды басқара білу, озық педагогикалақ тәжірбиелерді жұмыс бабында қолдану қажет.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Жоғары педагогикалық білім және ұйымдастырушы-педагог қызметінде жұмыс стажы 4 жылдан кем болмауы тиіс; мамандығы бойынша жоғарғы кәсіптік білімі және ұйымдастырушы-педагог қызметіндегі жұмыс стажы 5 жылдан кем болмауы тиіс;
Біліктілігі жоғары деңғейдегі бірінші санатты маман;
Бірінші санатты ұйымдастырушы-оқытушысына қойылатын барлық талаптарға жауап беруге тиісті, сонымен қатар: ғылыми-зерттеу, эксперименттік жұмысы болуы тиіс; жаңа оқыту әдістемесі бойынша оқыту және оның апробациясы бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік педагогиканың өзекті проблемалары бойынша шығармашылық топтарды басқарады
...