ӨНДІРІСТІК ІС-ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП
Автор: Guliii • Март 30, 2018 • Реферат • 5,174 Слов (21 Страниц) • 11,316 Просмотры
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
География, жерге орналастыру және кадастр кафедрасы
ӨНДІРІСТІК ІС-ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША ЕСЕП
5В090300 – «Жерге орналастыру» мамандығы
(мерзімі: 29.05.2017 ж. - 02.07.2017 ж.)
Орындаған: «Жерге орналастыру»
мамандығының 3 курс студенті
Құрбанова Г.С.
Қабылдаған: Абдыгалиева С.С.
Алматы, 2017 ж.
МАЗМҰНЫ
I.КІРІСПЕ.................................................................................................................3
ІІ. НЕГІЗІГІ БӨЛІМ.................................................................................................4
1.«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ.....................................................4-5
1.1.«ЖЕР КАДАСТРЫ ЖӘНЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ» ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ.................5
1.2.ТОПЫРАҚ ЛАБОРАТОРИЯСЫНДА ҚАУІПСІЗДІК САҚТАУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ.............................................................................................7
1.2.1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР.........................................................................7-8
1.2.2. ҚЫШҚЫЛДАР ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕСІ.................................................................................................................8
2.ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА БАРЫСЫНДА АТҚАРЫЛҒЫН ЖҰМЫСТАР, ТОПЫРАҚ ТҮРЛЕРІНЕ АНАЛИЗ ЖАСАУ........................................................9
2.1.ТОПЫРАҚ МИНЕРАЛДАРЫМЕН ТАНЫСУ...............................9-12
2.2.ТОПЫРАҚ ТҮЗУШІ ЖЫНЫСТАР.....................................................13
2.3.ТОПЫРАҚТЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ....................14-15
2.4.ТОПЫРАҚТЫҢ ГРАНУЛОМЕТРИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ.......................................................................................................16-17
2.5.ГУМУС ҚЫШҚЫЛДАРЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ...........................18-19
2.6.ТОПЫРАҚТЫҢ СІҢІРУ ҚАСИЕТІ...............................................20-21
2.7.ТОПЫРАҚТЫҢ АГРЕГАТТЫ ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ....................22
3.ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАНЫҢ КҮНДЕЛІГІ .................................................23
III.ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................23
V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................24
IV.ҚОСЫМША......................................................................................................25
КІРІСПЕ
29.05.217 және 02.07.17ж аралығында өткен өндірістік практика - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаментінің «Жер мониторингі және іздестіру бөлімі» зертханасында жүргізілді. 5 апталық өндірістік практика барысында «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаменттің зертхана бөлімінің жай – күйімен таныса отырып, онда атқарылатын жұмыстар легін толық меңгеруге тырыстым. Еңбегім еш кетпеді десемде болады, себебі зертхана бөлімінде білікті мамандардың меңзеуімен онда атқарылатын жұмыстардың жай – жапсарын ұғына білдім. Жұмыс барысында өзіме тансық біраз дүниенің сырын аштым десем де болады. Зертханада Қазақстанның әртүрлі алуан өңірлерінің топырақ түрлеріне «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» департаменттің зертхана бөлімінде анализ жасайды. Осы зертхана бөлімінде маған еліміздің әралуан өңірлеріндегі топырақ түрлеріне анализ жасау мүмкіндігі туды. Бұл мүмкіндікті құр жібермей олардың жасалу мақсатын, анализді жасау барысын қағазға түсіріп, топырақ анализдерінің сырын ұғына отырып, өндірістік практиканың есебін жүргіздім. Өндірістік практика топырақ зертханасында өткендіктен, Жоғарғы оқу орнында алған білімімді шыңдап, Қазақстанның топырақ түрлерін «Топырақтану» пәні бойынша қайтадан танысып шықтым. Нәтижесінде жаңа жайттарға қанық болып, өндірістік практика есебінде осы Қазақстанның топырақ түрлеріне шолу жасап шықтым, әрі топырақтың маңыздылығында қозғап өттім. «Өндірістік іс – тәжірибе бойынша есепті» жазу барысында мекемеде маған берілген уақытты ұтымды пайдала отырып атқарған жұмыстар легін қамтып, мамандардың әрқайсысымен кеңесіп, алған білімімді қамтып, жаздым. Өндірістік іс – тәжірибе таң ертеңгі 9:00 мен 13:00 аралығында болды. Осы аралықта зертханадағы мамандардың нұсқауымен топыраққа қатысты анализдерді жүргіздім. Жүргізген анализдер барысын өндірістік практика есебінде толық қамтыдым десем де болады. Әрбір жүргізген анализдерімді есеп жазу ведомосіне тіркеп отырдым. Сондай – ақ осы анализдерді жасауда зертхана ережелерін қатаң сақтай отырып, жұмыс жасадым.
...