Тәжірибе кезінде орындалған жалпы жұмыстың сипаттамасы
Автор: aigerim4496 • Май 3, 2018 • Реферат • 16,914 Слов (68 Страниц) • 1,906 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЕУРАЗИЯ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
МЕМЛЕКЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
Есеп
Өндірістік тәжірибеден өту туралы
Тәжірибеден өтуші: Әлібекова Ә. А.
Тәжірибе жетекшісі: Қалдыбаев Қ. С.
Астана-2018
Мазмұны
- Кіріспе
- Тәжірибе кезінде орындалған жалпы жұмыстың сипаттамасы
- Қорытынды
- Қосымшалар
КІРІСПЕ
Мен, Әлібекова Әйгерім Асқарбекқызы, өндірістік тәжірибемді «Ғылым қоры» АҚ өттім. Тәжірибенің өту аралығы - 29.01.2018-07.04.2018 жж. Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым – тәжірибеден өтетін мекеменің құрылысымен, оның бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы технологиялармен, ақпараттық жүйелермен, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру. Мекеменің желілік байланыстарымен танысу және мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімімді практикалық тұрғыдан жасап көру. Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы өндірістік тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән ерекшеліктерімен танысып, солармен жұмыс істеу. Тәжірибе өту аралығында қойылатын талаптар:
- тәжірибеге арналған уақытты барынша пайдалану, жеке берілген тапсырмаларды толық орындау;
- «Ғылым қоры» АҚ негізгі нормативтік актілерімен танысу;
- жұмыстың орындалу тәртібі мен жүйесін зерттеу, жұмысты орындауда қажетті белсенділік таныту;
- «Ғылым қоры» АҚ қолданыстағы ішкі еңбек тәртібімен, қауіпсіздік техникасымен, еңбек қорғау ережелерімен танысу және сол бойынша жұмыс істеу;
- қажетті зерттеулерді жүргізіп, тәжірибе есебі үшін керекті мағлұматтарды жинау.
29-31.01.2018: «Ғылым қоры» АҚ ұжымымен, сондай-ақ «Акционерлік қоғам туралы» Заңымен таныстым. Бұл Заң акционерлік қоғамның құқықтық жағдайын, құрылу, қызмет, қайта ұйымдастырылу және таратылу тәртібін; акционерлердің құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі шараларды; акционерлік қоғам органдарының құзыретін, құрылу және жұмыс істеу тәртібін; оның лауазымды адамдарының өкілеттігін, сайлану тәртібін және жауапкершілігін белгілейді. «Акционерлік қоғам туралы» Заң Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген. Бұл Заңның ережелері Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып қолданылады.
«Акционерлік қоғам туралы» Заңның ережелері Ұлттық әл-ауқат қорына және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына және егер «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, ол бақылайтын өзге де заңды тұлғаларға қолданылады.
Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта бұл Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам (бұдан әрі - қоғам) деп танылады. Қоғамның өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының міндеттемелерін қоспағанда, қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауаптылықта болады.
Қоғамның акционері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына қатысты, оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі субсидиарлық жауаптылықта болады.
...