Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Окушылардын шыfармашылык кабiлетiн дамыту ушiн сандык ресурстарды куру жене колдану

Автор:   •  Апрель 19, 2018  •  Доклад  •  730 Слов (3 Страниц)  •  739 Просмотры

Страница 1 из 3

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ҮШІН САНДЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ҚҰРУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ

«Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.[1]

Көрнекті психолог Л.Выготский:«Шығармашылық» деп − жаңалық ашатын әрекетті атаған.[2] Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер табуға ұмтылу деп айтуға толық негіз бар. Шығармашылыққа жаңа, тың нәрсе жасау тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тән құбылыс деуге болады. Шығармашылық әрекетке – оқушының проблеманы көре білуі, өз іс-әрекетінің бағдарламасын жасай білуі және ойды іске асыру үшін жаңа идеялар тудыра алуы жатады.[1]

Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Осындай ерекше мәнге ие болып отырған кезде бүгінгі мектеп алдында оқушыларға білім берумен қатар, олардың ақыл-ой белсенділігін, шығармашылық іс-әрекетін дамыту мәселесі тұр. Осы жерде оқушының танымдық сұранысын туғызатын, оның іс-әрекетінің шығармашылық сипатқа ие болуын қамтамасыз ететін шығармашылық тапсырманы шығарудың мәні зор.

Компьютердің мұғалімдердің оқу процесін, сыныптан тыс жұмыстарды, әртүрлі шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруда берер көмегі көп екені аз айтылып, аз жазылып жүрген жоқ.

Мектеп өміріне компьютердің келгеніне біраз жыл өтті, осы жылдарда оқу процесінде есептеуіш техникаларды қолданудың тұжырымдамалары бірінің орнын бірі алмастыруда. Компьютерлік бағдарламалар ғана емес, компьютерлік техниканың жаңа түрлері қолданысқа енуде. Ал, бүгінде бізге Сандық Білім беру Ресурстарын жасау және пайдалану қажеттігі туындады.

Сандық білім беру ресурстары - мультимедиалық дыбысталған презентациялар, сандық форматқа айналдырылған мәтіндер, интерактивті тапсырмалар мен белгілі бір тақырып бойынша тестілеу бағдарламалары түріндегі интерактивті кешен.[3]

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде көрсетілгендей[1]:

1.Өз бетімен оқуға, жұмыстануға дағдыланады.

2.Шығармашылық ізденіске жетелейді.

3.Өз ісіне деген сенім пайда болады.

4.Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.

5.Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.

6.Шығармашылдық белсенділік артады.

Ал, енді шығармашылық қабілетті дамытуға біршама көмек көрсететін сандық білім ресурстарын айта кетсем:

Сodecademy- интерактивті онлайн-платформа. Негізінен веб-технологияларға бағытталған. Ең басты артықшылығы интерактивтілігінде, яғни, сайттан ешқайда кетпей кодтарды жазуға және тексеруге болады. Қазірде негізінен html, css, javascript, python, ruby, php, jquery бойынша курстар бар. Егер веб-бағдарламалаумен енді танысып бастап жатсаңыз, осы ресурстан бастаған дұрыс.

2014 жылдың қаңтарынан 24 млн қолданушысы бар платформа. Олар 100 млн-нан астам жаттығулар орындаған. Әр қолданушының өз профилі және өзінің жеке курсын жасау мүмкіндігі қарастырылған.[4]

Tynker- балаларға арналған бағдарламалау тілін үйрену үшін ең оңай жол болып табылады.

Дамытушылығы:

  1. Тану, мәселелерді шешу, дәйектілік, кеңістіктіктегі визуализация, алгоритмдік ойлау.
  2. реттілік, қайталау және шартты логика сияқты ұғымдарды танымдайды.
  3. бұрыштар мен сызықтар салу үшін бағдарламаны пайдалана отырып, оқушының геометриялық негізін күшейтеді.

Қазіргі таңда, бұл бағдарламаны әлем бойынша 31 млн балалар, 50 мың мектеп пайдаланады, сонымен қатар, 1.8 миллиард кодтар желісі бар.[5]

Tynker бағдарламасын қолдана отырып балалар  өздері төмендегідей ойын түрлерінің кодтарын жаза алады:[5]

...

Скачать:   txt (11.5 Kb)   pdf (123.8 Kb)   docx (16.1 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club