Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенінің құрлымдық бөліктері

Автор:   •  Апрель 1, 2018  •  Реферат  •  12,146 Слов (49 Страниц)  •  1,602 Просмотры

Страница 1 из 49

Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................................1

1 Тарау. Дүние жүзінің отын-энергетикалық кешені..................................

2 Тарау. Отын-энергетика кешенінің табиғи-ресурстық потенциалы........

3 Тарау Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенінің құрлымдық бөліктері....................................................................................

3.1 Көмір өнеркәсібі......................................................................................

3.2 Мұнай және газ өнеркәсібі......................................................................

3.3 Электрэнергетика....................................................................................

Қорытынды...................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................

Кіріспе

Отын-энергетикалық кешен отын өнеркәсібі мен электр энергетикасын біріктіреді. Оның негізгі міндеті халықты, шаруашылықтың барлық салаларын қамтамасыз ету үшін энергияның әр түрін өндіру және сыртқа шығару. Отын-энергетикалық кешені отынды өндіру мен оны алғашқы өңдеуді, электр энергиясы мен жылу өндіру, оларды тұтынушыларға электр жеткізу желісі мен құбыр арқылы жеткізіп беру процестерін қамтиды.

Отын-энергетика кешені еліміздегі барлық шаруашылық жұмыстарын қамтып, еңбек өнімділігін арттыруға көмектеседі.

Қазақстанның Отын-энергетикалық кешен жоғары өсу қарқыны, күрделі жұмсалымға тартымдылығы, басқа салааралық кешендермен тығыз байланысы ерекшелендіреді. Оның үлесіне барлық өнеркәсіп жұмыс-шыларының 20%-ы және күрделі жұмсалымның 2/3 бөлігі тиеді. Отын-энергетика кешені - металлургия өнімдерінің ірі тұтынушысы. Оның тапсырыстарын ірі машина жасау зауыттары орындайды. Отын темір жолмен тасымалданатын жүктің жартысынан көбін және су көлігі жүктерінің 9/10 бөлігін құрайды.

Кешеннің ауданды қалыптастырудағы рөлі зор: энергетикалық көздер өндірісті «тартып», қалалар мен кенттердің өсуіне серпін береді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты ел экономикасының маңызды бөлігі – отын-энергетикалық кешенінде жүзеге асқан және болып жатқан құрлымдық өзгерістерді анықтау.

Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер қойылды:

Бірінші Қазақстан Республикасының отын-энергетика кешенін қалыптастырушы факторы болып табылатын – еліміздің табиғи-ресурстық потенциалын қарастыру.

Екінші еліміздің отын-энергетика кешенінің құрастырушы өнеркәсіп салаларындағы өзгерістерді анықтау және отын-энергетика кешенінің қазіргі жағдайын көрсету.

1-Тарау. Дүние жүзінің отын-энергетикалық кешені

Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі салаларының бірі — отын-энергетика кешені. Бастапқы энергетика байлықтарын дүние жүзі бойынша өндіру және тұтыну ұдайы өсіп келеді. Ол 1900 жыл 1 миллиард тонна шартты отыннан 1990 жыл 10 миллиард тоннаға дейін өсті, ал 2000 жыл 14 миллиард тоннаға жетті.
        Соңғы 200 жыл ішінде дүниежүзілік отын-энергетика өнеркәсібі өзінің дамуында басты екі кезеңнен өтті. 19 ғасырдың өн бойында және 20 ғасырдың 1-жартысында көмір кезеңі болды, яғни дүниежүзілік отын-энергетика балансының құрылымында көмір отыны басым болды. Одан кейін мұнай-газ кезеңі келді. Бұл — қатты отынмен салыстырғанда неғұрлым тиімді энергия көзі. 20 ғасырдың 80-жылдары дүниежүзілік энергетика өз дамуының 3-кезеңіне өтті, ол бірнеше ондаған жылдарға созылмақ. Бұл уақыт ішінде, негізінен, сарқылатын минералдық отын байлықтарын пайдаланудан гөрі қалпына келетін және сарқылмайтын байлықтарға (Күн, жел, атом энергиясы, т.б.) негізделген энергетикаға біртіндеп көшу жүзеге асуға тиіс.

Мұнай және газ өнеркәсібі


         Мұнай өнеркәсібі — дүниежүзілік шаруашылықтың Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды өркендеген саласы. Дүниежүзіндегі басты мұнай алаптары дамушы елдер аумағында орналасқан. Әлемдік нарықта бағасының ұдайы өзгеріске түсетіндігіне қарамастан, мұнай мен одан алынатын өнімдер стратегиялық маңызы бар ресурс болып отыр. Мұнайды көп мөлшерде өндіріп, шетке шығаратын елдердің халықаралық деңгейде айрықша орны бар, тіпті олардың геосаяси жағдайына мұнай қоры елеулі түрде ықпал етеді деуге болады. Мұнай өнеркәсібі — күшті монополияланған саланың бірі, дүниежүзі бойынша мұнай саласында АҚШ пен Батыс Еуропаның аса ірі ұлтаралық компаниялары жетекші орын алады. Бұған қарсы тұру мақсатында 1960 жылы мұнай экспорттайтын дамушы елдер арнайы ұйым (ОПЕК) құрды. Ұйымның негізгі мақсаты — осы ұйымға мүше елдердің мұнайды өндіру және сыртқа сатумен байланысты қызметін халықаралық деңгейде үйлестіру. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзінде өндірілген 3,5 млрд т (газ конденсатымен қоса) мұнайдың 40%-ға жуығы ОПЕК елдеріне тиесілі болды. Ресей әлемдегі жетекші мұнай өндіретін елдердің бірі.
Жан басына шаққанда мұнай өндіруден дүниежүзінде 
Кувейт 1-орын алады (2008 жылы — 54,6 т). Қазақстан Республикасында 2008 жылы 70,7 млн т мұнай өндірілді; жан басына шаққандағы көрсеткіш 4,36 т болды.

...

Скачать:   txt (172.2 Kb)   pdf (1.6 Mb)   docx (1.1 Mb)  
Продолжить читать еще 48 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club