Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Иіс сабын өндіру технологиясын зерттеу

Автор:   •  Сентябрь 29, 2021  •  Реферат  •  3,864 Слов (16 Страниц)  •  446 Просмотры

Страница 1 из 16

Иіс сабын өндіру технологиясын зерттеу

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

Мұнай өнімдерінен және майдан сабын алу жолдары

Қазақтың қара сабынын алаботадан алу технологиясы

     Үй жағдайында сабын алу технологиясы

СЖЗ-дың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсері.

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер.

І. Кіріспе

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында бірқатар тұрмыстық химия өндірісі бар, оның ішінде ең ірілері консервіленген жағдайда тұрып қалады. Жалпы алғанда жуғыш және тазалағыш құралдардың нарығында жуғыш құралдарды шығарумен айналысатын 20-дан астам қазақстандық компаниялар жұмыс жасайды. Синтетикалық жуғыш құралдарды қазақстандық өндірушілерінің тауар сұрыптамасын талдау нәтижесі бойынша осы компаниялар өндіретін өнімдердің 70-80 %-ын сұйық жуғыш құралдар құрайтыны анықталды.

Жуғыш құрал, детергент (лат. detergeo — «жуамын») — бір нәрсені кірден тазалауға көмектесетін құрал немесе қоспа. Қоспа-детергенттердің ең көп тараған үш түрі бар: сабын, кір жуғыш ұнтақ және сусабын. Жуғыш құралдарға әдетте синтетикалық жуғыш құралдар (СЖҚ) мен сабын, сондай-ақ олардың әрекетін толықтыратын: ағартқыштар, салқындатқыштар, кір жууға арналған тұздар, түсті қалпына келтіргіштер, жібітуге арналған құралдар, дақты кетіруге арналған құралдар жатады. СЖҚ-ның негізгі мақсаты – құралдарды, беттерді, матадан жасалған бұйымдарды және мата емес материалдарды әртүрлі тектегі ластанудан тазарту. Синтетикалық жуғыш құралдар (детергенттар) көпкомпонентті композиция болып табылады және сұйық, паста тәрізді және ұнтақ тәрізді болады. Олардың барлығының құрамында беттік-белсенді құралдар (ББҚ), сондай-ақ ББҚ-ның тиімділігін арттыратын органикалық және бейорганикалық құралдар бар.

Алғашқы детергенттер табиғатта кездесетін құралдардан алынған сабындар болды. Алайда май сабындардың кейбір кемшіліктері бар. Олардың жуғыш әсері негіздік ортада ғана пайда болады; кермек судың құрамында болатын кальцийлі және магнийлі тұздармен олар матаға тұнып қалатын және оны ластайтын жабысқақ ерімейтін тұздар түзеді. Сабынның құрамында болатын негіздер жүн және жібек матаның, сондай-ақ полиэфирлі талшықтан жасалған маталардың беріктігін төмендетеді, әсіресе жоғарғы температурада, сондай-ақматаның түсін өзгетуі мүмкін. Одан басқа, сабын үшін қажетті майлы шикі құрал тапшы тамақ өнімі болып табылады. Осылардың барлығы келесідей артықшылықтарға ие синтетикалық жуғыш құралдарды өндіруді және қолдануды дамытудың маңыздылығына себепші болады:1. СЖЗ өндірісі арзан шикі құрал негізіне – мұнай және газды қайта өңдеу өнімдеріне негізделген. Есептеулер СЖЗ өндіру шығыны 47%-дық кір сабын өндірісінің шығынының 65-70%-нан аспайтынын көрсетті. Синтетикалық жуғыш құралдар өндірісінің кең бағдарламасының жүзеге асуы көп көлемде тағамдық майды босатуға мүмкіндік береді. 2. СЖЗ кермек судың тұздарымен әрекеттеспейді немесе әрекеттескен кезде матадан оңай кететін қосылыстар береді. Көп СЖҚ жұмсақ, кермек, тіпті кейбірі теңіз суында да бірқалыпты жақсы жуады. Алайда, осы артықшылықтарына қарамастан, бұл өнімдер ағзамызды улап, қоршаған ортаны ластайтынын біріміз білсек, біріміз білмейміз. Мен ғылыми жобамда осы тақырыптар аясында біраз ізденіс жасадым. Таза табиғи орта “Қазақстан - 2030” стратегиясын жүзеге асыруда қоршаған ортамызды қорғауда азда болса өз үлесімді қосқым келеді.

ІІ. Негізгі бөлім

Мұнай өнімдерінен сабын алу жолдары.

Мұнай-көміртегілер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.

Соңғы кезде майды үнемдеу мақсатында сабын алу үшін мұнай өнімдері құрамындағы көмірсутектерден карбон қышқылын алады:

36Н74 + 5O2 → 4С17Н35СООН + 2Н2O

Түзілген қышқылдарды бейтараптау арқылы сабын алынады [7-8]

...

Скачать:   txt (54.9 Kb)   pdf (168.4 Kb)   docx (569.8 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club