Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Емдік-профилактикалық тамақтану

Автор:   •  Март 2, 2022  •  Реферат  •  3,209 Слов (13 Страниц)  •  1,454 Просмотры

Страница 1 из 13

Қазақ Ұлттық аграрлық Зерттеу Университеті

«Технология және биоресурстар» факултеті

«Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі» кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Емдік-профилактикалық тамақтану

Орындаған: Алиасқар Марал

Тобы:ТПП-310К ________________________

Қабылдаған: _________________

2021

Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  3. Емдік-профилактикалық тамақтану проблемасының тарихи және әлеуметтік аспектілері
  4. Емдік-профилактикалық тамақтану әсерінің негізгі принциптері.
  5. Емдік-профилактикалық тамақтанудың бөлек түрлерінің сипаттамасы.
  6. Еңбектін аса зиянды жағдайлары бар кәсіпорындарында емдік-профилактикалық тамақтануды ұйымдастыру
  7. Қорытынды
  8. Пайдаланылған әдебиеттер

Қандай да бір зиянды әсерлердің себепкері бола алатын құрылымдар мен аппаратурамен жұмыс істегенде техника қауіпсіздігінің сақталуына да ерекше зейін қойылады.

Осылайша кәсіби зияндылықтар профилактикасының негізгі-сыртқы ортаны сауықтандыру болып табылады, кәсіпорынның техникалық және санитарлық-гигиеналық жағдайлығы және де техника қауіпсіздігін қатал түрде сақтау.

Кәсіби зияндылықтардың кері әсерінің профилактикасындағы сыртқы ортаны сауықтандырумен қатар организмдегі сауықтандырудың маңызы зор, яғни бөгде затпен улану (интоксикация) және сәулеленуге қарсы тұрақтылығын жоғалту. Организмнің қорғаныс күшін жоғарлату шарасы әсіресе төменгі дозалар кумуляциясы салдарынан туатын (төменгі интенсивтік пен әсерліліктің) созылмалы әсердің профилактикасында тиімді болып табылады.

Организмді сауықтандыру мен оның қорғаныс механизмін жоғарлатуға бағытталған шаралардың алдыңғыларының бірі – емдік-профилактикалық тамақтану. Соңғы жылдардағы зерттеулердің мәліметтері бойынша, профилактикалық тамақтану адамның тек еңбек қабілеттілігін жоғарлатып қана қоймай, сонымен қатар қайсыбір кәсіби зияндылықтардың біртіндеп әсер етуінен дамитын организмдегі бұзылыстардың дәрежесі мен сипатын төмендетеді.

Емдік-профилактикалық тамақтану дегеніміз – организмнің белгілі бір кәсіптік зияндылықтарға қарсы күштерді жоғарлататын, арнайы бағытталған тамақтық элементтердің жиынтығы бар тамақтану. Ұтымды тамақтану организмде зиянды заттардың жинақталуын шектеп, олардың шығарылуын арттырады.

Қазіргі уақытта сапасыз тамақтану салдарынан әр түрлі кәсіби зияндылықтардың пайда болу дәрежесінің жоғарлағанын көрсететін статистикалық және тәжірибелік мәліметтер жеткілікті жиналды. Мөлшерлік және биологиылқ қатынастағы сапасыз тамақтану кезінде, кәсіби улану белгілері мейлінше ерте және ерекше ауыр түрде кездеседі.

Емдік-профилактикалық тамақтану бірқатар принциптерге сүйене отырып жасалу керек. Емдік-профилактикалық тамақтану тиімділігі:

  1. организмге химиялық немесе радиобелсенді заттардың енуіне кедергі жасай отырып физикалық барьерлердің қозғалыс қызметін арттыру;
  2. қолайсыз физикалық факторлардың әсерінен организмнің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  3. өнеркәсіптік улардың биотрансформациясын организмде әлсіз уытты алмасу өнімдерін түзуге бағытталған, тотығы, метилдену, дезаминде ж.т.б. биохимиялық процестер жолымен реттеу жағдайын тудыру;
  4. улардың немесе олардың алмасу өнімдерінің байланысу процестерімен организмнен шығуын тездету;
  5. өндірістің зиянды факторларынан зардап шеккен функционалдық күйді жақсарту бауырдың токсинге қарсы қызметін, әсіресе гепатотропты топқа жататын улардың әсерін арттыру;
  6. өндірістің зиянды факторының ықпалынан туатын тамақтық заттар жетіспеушілігін толықтыру, әсіресе организмде түзілмейтіндерін қамтамасыщ ету керек;
  7. организмнің ретттеу реакицясына қолайлы әсер туғызу, оның ішінде иммундық жүйенің нервтік және эндокриндік реттелуіне, зат алмасуына;
  8. организмнің жалпы қарсылық күшін, оның бейімделу қабілетін арттыру, көңіл-күйді жақсарту, жұмыс қабілетін арттыру, жалпы және кәсіби ауруларды азайту, белсенді өмірді ұзарту;
  9. емдік-профилактикалық тамақтанудың барлық түріне негізгі қойылатын талап – олардың жалпы биологиялық бағалығы физиологиялық қажеттілік деңгейде қамтамасыз ету керек;

Жақсы өңделгени профилактикалық тағам ыстық таңертеңгі ас немесе басқа бір ретті қолданыс үшін пайдаланғанда, егер оның сапасы биологиялық төмен және ұтымды болмаса, ол мақсатсыз да әсерсіз де болып табылады.

Кәсіби зияндылықтарға шалдығатын жұмысшылар контингенттері биологиялық тағаммен қамтамасыз ету, олардың профилактикалық бір ретті тағамды пайдалануынан да маңыздырақ.

...

Скачать:   txt (51.8 Kb)   pdf (147.6 Kb)   docx (24.4 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club