Диеталық және емдік профилактикалық тамақтану
Автор: B1b1nur • Апрель 1, 2024 • Реферат • 1,591 Слов (7 Страниц) • 117 Просмотры
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті
БӨЖ
Тақырыбы:Диеталық және емдік профилактикалық тамақтану
Орындаған:Изимова Бибінұр
Қабылдаған:Ералиева Сәуле
Тобы:ТПП 22-5
2023-2024жж
Жоспары:
- Диеталық және емдік тамақтануға түсінік
- Диета түрлері
- Емдік диеталардың сипаттамалары
- Емдік диета
- Емдік тамақтану принциптері
- Тарихы
1.Диета-(грек тілінен аударғанда тамақтану тәртібі)- адам тағамдарының қолданудағы ережелердің жиынтығы.Диета тағамның химиялық құрамы,физикалық қасиеті,оларды аспаздық өңдеу,қабылдауының уақыты мен жиілігі сияқты факторлармен сипатталады.
Диета түрлері
Нольдік диета — адам организміндегі қоректік қорын зат алмасу процесіне қатыстыру үшін қолданылатын толық ашықтыру курсы. Бұл диетаны ұстаған адамдар күніне үш литр сұйықтықтан басқа еш нәрсе қабылдамауы қажет. Дәрігерлердің қадағалауымен жүргізілетін диета.
Аткинс диетасы — XX ғасырдың 60-жылдары дәрігер Роберт Аткинс жасаған жоғары ақуызды, төмен көмірсулы диета.
Вегетариандьіқ диета — ет, балық, құс еттерін жемейтін диета. Вегетариан диетасының бірнеше деңгейі бар: вегетариандық — балық пен еттен басқаның барлығын жейтіндер;веганизм — мал өнімдерінің ешқайсысын дажемейді;шикілей жейтіндер: тағамдағы барлық энзимдер 46°С-та жойылатын болғандықтан, тағамдарды жылытпай жейді;
жеміс және жаңғақтар: экологиялық таза жемістерді жейтіндер;фрукториандықтар: тек жемістер ғана жейтіндер.
Зона диетасы — адам организміндегі инсулин деңгейін реттеу үшін 40% көмірсулардан, 30% ақуыздан, 30% майдан тұратын Барри Сире деген дәрігер жасаған диета.
Микробиотикалық диета — барлық тамақ өнімдерін инь (салқын, тәтті, бейтарап) және янь (ыстық, түзды, белсенді) деген категорияларға бөледі. Тек екі өнімдердің (көкөністер мен бұл жармалар) қасиеттері ерекшеленбеген. Бұл диета бойынша жоғарыдағы айтылган қасиеттері жоғары болса, ондай тағамдарды азырақ жеу қажет.
Қырыққабат сорпасы диетасы — әр түрлі қырыққабаттан дайындалған сорпалар ішілетін диета.
Орниш диетасы — жүрек ауруларының алдын алу үшін Дина Орниш деген дәрігердің жасаған диетасы. Бұл диетада аспаздық майлар мен мал өнімдерін жеуге болмайды. Бұлардан басқа қан типіне байланысты, майдың, тұздың, көмірсудың мөлшерлері аз болатын диеталар болады[2].
Диеталық тамақтану әр түрлі созылмалы аурулармен азап шегуші адамдардың жақсы көңіл күйін және жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді,сонымен қатар ауру құбылыстарының қайталануын және асқынып кетуін ескертеді.Бұл жүйеде 15 түрлі негізгі диета бар. № 1, 2, 5, 9, 10, 15 диеталар калориясы және химиялық құрамы бойынша балансты және тағамдық заттарға деген қажетсінуді толығымен қамтамасыз етеді. Сондықтан оларды аурулар ұзақ уақыт пайдалана береді. № 4, 5а, 8 және т.б. диеталар баланссыз рацион және ұзақ мерзімге пайдаланылмайды.
Емдік-профилактикалық тамақтану. Емдік-профилактикалық тамақтану организмнің төзімділігін, удың әсерінен пайда болған бұзылыстарға қарсы тұру қабілеттілігін жоғарылатады. Сонымен қатар ол жеке химиялық заттарға әсер көрсетіп, олардың жиналуынЕмдік тамақтану ауру адамды емдеу мақсатында белгіленеді. Емдік диета адам организміне әртүрлі әсер етеді. Ол заталмасу бұзылғанда, кейбір асқазан-ішек, бүйрек ауруларын емдейтін жалғыз ем болып табылады. Жүрек-тамыр жүйесі, нерв жүйесі, тері т.б. ауруларында емдік тамақтанумен қатар, емнің басқа да әдістерін белгілейді.
Емдік-профилактикалық тамақтану
Бұл тамақтанудың мақсаты – өндірістік жағдайдағы жағымсыз әсерлерге организмнің қарсыласуын көтеру және организмнен зиянды заттардың шығуына болысу. Ақысыз емдік-профилактикалық тамақтануға құқылы өндірістер мен мамандар – химиялық, түрлі түсті, қара металлургия, электротехникалық өндірістер.Емдік тамақтану аурудың түріне және деңгейіне байланысты және оны дәрігер диета түрінде белгілейді.
2. Емдік диеталардың сипаттамалары
№ 1 диета асқазан жарасында немесе ұлтабар ауруына шалдық- қанда, гастритте белгіленеді.
...