Статистикалық теориялық негіздері және оның басқа ғылымдармен байланысы
Автор: Dianaduisen • Февраль 25, 2024 • Реферат • 740 Слов (3 Страниц) • 175 Просмотры
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті[pic 1]
Экономика факультеті
Есеп және талдау кафедрасы
СӨЖ №1
Тақырыбы:
Статистикалық теориялық негіздері және оның басқа ғылымдармен байланысы
Тексерген: Кайранбеков Б.О.
Орындаған: Дүйсен Диана
Тобы: Есеп және аудит-21
Астана қ. 2023
Эссе
Статистиканың теориялық негіздері және оның басқа ғылымдармен байланысы
Қазіргі уақытта статистика сөзін естімеген, білмеген адам жоқ шығар. Себебі әлеуметтік желі, жаңалықтар, түрлі ғылыми диссертациялар және тағыда осы секілді түрлі жерлерде адам баласы «Статистикалық мәліметтерге сәйкес..», «Ғалымдарымыздың жүргізген статисткаларына сәйкес...», «Әлеуметтік желідегі статистикаға сәйкес» тіпті қазіргі заманауи тіл бойынша «Instagram, Tik-tok статистикаларына сәйкес» және тағы да осы секілді түрлі сөздерді естейді. Солай дей тұрсақ та, кейбіреулер "статистиканы" ешқандай маңызы жоқ тек сандарды білдіретін жай сала ретінде қарастырады. Алайда статистика сөзін , статистика ғылымын түсінген адам үшін статистика жай ғана термин емес барлық ғылымды қамтып, барлық саланың дамуына, мемлекеттің жетілуіне үлкен үлес қосатын кең ауқымдағы ғылымның бірі болып табылады. Ендіше бүгін статистиканың теориялық негіздері және оның басқа ғылымдармен байланысы туралы сөз қозғаймыз.
Статастика - қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін, ондағы сандық қарым-қатынастар мен заңдылықтарды сапалық тұрғыда байланыстыра отырып, оның белгілі-бір уақытта және қай жерде болғанын зерттейтін қоғамдық ғылым болып табылады. Осы ғылым болып табылатын «Статистика» термині латынның статус (status – күй-жай) деген сөзінен шыққан.Яғни қазақшаға аударғанда заттың, нәрсенің, құбылыстың жай-күйі деген мағынаны білдіреді. Бұл сөзді алғаш рет неміс ғалымы Готфрид Ахенваль 1749 жылы жарияланған мемлекеттану туралы ғылыми жұмысында қолданды. Екінші жағынан көп ғалымдарымыздың айтуы бойынша «Статистика» сөзі итальяның "stato" – мемлекет, statisto – мемлекеттің жағдайын жетік білу деген сөзінен шығады делінген. Алғашқы кезде бұл сөз мемлекеттің саяси жағдайы деген мағынаны білдірді. Ғылым ретінде статистика тек XVIII ғасырда пайда болғанмен, статистикалық есептің өте ертеден жүргізілгені белгілі. (Мысалы көне заманның өзінде-ақ халықты, малды, жерді, қалаларды есепке алып отырған). Ос аударымдарға сәйкес «Статистика» терминіне өзіміз қысқаша анықтама беретін болсақ статистика- адам баласы заттарды есепке алғаннан бастап пайда болған, мемлекеттің жай-күйін сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы. Олай дейтініміздің себебі статистика тек қана сандарды ғана қамтып қоймай барлық саладағы зерттеліп отырған объектінің сапалық көрсеткіштерін де көрсетеді.Мысалы кез-келген статистикалық мәліметті қарастырғанда сандық белгілердің жеке мәндері сан мөлшерінде беріледі. Мысалы, стипендия немесе айлық табыс мөлшер, жұмысшылардың саны, өндірген өнімдердің көлемі және т.с.с. Ал сапалық белгілердің жеке мәндері белгілі бір анықтама, ұғым түрінде беріледі. Мысалы, жұмысшылардың мамандығы, өндірілген өнімдердің түрлері немесе сорттары және т.б. Ендіше статистиканың сапалық және сандық жағын түсінсек енді статистиканың ерекшеліктері мен басқа ғылымдармен байланысына толық тоқталайық. Статистика – жаппай қоғамдық құбылыстардың құрамы мен өзгеру процестерін зерттейтін қоғамдық ғылымның бір саласы. Себебі қоғамдық ғылым ретінде, республикамызда болып жатқан жалпы әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеру заңдылықтары мен есептеу, талдау сияқты әдістемелерін анықтайды.Яғни статистика әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы жаппай мәліметтерді жинау, топтау, талдау әдістерін үйретеді және бұл тәсілдерді басқа ғылымдарда да қолданады. Яғни бұл жерде статистистиканың басқа ғылымдармен байланысы туындайды. Сонда статистика басқа ғылымдардың дамуы мен жаңа ғылымдардың пайда болуына әсер етеді. Себебі кез келген ғылым саласы статистика мәліметтерін пайдалану арқылы жұмыс жасайды немесе жүзеге асады. Мысалы, Экономика саласындағы басқа мамандардың жұмысы толыққанды статистика мәліметтеріне сай жүреді. Мысал келтірер болсақ кәсіпорын экономика саласы бойынша барлық есептеулерде статистика жүреді (жұмысшылардың саны оның ішіндегі негізгі өндірістегі,қосымша жұмысшылар, жұмыс өнімділігі, уақыт қоры және т.б). Егер осы экономика саласынан шығып тарих саласына баратын болсақ .Бұл жерде де статистика мәліметтерін толыққанды қолданады (Белгілі бір мерзімдегі адамдар саны,оның ішіндегі ұлттардың мөлшері,жер көлемі , соғыстарға қатысқан адамдар саны оның ішінде тірі қалғандар жіне т.б), геология ғылымына баратын болсақ та, журналистикада да және т.б осы секілді ғылымдардың барлығында статистика мәліметтерін пайдаланады.
...