Менің эмоциялық әлемім және оны басқару
Автор: Назкен Халибек • Февраль 2, 2022 • Эссе • 301 Слов (2 Страниц) • 1,233 Просмотры
Менің эмоциялық әлемім және оны басқару
Эмоциялар адамның психикалық процестерінің немесе күйлерінің ерекше түрі, олар кез келген маңызды жағдайларды (қуаныш, қорқыныш, ләззат), құбылыстар мен оқиғаларды өмір бойы бастан өткеруде көрінеді.Эмоцияның адам өмірінде маңызы ерекше үлкен болып табылады.Кейбір эмоциялардың адамға пайдасы көп,ал кейбіреулері зиянын тигізеді.Тиісінше біз өз эмоцияларымызды басқарып үйренгеніміз жөн.
Менің эмоциялық әлемімде әрбір эмоцияға орын бар.Егер маған айналамда болып жатқан оқиғалар немесе құбылыстар ұнамаса,ашуымды келтірсе мен ашулана аламын.Ғалымдардың зерттеуінше адам өзіне жағымсыз эмоцияларды тұншықтыру арқылы жүрек қан айналымының қозғалысын баяулатып,ақыл-ес жұмыс жасау қабілеті төмендейді екен.Бұл дегеніміз ашулану,жек көру деген эмоциялар заңды екенін,және бұл эмоцияларды тұйықтаудың қажеті жоқ екенін білдіреді.Адам өз эмоциясын тек тұншықтырып қана,бұл эмоциялардың қайдан және неліктен көрініс беріп жатқанын зерттемесе ол өзінің эмоцианалды интелектінен айырылады.Эмоцианалды интеллект адамды өз эмоцияларының шығу себебін анықтауға және онымен жұмыс жасауға көмектеседі.Эмоцианалды басқару да адамға керек қабілет болып табылады.Эмоцияларды тұншықтыруға болмайды деп,өз ашуыма ерік беріп,айналамдағы адамдарға зиян келтіруім өте қате іс.Сол үшін де мен эмоциаларымды басқарып,керек жағдайда олардан дер кезінде құтылуды білемін.
Қуанышты эмоциялар адамды әрқашан шаттыққа бөлейді.Ғалымдардың зерттеуінше бұндай эмоциялар организмді стресстен арылтуға және көптеген стресстен пайда болған аурулардан
...