Несиелік тәуекел және оны басқару
Автор: Асем Бекен • Март 9, 2023 • Эссе • 437 Слов (2 Страниц) • 197 Просмотры
ЭССЕ
«Несиелік тәуекел және оны басқару»
Несиелік операциялар банктік қызметтің негізін құрайды, өйткені олар банкке негізгі кіріс әкелетін көзі болып табылады. Дегенменде, бұл операциялар несиелік тәуекелмен тығыз байланысты, оған банктер клиенттерге несие беру процесінде ұшырайды. Сондықтан несиелік тәуекел банктік тәуекелдердің бір түрі ретінде банктердің басты назар аударатын басты объектісі болып табылады. Банктің несиелік саясаты міндетті түрде несиелік тәуекелдердің пайда болу мүмкіндігін ескеріп, олардың пайда болуына жол бермеуі және оларды сауатты басқаруы, яғни несиелік операциялардың мүмкін болатын жағымсыз салдарын барынша азайтуы керек.
Кез келген коммерциялық банк өзінің несиелік қызметінде ең аз тәуекелмен пайда табуды мақсат етеді. Әрине тәуекел деңгейі неғұрлым төмен болса, банктің пайдасы соғұрлым төмен болады, өйткені банк әдетте тәуекел дәрежесі жоғары операциялардан көбірек пайда алады. Осылайша, банктің негізгі мақсаты «алтын ортаны» табу болуы керек. Бұл дегеніміз несиелік тәуекелді сауатты басқару көмегімен несиелік операциялардың тәуекел дәрежесі мен табыстылығы арасындағы оңтайлы арақатынасты жасау болып табылады.
Сонымен, несиелік тәуекел деп қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Банктік несиелік тәуекелді басқарудың негізгі 3 жолы бар:
1. Тәуекелді алдын алу;
2. Тәуекелді белгеле бір деңгецде ұстап тұру
3. Тәуекел азайту.
Қазақстандағы коммерциялық банктердің тәжірибесінде несиелік тәуекелді басқарудың 4 жалпы әдісі жиі қолданылады: болдырмау (бас тарту), азайту (минимизациялау), сақтандыру және ұстау.
Несиелік шектеу бұл біріншіден, несие берушінің қарыз алушыға беретін несиесі бойынша
...