Менің эмоциялық әлемім және оны басқару
Автор: perizat1996 • Сентябрь 27, 2022 • Эссе • 421 Слов (2 Страниц) • 443 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті (араб тілі )
[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: «Менің эмоциялық әлемім және оны басқару» (психологиялық эссе)
Орындаған: Нұрахыман Елиза
Ділдахмет Райымбек
Рахманалиева Перизат
Эмоция-энергияның көрінісі іспеттес.Ол мотивті туындататын негізгі құрал,ал мотивтен мотивация туындайды.Яғни эмоция- тұлға мотивациясына зор ықпал жасайды.Сондықтан үлкен жетістіктерге жету үшін бізге мотивация ауадай қажет болса,эмоцияның да рөлі соған пара-пар.
Гректерде «ақылды адам»деп эмоция,логика және ақыл-ойдың үшеуін де бірдей игере алған жанды атайды екен.Бұл дерек 2500 жыл бұрын тіркелгеніне қарасақ,осы тақырыптың зерттелуі сол заманнан бері басталғанын көре аламыз.Жалпы эмоциялық интеллект дегеніміз- адамның өз эмоциясын қабылдап, кәдеге жарата білуі. Кез келген тапсырманы тиімді шешу үшін эмоциясын игеру қабілеті. Былайша айтсақ өз мінезін,реакциясын тежеп,орынды қолдана білетін жан.Ілгері уақыттарда қатты маңызға ие бола қоймаған,тереңірек зерттелмей,практикада қолданылмай жүрген болса,қазіргі уақытта EQ деген арнайы тест құрастырылып,жоғары оқу орындарына түсетін немесе жұмысқа орналасатын кезде маңызы IQ тестісінен де жоғары болып жүргенін байқай аламыз.Оның себебі:эмоциялық интеллект тек жеке адам үшін емес,түгел қоғам үшін маңызды болуы. Эмоцияларды басқару әр өркениетті адам үшін қажетті дағды. Әлемдік психологтардың зерттеулері (Майер, Саловей, Фромм, Вундт, Големан ...) барлық мотивтердің эмоцияға негізделгенін көрсетті. Олар кез-келген қызметтің негізі болып табылады, дамуға, өміріңізді жақсартуға және өзін-өзі тануға мүмкіндік береді.Ал эмоциямызды басқара алмаған жағдай ше?Ондай кезде тіпті денсаулығымызға кері әсерін береді.Гармондар дұрыс бөлінбей,түрлі ауруларды тудырады.Мәселен,жиі ашулану гипертония ,бауыр ауруларына алып келсе,депрессияға түсу буын мен омыртқа ауруларына алып келеді.
...