Менің эмоциялық әлемім және оны басқару
Автор: award05 • Ноябрь 16, 2022 • Эссе • 469 Слов (2 Страниц) • 1,664 Просмотры
[pic 1]
Менің эмоциялық әлемім және оны басқару
Жалпы эмоция бұл әр бір адамда жүре пайда болатын құбылыс деп қарастырсақта қате болмайды. эмоцияны әр жерде қалай пайдалану керектігіде адам психологиясына байланысты. Егер адам эмоциясы тұрақсыз болса онда ол адам психологиясына байланысты. Эмоцияны басқару - жеке және кәсіби дамудың негізгі тірегі. Біздің эмоцияларымыз бізге тек ақпарат береді, бірақ бәрі біз бұл эмоцияларды қалай түсінетіндігімізге және оларды қалай басқаруға болатындығымызға байланысты болып тур.
Егер мен өз эмоциям жайында айта кетсем. Мен ашық адам болып келемін. Айналамдағы адамдарға барынша күлкі, бақыт сыйлаймын.Көбінесе күліп жүремін. Өзімде күліп жүріп басқаларға да көңіл сыйлау ол мен үшін ерекше іс. Бірақ әр адам тек күліп ғана жүрмейді. Көңілі болмай, мұңайым, бір нәрсеге ренжіп немесе өте өкінген кездерде болады. Сол сияқты менің де көңілім болмаған сәттер болады. Осындай кездерде мен өз эмоциямды көбінесе жасырып қаламын. Бұл әрине дұрыс емес.Менің ойымша әр адам өз эмоциясын көрсете білу керек. Себебі эмоциялық реакция алемге, айналаға үйреніп бейімделу үшін қажет. Егер біз өз эмоциямызды дұрыс басқара алсақ айналаға бейімделуде дұрыс әрі тез болады. Эмоцияны басқару бұл күрделі механизм секілді сол себепті оның да өз қиындығы болуы мүмкін. Сол қиынлықтарға төзіп, көне білсек онда біздің эмоциямызда психологиямызда өз орнында болады. Ал эмоция мен психология өз орнында болса адам да керемет көңіл күйде, денсаулығы да жақсы күйде болып жүреді.
Ал егер эмоциямызды басқара алмаған кезде ше? Мысалы кейбір адамдар өз эмоцияясын білдірмей, шығармай жүріп бір күні жай нәрсеге бола айқайлап не жылап депрессияға кетуі әбден мүмкін. Сондықтан адам өз эмоциясын дұрыс әрі керекті кезде білдіре білуі қажет.Дұрыс білдірмеген жағдайда не болмақ? Бұндай кезде тіпті денсаулыққа нашар әсер береді. Түрлі аурулар туындап, организм қатты жапа шегіп қиналуы әбден мүмкін. Мысалыға депрессия,буын ауруы,бауыр ауруы жане тағыда басқа. Бұл аурулар кейін асқынып жайғана ауру емес үлкен проблемаға айналуы мүмкін.
...