Вакуумды қондырғылардың сипатына электродты жүйенің әсері
Автор: Nurdaulet33 • Март 11, 2018 • Курсовая работа • 7,841 Слов (32 Страниц) • 866 Просмотры
МAЗМҰНЫ
Кіріспе 6
1ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛҒЫДА ҚОЛДАНАТЫН ЭЛЕКТРОДТЫ ЖҮЙЕНІҢ ТҮРЛЕРІ 8
1.1Плазманың түзілу барысындағы пинчтау эффектісі 9
1.2Үдеткіштердегі электродты жүйенің геометриясы 17
1.3Вакуумды-доғалық үдеткіштегі электродты жүйені таңдау 25
2ВАКУУМДЫҚ ҚОНДЫРҒЫЛАРДА ПЛАЗМАНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ 30
2.1Вакуумды шоқ әдісі 30
2.2Вакуумды қондырғылардың сипатына электродты жүйенің әсері 33
3КОАКСИАЛДЫ ЭЛЕКТРОДТАР ЖҮЙЕСІ 38
3.1 Электродты жүйені жобалау 38
3.2 Жобаны құрастыру 40
3.3 ВДҮ электродтар жүйесін сынау 43
3.4 Катод шикізат жұмысының есебі 45
Қорытынды 46
Қолданылған әдебиеттер 47
Қосымша А 48
Қосымша Б 48
КІРІСПЕ
Өзектілігі:металдық плазма ағынының вакуумды-доғалық көздері 30 жылдан бері кең тараған зерттеулердің негізгі бөлігі. Ол плазманың осындай жүйелерде пайда болуы мен жылдамдығын, көптеген технологиялық көмек құралдарын пайдалану арқылы көрсетеді.
Вакуумды доғадағы плазмалық ағынның маңызды сиппатамасына ионды компоненттің энергетикалық спектрі жатады. Ол, негізінен, металды плазманың композитті қаптамалар синтездеуіндегі реакциялық сипаттамасын анықтайды. Тәжірибелік мәліметтер арқылы жасалған модельдердің жақсы қатынасы вакуумды доғалық тұрақты разрядтарда иондардың жылдамдығы мен түзілуі үшін алынды. Бірақ, соңғы кездері плазмалық ағындарға импульсті вакуумдыдоғалық көздер кеңінен қолданылады. Негізінен, қосымша зерттеуді қажет ететін маңызды сұрақ болып, тәжірбиелерде импульс кезінде, зарядты құрамның және ионды компонент спектрінің өзгерісі көрсетіледі.
Практикалық құндылығымен ғылыми жаңалығы:импульсті вакуумды доғалық разрядтың перспективті және интенсивті түрде қолданылатын облыстарының бірі, олардың негізінде жылдам металл иондары түйіндерінің технологиялық көздерін құрастыру. Бұндай көздерді құрылымының қарапайымдылығы, сенімділігі, жоғары сезімталдығы және шығатын ионды түйіндердің жоғары көрсеткіші, көптеген функциональді мүмкіншіліктері ерекшелендіреді.Оған қоса материалдардың модификациясында қолданылатын әртүрлі типті ионды түйіндердің көздерінің айырмаларын салыстыру, лазерлі көздерге қараған да,доғалық разрядтардың негізіндегі көздер аз мөлшерде энергия шығындайды. Доғалық разряд негізіндегі көздердің жоғары эффективтілігін олардың технологияда қолданылу көрсеткіштері дәлелдейді. Сонымен бірге, сепарация процесінің артықшылықтары мен ионды компоненттің қатты токты, импульсті ионды көздердегі торлы жүйе көмегімен жылдамдығын арттыруы толық зерттелмеген.
Жоғарыда айтылғандарға қоса, бейтарап катодты ағындағы иондардың жылдамдық процесінің ерекшеліктерін экспериментальды зерттеу сияқты, сепарацияланған ионды түйіндердегі пайда болатын стационар емес импульсті вакуумды доғалық разрядты зерттеу де маңызды орын алады.
Жұмыстың міндеті:доғалық үдеткіштердегі электродтар жүйесін зерттеу, электродтар жүйесін құру қағидаларымен танысу, коаксиалды электродтар жүйесін жобалау, есептеулер жүргізу.
Мақсатқа жету үшін келесі нақты тапсырмалар қойылды:
үдеткіштердің түрлеріне,орналасу геометриясына, олардың артықшылықтарымен кемшіліктеріне тоқталу;
оларға есептеу мен монтаж жүргізу;
электродтарға монтаж жүргізгенде қазіргі заманғы жағдайға сәйкес ерекшеліктеріне тоқталу;
...