Операциялық жүйенің кызметтері мен міндеттері
Автор: Dana Asanova • Апрель 4, 2018 • Реферат • 4,506 Слов (19 Страниц) • 2,038 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасы
«Операциялық жүйелердің ортасы және олардың қабықшалары»
пәні бойынша
ЕТ және БҚЕ мамандығына арналған
Дәріс тезистері
Құрастырған:
ЕТ ж АЖ каф. аға оқытушысы
Байдалина А.Р.
Астана 2016 ж.
№ 1 тақырып.
Операциялық жүйелердің анықтамасы
Операцияық жүйе – барлық есептеу жүйелерін толығымен қамту арқылы анықталады. Операциялық жүйелер негізінен бір-біріне байланыссыз орындалатын екі функциядан тұрады, олар: қолданушы-программистке машинамен жұмыс істеу үшін жағдай жасау және оның ресурстарын басқару арқылы қомпютерді эффекті түрде қолдану.
ОЖ кеңейтілген машина түрінде
Көптеген компьютерлерді машиналық тіл ретінде пайдалану көптеген қиындықтар тудырады әсіресе енгізу-шығару кезінде. Мысалы, иілгіш дискіден мәліметтер бөлігін оқуды ұйымдастыру үшін программист әртүрлі 16 командаларды қолдану керек, ал олардың әрқайсысы 13 параметрлерді қажет етеді, олар: дискідегі блок номері, жол секторының номері және т.б. Дискідегі операциялар орындалып біткеннен кейін тексеруші (контроллер) 23 мәнді қайтарады, олар талдауды қажет ететін қателер түрінде болады. Программистке машинаның барлық істеген жұмысын көрсетпей оған файлдармен жұмыс істуді жеңілдететін программа – операциялық жүйе болып табылады.
1.2 Операциялық жүйенің кызметтері мен міндеттері
Операциялық жүйе (ОЖ) – есептеу жүйесінің ресурстарының мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланып, онымен жұмыс істеуге арналған басқарушы және жүйелік бағдарламалардың жиынынан тұрады. Ресурс дегеніміз – электронды есептеу машинасының (ЭЕМ) кез келген логикалық немесе физикалық бөлігі және олардың мүмкіндіктері (негізгі ресурсқа – процессорлық уақыт, жады және енгізу/шығару құрылғылары жатады).
ОЖ міндеті – жүйеде есептеу процестерін ұйымдастыру, әртүрлі есептер үшін ресурстарды дұрыс пайдалану және бағдарламалық жұмыстарды жеңілдету болып табылады. Бір техникалық құрылғыдағы ОЖ–дің айырмашылықтары, олардың деректерді автоматты түрде өңдеу мен есептеу процестерінің ұйымдастырылуынан көрінеді. Кез келген программалық жабдықтаудың бөлігі ОЖ басқаруымен жұмыс істейді.
Операциялық жүйе – есептеу машиналарының барлық ресурстарын басқару кезінде ең жоғарғы көрсеткішпен жұмыс істеуі керек. Тиімділік белгісі – дегеніміз өткізу мүмкіншілігі немесе жүйенің реактивтілігі болып табылады. Ресурстарды басқару ресурс түріне қатыссыз есептерді шешуді қажет етеді, олар:
- ресурсты жоспарлау – ресурстарды кімге, қашан, қандай көлемде бөлуді анықтайды;
- ресурс жағдайын қадағалау – яғни, ресурстың бос немесе бос емес екені жөніндегі мәліметті қолдау, ал бөлінетін ресурстар үшін – оның қандай бөлігі бөлінді және қандай бөлігі бос екені жөнінде білу.
№ 2 тақырып.
Операциялық жүйе дамуының қазіргі кезеңдегі ерекшеліктері
Бірінші период (1945 -1955)
Компьютерді алғаш рет 18 ғасырдың аяғында ағылшын математигі Чарльз Бэбидж құрастырған. Оның "аналитикалық машинасы" дәл есептеу мүмкіндіктерін орындай алмады, себебі ол кезде дәл есептейтін бөліктер(деталдар) жоқ еді. Және ол компьютерде операциялық жүйе жоқ еді.
Цифрлық есептеу машиналары екінші дүнйе жүзілік соғыстан кейін шыға бастады. 40-шы жылдардың ортасында бірінші ламплық есептеу құрылғылары құрастырылды. Ол кезде проектіні жасауға да, шығаруға да және есептеу машинасын программалық жабдықтау мен де, тек бір топ айналысты.
...