Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Фонтанды тәсілмен ұңғыманы пайдаланудағы құрал –жабдықтар.

Автор:   •  Февраль 3, 2018  •  Реферат  •  3,976 Слов (16 Страниц)  •  1,723 Просмотры

Страница 1 из 16

МҰНАЙ ЖƏНЕ ГАЗ ҰҢҒЫЛАРЫН БҰРҒЫЛАУ ТЕХНOЛОГИЯСЫ

ҰҢҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

 Ұңғы дегеніміз жер қыртысында арнайы бұрғылау аспаптарының көмегімен қазылатын диаметрі тереңдігінен бірнеше есе кіші цилиндр формалы тау-кен құрылысы (1-сурет). Ұңғының басталатын жері сағасы (1), цилиндрлі беті қабырғасы немесе оқпаны (2), ең төменгі шеті түбі (4) деп аталады. Сағасынан түбіне дейінгі оқпан бойынша ара қашықтық ұзындығы, ал ұңғы осі проекциясының тіке аралығы тереңдігі деп аталады. Ұңғыларды тіке жəне көлбеу бұрғылайды. Олардың диаметрі аралықтан аралыққа кішірейіп отырады.

[pic 1]

1-сурет. Ұңғылар схемасы: а, б - тіке ұңғылар; в – көлбейте бағытталған; 1-сағасы; 2-қабырғасы (оқпаны); 3-осі; 4-түбі; 5-керн (үлгі)

Ұңғылар түбін тұтастай (1-сурет а, в) немесе керн алып бұрғылайды (1- сурет, б). Соңғысында ұңғы оқпанында бұрғыланып өткен тау жыныстарын білу мақсатымен керн алынады. Ұңғылар оқпанының остері іс жүзінде кеңістіктік қисық болып келеді. Остері тіке бағыттан 2-30 дейін ауытқыған ұңғылар тіке ұңғылар деп аталады. Белгілі бір бағытта жəне белгілі бұрышпен қисайтылып бұрғыланған ұңғылар көлбейте-бағытталған деп аталады. Тіке бағыттан 900 ауытқыған ұңғылар горизонталь ұңғылар деп аталады. Сағалары бір біріне едəуір жақын орналасқан көлбейте бағытталған ұңғылар шоғыр құрайды. Кен орындарын мұндай тəсілмен қазу шоғырлама бұрғылау деп аталады. Өнімді қабаттарды құрғату мақсатымен кейде негізгі оқпаннан Мұнай жəне газ ұңғыларын бұрғылау технологиясы 5 бірнеше қосымша оқпан бұрғылайды. Мұндай ұңғылар көп оқпанды деп аталады. Ұңғылар диаметрі бойынша үлкен, қалыпты жəне кішірейтілген болып бөлінеді. Диаметрі үлкен ұңғыларға диаметрі ротор диаметрінен кең (760 мм жоғары) ұңғылар жатады. Шартты түрде тереңдігі 1000 м дейінгі ұңғылар таяз, 5000 м дейінгілері терең, ал 5000 м тереңдері, өте терең ұңғылар деп аталады. Ұңғыларды бұрғылау қондырғыларының көмегімен құрлықта, теңізде бұрғылайды. Теңізде бұрғылау жағдайларында бұрғылау қондырғылары эстакадаларға, арнайы іргетастарға, қалқымалы платформаларға немесе кемелерге орнатылады.

ҰҢҒЫЛАРДЫ БҰРҒЫЛАУ ТƏСІЛДЕРІ. Бұрғылау тəсілдерін тау жыныстарын талқандаушы аспаптардың ұңғыларды бұрғылау кезіндегі тау жыныстарына əсер етуіне қарай төмендегідей бөлуге болады: механикалық, термиялық, физика- химиялық, электржалынды т.б. Осылардың ішінен тек механикалық бұрғылау тəсілі кеңінен қолданылады. Механикалық бұрғылау тəсілінде тау жыныстарын талқандау қол күшін немесе қозғалтқыштарды қолдану арқылы іске асырылады. Механикалық бұрғылау соққылау жəне айналдыру тəсілдері арқылы жүргізіледі. Соққылама бұрғылау тəсілі 60 жылдан астам уақыттан бері мұнай, газ өндіру саласында қолданылмайды. Дегенмен пайдалы қазбаларды барлау, инженерлік-геологиялық іздестіру жұмыстарында қолданылып жүр. Соққылама бұрғылау. Соққылама бұрғылау тəсілдерінің ішінен қазіргі кезде арқанды соққылама бұрғылау (2-сурет) кеңінен қолданылады Бұрғы аспабы қашау (1), соққы штангасы (2), айырғыш штанга (3) жəне арқандық құлыптан (4) тұрады. Ол ұңғыға мұнара (9) амортизаторынан (8), негізгі шығыршық (7) арқылы өтіп, теңгергіш рамасының (11) керуші (10) жəне бағыттаушы шығыршықтары арқылы өтетін аспаптық арқан (5) арқылы түсіріледі. Арқанның шеті аспаптық лебедка (13) барабанына бекітіледі. Теңгергіш рамасы шатунды-кривошивтік құрылғы (14, 15) арқылы лебедка барабаны тежеулі күйінде бағыттаушы шығыр (12) осі бойымен тербелмелі қозғалысқа келтіріледі. Теңгергіш рамасының керуші шығыры (10) төмен түскенде арқан керіліп, бұрғы аспабы көтеріледі. Ал жоғары көтерілгенде арқан босап, аспап өз салмағымен ұңғы түбіне құлап, тау жынысын талқандайды. Ұңғы түбін цилиндр тəрізді біркелкі бұрғылау үшін, аспапты əр соққыдан кейін белгілі бұрышқа айналдыра бұрып Ж. Қараулов 10 отыру қажет. Ұңғы оқпаны тереңдеген сайын арқан лебедка барабанынан тарқатылып, қашауды ұңғы түбіне жіберіп отырады. Бұрғылау кезінде тау жыныстарының жұмсаруы үшін, ұңғы іші сумен толтырылады. Шылам тығыздығы белгілі бір шамаға жеткенде, бұрғылауды тоқтатып, аспапты лебедкамен көтеріп алып, ұңғы түбін тазартады. Бұл желонкалық лебедка барабанына (16) оралған желонкалық арқан (6) арқылы түсірілетін желонкамен (17) іске асырылады.

...

Скачать:   txt (57.2 Kb)   pdf (922 Kb)   docx (801.7 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club