Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Негізгі өндірістің технологиялық тәсілдерін сипаттау

Автор:   •  Март 9, 2018  •  Курсовая работа  •  8,070 Слов (33 Страниц)  •  810 Просмотры

Страница 1 из 33


                                                              Мазмұны

Кіріспе                                                                                                                                

1.Мекеме аталымы мен даму тарихы                                                                       3

1.1.ЖШС «Нұрхан» сипаттамасы                                                                             6                                                                            

1.2.ЖШС «Мутлу гипс» сипаттамасы                                                                      6

2.Құрылыс бұйым атаулары және олардың номенклатурасы                                7                      

3. Шикізат материалдары                                                                                           8

4.Негізгі өндірістің технологиялық тәсілдерін сипаттау                                                                          

4.1.Шикізатты дайындау және оның технологиялық тәсілдері                            11                            

4.2.Компоненттерді бірқалыпты араласпаға дейінгі араластыру технологиялық

тәсілдері                                                                                                                      14

4.3.Дайындалған массадан бұйымдарды қалыптау                                                16

4.4.Қалыптан бұйымдарда берілген беріктілікті тез алу үшін жағдай жасау ,    18 оның жұмыс істеу принципі

5.Дайын бұйымдарды жинақтау,сапасын бақылау                                                19                                      

6.Еңбекті қорғаудан және мекеменің өрт қауісіздік техникасынан негізгі         20

Қолданылған әдебиеттер                                                                                    

Кіріспе

Құрылыс материалдарының өндірісі ел экономикасының аса маңызды салаларының құрамына кіретін құрылыс кластерінің ажырамас бөлігі болып табылады.Құрылыс материалдары өнеркәсібі Президенттің 2004 ж. 19 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауында республика экономикасының дамуының басты әлеуеті үй кұрылысының жаңа саясатын жүзеге асыру болып табылатыны анықталды. Өңірдің экономикасының дамуының басты факторы және алғышарты кұрылыс индустриясын дамыту болып табылады. Құрылыс индустриясы объектілерін жекешелендіру, құрылыс ұйымдарын қайта құру және мемлекет иелігінен алу кезеңінде құрылыс жұмыстарының көлемі күрт төмендеді, және сәйкесінше құрылыс индустриясы кәсіпорындарының өнімдеріне сұраныс та төмендеді.Құрылыс материалдарының өндірісі - өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемінің 8,6%-ын қамтамасыз етіп отырған Қазақстан экономикасының тұрақты өсіп келе жатқан маңызды саласы. Осы сектордың басымдығы, бір жағынан, құрылыс индустриясының ішкі сұранысымен, отандық өнімді дамытумен және макроөңір елдерінің нарықтарында өткізумен, екінші жағынан - меншікті шикізат базасының болуымен және қазақстандық кәсіпорындардың әлеуетімен айқындалады.Құрылыс материалдарының ішкі нарығының сыйымдылығы шамамен 800 млрд. теңгені құрайды. Құрылыс материалдарының (сүректен, пластмассадан, сондай-ақ өзге де бейметалл минералдық өнімге жататын материалдардан) импорты шамамен 2 млрд. АҚШ долларын құрайды. Басым тауарлар бойынша макроөңірдің импорттық қажеттілігі шамамен 3 млрд. АҚШ долларын құрайды.Секторда 1453 кәсіпорын жұмыс істейді, онда 40 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Цемент, дайын бетон, бетон бұйымдар, пластикалық құбырлар, жылу оқшаулау материалдар өндірісі неғұрлым дамыған болып табылады.Сектордың даму көрсеткіштері тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр. 2008 – 2015 жылдар аралығында өндіріс көлемі атаулы мәнде 1,6 есеге өсті. Еңбек өнімділігі - 2,3 есе. Алайда, ЭЫДҰ елдеріндегі осы көрсеткіштің орташа мәнімен салыстырғанда Қазақстандағы бұл сектордағы еңбек өнімділігі 47%-ға төмен. 2012 жылы өзге бейметалдық минералды өнім өндірісінде 2228 кәсіпорын тіркелген, олардың ішінде ірі кәсіпорындар – 45; резеңке және пластмасса өнімдері өндірісінде – 731 кәсіпорын, олардың ішінде ірі кәсіпорындар – 50. Негізінен құрылыс материалдары өндірісі саласында шағын кәсіпорындар жұмыс істейді. 2012 жылдың қорытындысы бойынша өзге бейметалдық минералдық өнім өндірісінің көлемі 310,01 млрд теңгені құрды (2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда – 244,7 млрд теңге). Өнеркәсіптік өндірістің жалпы құрылымындағы өзге бейметалдық минералдық өнім өндірісі көлемінің үлесі 1,9%-ды ғана қамтиды. Резеңке және пластмасса өнімдері өндірісінің көлемі 2012 жылы 117,46 млрд теңгені құрды; өнеркәсіптік өндірісінің жалпы көлеміндегі үлес – 0,7%. Өзге бейметалдық минералды өнім өндірісі мен резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі салаларындағы нақты көлемінің индексі 110,6% және сәйкесінше 102,9% болды.   Құрылыс материалдары өнеркәсібі - бұл шамамен 20 дербес салаларды қамтитын кешенді сала, олардың көпшілігінің құрамында бірнеше өндірістер бар, бұл ретте әрбір сала жалпы құрылыс материалдары нарығының жиынтығын құрай отырып,өз нарығын қалыптастырады.                                                                        Қазақстанда цемент, құрастыру темір-бетонын, керамика тақташаларын, жылу оқшаулағыш материалдарын, лактарды, бояуларды, түсқағаздар мен басқа да бұйымдарды өндіру бойынша кәсіпорындарды қайта жарақтандыру төмен қарқынмен жүзеге асырылуда. Қазақстанның құрылыс индустриясы 700 – ге тарта өнеркәсіптік кәсіпорындарды құрайды, олардың негізгі қызметі құрылыс материалдарын өндіру болып табылады.Құрылыс индустриясы объектілерін жекешелендіру, құрылыс ұйымдарын қайта құру және мемлекет иелігінен алу кезеңінде құрылыс жұмыстарының көлемі күрт төмендеді, және сәйкесінше құрылыс индустриясы кәсіпорындарының өнімдеріне сұраныс та төмендеді.                                                                                         Қазақстанда жұмыс істеп жүрген, Global 2000 тізіміне енетін ірі компаниялар: германиялық Heidelberg Cement (Бұқтырма цемент компаниясы, Каспий Цемент, Байказ Бетон, Бектас Group), швейцариялық Sika (бетонға арналған қоспалар, цемент қоспалары, өнеркәсіптік едендерге арналған материалдар, бетон мен болат үшін қорғаныш материалдар, герметиктер және басқалары), Шеврон компаниясы (Шеврон Мұнайгаз Инк, Атырау полиэтилен құбырлары зауыты, Атырау құбыржолы арматурасы зауыты). Global 2000 тізіміне енбейтін жаһандық ірі компаниялар қатарынан Қазақстанда гипстен құрылыс материалдарын шығаратын германиялық Knauf компаниясы, сондай-ақ, француздық Vicat Group цемент компаниясы жұмысістейді. 2015 - 2019 жылдар кезеңінде құрылыс материалдары өндірісін дамытудағы мемлекеттік саясат табақ шыны өндірісі бойынша басым бағыттарды іске асыруға, цемент, құрғақ құрылыс қоспалары, табиғи тас өндірістерін және басқа да жобаларды жасауға және жаңғыртуға бағытталатын болады.

...

Скачать:   txt (79.9 Kb)   pdf (679.5 Kb)   docx (246.3 Kb)  
Продолжить читать еще 32 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club