Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өндірістік кәсіпорын құрылымын сипаттау

Автор:   •  Апрель 4, 2018  •  Реферат  •  5,931 Слов (24 Страниц)  •  1,207 Просмотры

Страница 1 из 24

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 Өндірістік кәсіпорын құрылымын сипаттау

4

7

2 Негізгі бөлім

11

2.1 Кәсіпорынның негізгі технологиялық пpoцeciн сипаттау

11

2.2  Өндірістік кәсіпорынның электр техникалық жабдықтарын сипаттау

14

2.3  Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі шаралары

20

3. Жеке тапсырма

Қорытынды

23

29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

30

[pic 1][pic 2]

Кіріспе

Электроника бірнеше ғылыммен (техника, энергетика, атомдық физика, информатика, бульдік алгебра және т.б.) сабақтасып жатқан кең ауқымды ғылым. Басқаша айтқанда, қолданбалы ғылым. Жаратылыстану ғылымдарының (математика, физика, география, химия және т.б.) заңдылықтарын    күнделікті айналадағы қоршаған ортадан көре аламыз. Ал қолданбалы ғылым заңдылықтарын қоршаған ортадан көре алмаймыз. Оның заңдылықтары адамды қоршаған ортамен салыстырғанда не өте кіші, не өте үлкен уақыттық немесе кеңістіктік жүйені қамтуына байланысты, кейбір бақылауларды  адам түйсігінде саралап және талдау арқылы, тек нәтижесін ғана көреміз. Мысалы: информатика ғылымындағы  бағдарламалар. Ол туралы мәлімет кітапта өте көп, бірақ қоршаған ортада жоқ. Ал  нәтижесі алдыңыздағы компьютер, яғни программалық қамсыздандыру.  Тура сол сияқты, электрониканың эксперименттік тәжірбиелерін қолмен ұстап көрмегенмен, ойыңда саралап, түйсігіңде талдау арқылы түсінуге тырысқаның жөн. Электрониканың негізгі заңдылықтарын бір түсініп алған соң, оны іс-тәжірбиеде тексеру қиындық туғызбайды. Ал  нәтижесі, тағы да,  алдыңыздағы компьютер – дер едім, тек техникалық жабдықтар.

Электрондық құрылғылардың даму тарихы.

ХХ ғасырдың 40-жылдарына дейін  энергетикалық приборлар құрамында  тек екі түрлі материалдар пайдаланылды: өткізгіштер (металдар) және диэлектриктер. Оларды басқаруды электровакуумдық лампалар көмегімен іске асыруға тырысты.   Ең алдымен құрамында  «анод» және «катод» ғана бар лампы пайда болды. Одан соң  катодтан анодқа жылжитын электрондарды олардың арасына қойылған сетка арқылы басқаратын – триод пайда болды. Электрон қозғалысының   горизонталь бағытын бір сеткамен, вертикаль бағытын екінші сеткамен басқару үшін, екі сеткалы -  тэтрод пайда болды. Міне, осылай  лампылардың құрамындағы элементтері (анод пен катод арасындағы сеткалары-электродтары) көбейген сайын көлемі де, салмағы да өсе түсті. Жартылайөткізгіш материалдар әлі зерттелмеген еді.  1948 жылы алғашқы жартылайөткізгіш  биполяр транзистор пайда болды. Осы уақыттан бастап  электроникада жартылайөткізгіш материалдар дәуірі басталады. Қазір, сіз триод,  тэтрод,  пентод параметрлері туралы материалдарды іздемейсіз, оны керек етпейсізде. Себебі,  мұндай электровакуумдық  лампалар қолданыс тапқан құрылғылар санаулы ғана (мысалы: осциллограф, жарнамалық неондық лампалар және т.б.).

Электрониканың 100жылдан аса ғұмыры бастапқыда  электрондық (вакуумдық) лампаларды, одан соң иондық приборларды зерттеуден басталған. Бұл приборлар негізінен электрлік басқару жүйелерінде қолданылды. Электрлік басқару жүйелерін дамыту, жетілдіру адамзаттың барлық технологиялық процестерді автоматтандыруға талпынған мақсатының бір бөлігі. 1950 жылдары әскери самолеттердің лампылық приборлармен жабдықталған электрондық басқару жүйесіндегі элементтер саны 100000-нан асып, ал  салмағы 1000 кг асып кетті. Мұндай массаны әуеге көтеру үшін қандай қуатты қозғалтқыш, қанша отын керек екенін айтпаса да белгілі. Осы жылдан бастап самолеттің басқару жүйесіндегі электрондық лампаларды  жартылайөткізгіштен жасалған транзистормен жаппай алмастыру нәтижесінде самолеттің басқару жүйесіндегі элементтер саны оданда көбейіп, күрделеніп, жетілдіріле түсті, ал салмағы азайды. Себебі жартылайөткізгіштен жасалған аспаптардың габариті әлдеқайда кіші, салмағы жеңіл, сенімділігі жоғары, энергияны аз жұмсайды және арзан.

...

Скачать:   txt (82.3 Kb)   pdf (507 Kb)   docx (239.3 Kb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club