Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Карапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру ерекшеліктері

Автор:   •  Сентябрь 19, 2021  •  Статья  •  890 Слов (4 Страниц)  •  590 Просмотры

Страница 1 из 4

ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Аннотация: Бұл мақалада балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру ерекшеліктері қарастырылған.

Түйіндеме сөздер [оқыту, қарапайым математика, таным, әдістеме, ұғым, дидактикалық ойын]

Қазіргі кезде республикамызда білім беруді дамыту оқытудың дәстүрлі түрінен инновациялық үрдістерге ауысатын өтпелі кезеңінде және «инновация» ұғымы соңғы жылдардың ішінде білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасауы, меңгеруі, қолдануы және таратуға байланысты бір бөлек қызметі тұрғысынан түсіндіріледі. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа инновациялық сипатты талап етеді. Заман талабына сай әр ұжымның, әр педагогтың білім беру жүйесіндегі жаңалықтар мен қайта құруға, өзгерістерге баса назар аударып, өзіндік ізденісі арқылы инновациялық үрдіске ену қажеттілігі туындайды.

Математикадан қарапайым ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі – мектеп жасына дейінгі балаларының математикалық дамуының заңдылықтарының, математикалық дамуды қамтамасыз ететін педагогикалық жағдайларды зерттейтін ғылым. Мектепке дейінгі баланың қоршаған ортаны тануға ерекше белсенді болып келеді. Ал математикаға деген қызығушылығы ерте басталады. Баланың дүниетанымы, көзқарасы, ең алдымен, көзге түскен заттардан қалыптаса бастайды. Бала өз бетімен ұстап көру, сезіну, қателесу арқылы дамиды [1]. Бала белгісізден белгіліге, қарапайымнан күрделіге қарай жылжи бастайды. Бір сөзбен айтқанда, бала өз дамуында біртіндеп көтеріле бастайды. Әрбір жаңа көтерілген баспалдағы оның мүмкіндіктерін кеңейтіп, оларды қолдану тәсілдерін жүзеге асырып, түсініктерін байытады. Жаңамен және бар білім арасында байланыс қалыптаса бастайды. Балада «жүйелеу» пайда болады.

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру мәселелерін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан талдау 30-50 жылдары кеңес дәуірі психологиясы және педагогикасы негізінде жүргізілді.

Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру проблемасына педагогтардың, психологтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Бұл проблемалардың кейбір қырлары көне замандардан бастау алған.

Е.И.Тихееваның пікірі бойынша бала дамуының бүкіл барысы табиғи күштеусіз, қысымсыз болуы керек. Ол  санау материалдары ретінде табиғи материал - тасты, ірі бұршақты, жапырақтарды, бүрлерді сондай-ақ ұсақ ойыншықтарды, түймелерді, ленталарды  т.б. алуға кеңес береді.

Осы әдіспен Е.И.Тихеева балаларды өмірде кездесетін артық, кем, биік, аласа, кең, тар, қымбат-арзан, ауыр-жеңіл, қалың-жұқа, ірі-ұсақ сияқты ұғымдармен таныстырады.

Ф.Н.Блехер балабақшада балаларға математикалық білім беру методикасын жасауда үлкен роль атқарды. Оның «балалар бақшасы мен нөлінші топтағы математика» 1934 ж. деген кітабы есеп бойынша советтік балабақшасына арналған бірінші оқу құралы және бағдарлама болды. Ол жазған методикалық жазбалар (1938, 1943, 1945) сол жылдары балабақша үшін басшылық құжат ретінде қызмет етті. Шетел авторларына сүйене отырып, Блехер екі санын бала 3-4  жаста, 3 санын 4-4,5 жаста, 4 санын 5-5,5 жаста айыра біледі деп есептеді. Мысалы, кіші топта (3-4 жас) 4-ке дейінгі сандар,  Ересек тобында (5-6 жас) 10-ға дейінгі сандарды анықтай алады және жұп ұғымын меңгереді.

Ол балаларды жекелеген заттар мен топтарды санауға, қосу мен азайту әрекетіне өзгертуді, санның бірлігі ретінде ондықты түсіне білуін қалыптастыруға үйретуді ұсынды.

  Ф.Н.Блехер балабақшада математикалық білім беру әдістемесін жасауда үлкен қызмет еткен. Оның «Балалар бақшасы мен нөлінші топтағы математика» атты кітабы 1934 жылы жарық көрген. Ол балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру жұмыстарының жалпы жолдарын ұсынды. Балалармен жұмыс жасаудың екі негізгі жолдарын белгілеген:

...

Скачать:   txt (13.9 Kb)   pdf (88.6 Kb)   docx (11.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club