Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәсіпорынды басқарудағы маркетингтік ақпарат жүйесі оны жетілдіру жолдары

Автор:   •  Март 12, 2021  •  Реферат  •  7,731 Слов (31 Страниц)  •  308 Просмотры

Страница 1 из 31

КІРІСПЕ

  Қазіргі маркетинг әділетті түрде ХХ ғасырдың экономикалық феномені болып саналады. Оған бірнеше себеп бар екенін атап көрсете отырып, төменде солардың бірнешеуіне тоқталғанды жөн көріп отырмыз. Алғаш рет экономикалық қызметте маркетинг қоғамның экономикалық жүйесінің негізгі аясында үлкен маңызға ие болды. Әлемдік экономиканы жаһандандыру мен дүниежүзілік нарықта нақты және виртуалды тауарларды артық өндіру, сол сияқты артық қызмет көрсету, экономикалық қызмет субъектілерінің оларды өндіруге қарағанда, тауарлар мен қызмет көрсетулерді тұтынушыға дейін жеткізуде, көбінесе аса үлкен шығындар жұмсауына әкелетін болды. Егер осыдан 50 жыл бұрын, нарықтар уақыттың көп бөлігінде тұрақты жағдайларда жұмыс жасаса, онда қазіргі қарқынды даму уақыты, құрылымы бойынша да, сол сияқты мазмұны бойынша да, тұрақты өзгерістер мен нарықтардың тұрақты трансформациялану дәуіріне айналды. Материалдық өмір деңгейінің артуымен бірмезгілде нарықтағы өнімдердің алуандығы молаяды және бұл, тұтынушылардың жеке талғамдары мен артықшылық берушіліктерін алдын ала анықтайды. Сондықтан, қарқынды нарықтардағы бәсекелестік күресте, сатып алушылар мен пайдаланушылардың барған сайын көбірек саралануы олардың қажеттіліктерін терең білмей табысқа жету мүмкін емес. Өндірілетін өнімдердің (бірінші кезекте азық-түлік тауарларының) бірсыпырасының материалдық-заттық құрамының алуандығы ұлғайып, техникалық тауарлар барған сайын күрделене түсіп, қатардағы сатып алушылар мен тұтынушылар үшін олардың жұмыс істеуін (және әсіресе сапасын) түсіну қиын бола түседі. Басқалай айтсақ, нарықта сенім білдіруші игіліктер барған сайын көбейіп, тәжірибелік игіліктер азая береді. Бұл өндірушіге/сатушыға (бір жағынан) және сатып алушыға/тұтынушыға (екінші жағынан) қолжетімді ақпараттардың асимметриясына әкеледі. Ілгеріде айтылғандар, сондай-ақ өзге де бірқатар себептер бойынша экономиканың әртүрлі салаларындағы кәсіпорындардың маркетингтік қызметі көптеген параметрлер бойынша нарықтық ортаның стохастикалық және алдын ала болжап білуге болмайтын жай-күйлерінде жүзеге асырылады. Өндірісте және сауданың әр түрлі буындарында тауарлардың нормативтен артық қорларының болуы, тауар айналымдылығын төмендетуге және сауда-логистика кешенінің рентабельділігін қамтамасыз ету проблемасына әкеледі. Экономикалық тұрғыдан бұл проблемалар жиі түрде негізсіз, шығындардың орнын толтыратын өткізу бағасын көтеру жолымен, сатып алушылар есебінен 5 есе шешіледі. Бұл, түрлі жоспарлы басқару шешімдерін қабылдаудың дамыған ақпараттық-талдамалық базисінің объективті қажеттілігін туғызады. Соның нәтижесінде маркетинг теориясы мен практикасында, алдыға қойылған міндеттерді шешу оның негізгі мақсаты болып табылатын, маркетингтік зерттеулердің ерекше бағыты қалыптасып, бөлініп шықты. Атап айтқанда, олар тұрақсыз нарықтық орта жағдайларында кәсіпорынның орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін тиянақты негіз болып қатысады. Осындай міндеттердің күрделілігі, негізгі нарықтық үдерістердің дамуы туралы кешенді түсінік алу және олардың болашағын қарастыруға мүмкіндік беретін, жалпығылыми таным әдістерін қолданудың қажеттілігін алдын ала анықтайды. Осындай әдістердің ішінде, күрделі әр түрлі деңгейлердегі экономикалық жүйелерге терең талдау жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететін, маркетингтік зерттеулерді орындауда жүйелік тәсілдемеге басты орын беріледі. Маркетингтік зерттеулердің әлемдік нарығындағы тапсырыс берушілердің құрылымында тұтыну тауарларын өндіруші-кәсіпорындар басты орын алады. Бұл ретте маркетингтік ақпараттар жинаудың сандық әдістері сапалық әдістерден басым болады. Онлайндық және телефондық сауалнамалар жүргізу барған сайын көбірек салмаққа ие болуда, бұл жеке сұхбаттар алудың дәстүрлі әдістерін пайдалану кезінде респонденттерге қолжетімділіктің анағұрлым қымбаттауымен және маркетингтік зерттеу жүргізуді жеделдету ұмтылысымен байланысты болып отыр. Осылайша, тұтастай алғанда маркетингтің және жекелей алғанда маркетингтік зерттеулердің экономикалық қызмет орталығына ығысу үрдісін  анық байқауға болады. Бұл, болашақ маркетинг мамандары үшін ғана емес, сонымен бірге өзге экономикалық мамандықтағы студенттер үшін аталмыш оқу пәнін зерделеудің өзектілігін арттыруға себепші болады.

...

Скачать:   txt (122 Kb)   pdf (281.9 Kb)   docx (40.6 Kb)  
Продолжить читать еще 30 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club