Қазақстан Республикасының төлемдік жүйесінің даму болашағы мен қажеттілігі, жетілдіру жолдары
Автор: meruert18 • Март 22, 2021 • Курсовая работа • 8,727 Слов (35 Страниц) • 551 Просмотры
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.....................................................................................................................3
- ҰЛТТЫҚ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ
- . Мемлекеттік төлем жүйесін ұйымдастырудың принциптері мен формалары.............................................................................................................5
- . Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің құрылуы және дамуы.....................................................................................................................9
1.3. Қазақстан Республикасының қолма –қолсыз есеп айырысу жүйесі......12
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚШАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ НЫСАНДАРЫ
- . Қазақстанда электрондық ақша айналымын ұйымдастырудың негіздері...............................................................................................................15
- . Төлем карточкаларының ұлттық жүйесін құру.............................................17
- . Қазақстандағы пластикалық карталардың қолданылуы және тиімділігі..............................................................................................................21
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
- . Қазақстан Республикасының төлемдік жүйесінің даму болашағы мен қажеттілігі, жетілдіру жолдары.........................................................................24
- . Төлем жүйесінің төлем карточкалар арқылы жұмыс жасауының экономикалық аспектілері..................................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................33
КІРІСПЕ
Қазіргі кезеңде қолма-қол ақшаны алу үшін кеңінен қолданылатын есеп айырысу құралына электрондық ақшалар, яғни пластикалық (төлем) карточкалары жатады.
1960 жылдың ортасынан бастап төлем карточкалары кеңінен қолданылған. Ал Қазақстан Республикасындағы төлем карточкалар нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады.
Төлем карточкалары арқылы электрондық ақшалар және оларды ұзақ пайдалануды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.07.02 жылғы № 713 қаулысымен «Микропроцессорлық карточкалар негізінде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесін дамыту бағдарламасы» бекітілді.
Жалпы ұлттық міндеттерді іске асыру мақсатында барлық банктерді бірыңғай процессингтік ұйым арқылы жұмыс істеу үшін біріктіру банктердің эквайринг бизнесін неғұрлым тиімді жасауына, ал босаған қаржы ресурстарын пластикалық карточкаларға қызмет көрсетудің инфрақұрылымын дамытуға және банктік қызмет көрсету аясын кеңейту үшін бағыттауға мүмкіндік береді.
«Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы» ҚР Заңының талаптарын, мемлекет басшысы мен Үкімет қаулысын орындау үшін Ұлттық банктің бастамасы бойынша және қазақстандық 11 банктің қатысуымен Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесін басқару үшін арнайы ұйым -«Процессинг орталығы» ЖАҚ-ы құрылды. Vіzа халықаралық төлем жүйесінде сертификаттау туралы ресми растауды алып, «Процессинг орталығы» ЖАҚ-ы қазіргі уақытта банктерді Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесіне қосу мәселелерімен белсенді айналысуда, бірыңғай ұлттық төлем жүйесін құру мәселесін талқылауда, сондай-ақ Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйе шеңберінде микропроцесорлық карточкалар үшін бірыңғай ұлттық стандарттарды өндіру мәселелерін пысықтауда.
Сонымен, «Процессинг орталығы» ЖАҚ-ы алдында мынадай негізгі міндеттер тұр:
1. Микропроцессорлық технологиялар базасында төлем карточкаларының ұлттық жүйесін құру;
2. Халықаралық және ұлттық карточкаларды қабылдауды қамтамасыз ететін жалпы ұлттық эквайринг желісін қалыптастыру.
Болашақта «Процессинг орталығы» ЖАҚ өзінің кызмет көрсету тізімін кеңейтуді көздеп отыр Атап айтқанда, «Әлеуметтік карточка» жобасын өндіру мүмкіндігі қаралады. Бұл жоба банктік емес қосымшалармен микропроцессорлық төлем карточкаларын ендіруді көздейді, оларда оның иеленушінің бірегейлендірілген деректері сақталатын болады: аты-жөні, СТТН, ӘЖК, төлқұжаттық деректері, мекен жайлары және т.б.. Бұл карточка әдеттегі төлем карточкасының функцияларын орындай алады және сонымен, бір мезгілде қалалық көлікте жол жүру билеті, таксофон карточкасы, ерікті немесе міндетті медициналық сақтандырудың сақтандыру полисі ретінде пайдаланылады.
...