Математика сабағында қалыптастырушы бағалау
Автор: Гулнур Узакбаева • Сентябрь 6, 2019 • Курсовая работа • 19,671 Слов (79 Страниц) • 929 Просмотры
Тақырыбы: «Математика сабағында қалыптастырушы бағалау»
Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................................6
1 Оқытудың мақсаты...................................................................................................8
1. Оқушының позициясымен оқыту мақсаты.........................................................8
2. Оқушыларға сабақтың мақсаты реттеп көрсету...............................................13
3. Мақсатқа жету деңгейін анықтайтын индикатор әзірлеу................................14
1. Жетістікке жету алгоритмі .................................................................................18
2. Кері байланыс.......................................................................................................23
1. Жазбаша кері байланыс......................................................................................25
2. Ауызша кері байланыс........................................................................................30
3. Оқу барысын жақсарту мақсатында кері байланыстың қортындысы бойынша оқытушылардың іс – әрекетіне түзету енгізу.........................................32
1. Өзін – өзі бағалау және өзара бағалау.................................................................36
1. Өзін - өзі бағалау.................................................................................................36
2. Оқушылардың өзара бағалауы...........................................................................38
1. Бағалау критериі..................................................................................................40
2. Оқу үрдісіндегі мотивация.................................................................................44
3. Математика сабағында қалыптастырушы бағалау кейбір техникасы............50
1. Математика сабағында қолданылған кейбір техниканы сипаттау.................50
2. Қалыптастырушы бағалаудан алынған нәтижелерді
тіркеп, жинақтау, талдау...........................................................................................55
Қорытынды ................................................................................................................57
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................59
Кіріспе
Зepттeу жұмысының өзeктілігі: Білім әлемінде бәсекеге қабілеттіел болу үшін шетелдік оқу орындарының жетістіктерін пайдаланып, оқу үрдісіндегі іс-тәжірибелерін меңгеріп, оқу жүйесі мен технологиясында өзіндік әдістеме қалыптастыру қажет. Осы орайда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттың және жалпы адамзаттың, құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жекеадамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағыталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім берудіақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп баса көрсетілген. Сондықтан қазіргі жүргізіліп отырған сабақтардаоқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін пайдаланып, заманауи технологияларды меңгерудің маңызы зор.
Қазіргі заманда математика және технология ғылымдары қарқында даму үстінде, сондықтанда үлкен буындардан қоғамдық өмірге толыққанды араласып, жеке тұлға ретінде өзінің деңгейін өсіруге, математика және технология ғылымдарында сауаттылықты танытуын көптеп талап етуде. Математикалық білімі жеткілікті дәрежеде болмағандықтан, адамның алдына қойған мақсатына жетуге, қоғамдық өмірге толыққанды араласуға кері әсерін тигізеді.
Оқыту тиімділігінің артуы оқушы табысын бағалау сапасына тікелей байланысты. Бақылаудың дәстүрлі құралдары талап етілетін білім, білік, дағдыларының деңгейін ашуға
...