Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесі

Автор:   •  Сентябрь 8, 2021  •  Реферат  •  5,809 Слов (24 Страниц)  •  398 Просмотры

Страница 1 из 24

Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және

бағалау жүргізу әдістемесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) талдау жүргізу машықтарын практикалық игеру мақсатында қолданылады және тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін немесе ондағы нарық субъектілерінің жағдайын талдау мен бағалауды талап ететін жағдайда, оның ішінде:

1) осы тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін айқындау және (немесе) реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу кезінде;

2) экономикалық шоғырлануды мемлекеттік бақылау кезінде;

3) үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың, бәсекелестікке қарсы келісімдер мен келісілген іс-қимылдарының белгілерін анықтау кезінде;

4) кәсіпкерлік ортада мемлекеттің болуының мақсаттылығын белгілеу мақсатында акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке және олармен үлестес тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік заңды тұлғалар) тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар мен заңды тұлғалардың қызметіне талдау жүргізу кезінде пайдаланылады.

2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Субсидиарлық – мемлекеттің экономикаға қатысуының көмекші рөлі қағидаты.

Осы Әдістемеде қолданылатын өзге де ұғымдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінде айқындалған.

3. Тауар нарықтарындағы бәсекелес ортаның жай-күйін талдау және бағалау осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген жалпы және ерекше өлшемшарттарға сәйкес жүргізіледі.

4. Бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу үшін тауар нарықтарына іріктеуді жүзеге асырудың мақсаттары:

бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу үшін тауар нарықтарына іріктеудің басымдығын анықтау;

бәсекелестікті дамыту және қорғау, оның ішінде монополистік қызметтің алдын алу және жолын кесу жөніндегі жүргізіліп отырған жұмыстың тиімділігін арттыру болып табылады.

5. Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды:

1) тауарлардың бірін-бірі өзара алмастыру өлшемшарттарын айқындау;

2) тауар нарығының шекараларын айқындау,

3) тауар нарығын зерттеудің уақыт аралығын айқындау;

4) тауар нарығында жұмыс істейтін нарық субъектілерінің құрамын айқындау;

5) тауар нарығының көлемі мен нарық субъектілерінің үлесін есептеу;

6) тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін бағалау;

7) тауар нарығына кіру тосқауылдарын айқындау;

8) нарықты талдау жөніндегі тұқжырымдар.

Экономикалық шоғырлануды мемлекеттік бақылау, сондай-ақ үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланудың бәсекелестікке қарсы келісімдері мен келісілген іс-қимылдарының белгілерін анықтау кезінде тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін талдау және бағалау осы тармақтың 6), 7) тармақшаларын алып тастайды.

Егер үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтау кезінде тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйін талдау және бағалау нарық субъектісінің үлесі отыз бестен астам, бірақ елу пайыздан аз пайызды құрайтындығын немесе нарық субъектілерінің жиынтық үстемдігі бар екендігін көрсеткен жағдайда, осы тармақта көзделген барлық кезеңдерді сақтай отырып, тауар нарығындағы

...

Скачать:   txt (70.3 Kb)   pdf (108.8 Kb)   docx (33 Kb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club