Қалыптастырушы бағалау технологиягиясы негізінде қазақ тіліндегі тілдік дағдыларды қалыптастыру
Автор: molya_abdu • Март 31, 2024 • Реферат • 2,610 Слов (11 Страниц) • 127 Просмотры
Ө.Жәнібековатындағы Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университеті
Филология факультеті
[pic 1]
Ғылыми жоба
6В01701 –"Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау" БББ
Тақырып: «Қалыптастырушы бағалау технологиягиясы негізінде қазақ тіліндегі тілдік дағдыларды қалыптастыру»
Орындаған: Жиенбаева М
Тобы: 1704-12
Қабылдаған: Ораз А
Шымкент қаласы 2024
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Қалыптастырушы бағалаудың мәні.
2.Қазақ тілі сабағында қалыптастырушы бағалауды қолданудың негізгі әдістері
Қортынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Зaмaн өзгeріп жaтыp, біздe зaмaн тaлабынa сaй өзгеруіміз кeрeк. Мұғaлім мамaндығы – жауaпкeршілігі мoл мaмaндық. Жеке тұлғаны қалыптастыруын дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру жолында неғұрлым тиімді шараларын енгізу бүгінгі ұстаздың жауапты ісі болу керек. Әсіресе, бағалау үдерісінің маңыздылығына ерекше мән беріп, сабақта бағалаудың бірнеше түрлерін қолдануға мүмкіндігіміз бар. Бұрынғы дәстүрлі сабақ барысында тек мұғалім ғана бағалай алады деген түсінік қалыптасқан, ал енді біз оқушыларға өз білімі үшін жауапкершілікті арта аламыз. Бағдарлама бойынша біз бағалаудың екі түрін ажырата аламыз: формативтік (қалыптастырушы) және жиынтық. Жиынтық бағалау немесе оқуды бағалау деп айтуға болады, бізге оқушының, мұғалімнің, мектептің мәртебесіне ықпал ететін жалпы сертификаттау үшін пайдаланатын бағалаудың бір түрі. Осы бағалау түрін біз үнемі дәстүрлі сабақ барысында пайдаланғанбыз. Ал енді қалыптастырушы бағалаудың мақсаты - оқушылардың оқуына ықпал ету.
Қалыптастырушы бағалаудың мәні
Негізгі жалпы білім берудің мемлекеттік білім беру стандартында оқушылардың жетістіктерін бағалау жүйесіне жаңа тәсілдерді әзірлеуді талап ететін жаңа оқу нәтижелері көрсетілген. Осыған байланысты мектептер білім беру процесін жаңаша түрлендіруі тиіс. Жалпы білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелеріне қойылатын талаптар және қалыптастырушы бағалауды меңгерудің нәтижелері:
-оқу мақсаттарын өз бетінше анықтау, оку мен танымдық іс-әрекетте өзі үшін жаңа міндеттер қою және тұжырымдау, танымдық іс-әрекетінің мотивтерімен мүдделерін дамыту;
-мақсаттарға қол жеткізу жолдарын өз бетінше жоспарлау, оның ішінде баламалы оқу және танымдық міндеттерді шешудің неғұрлым тиімді тәсілдерін саналы түрде таңдау;
-өз іс-әрекеттерін жоспарланған нәтижелермен байланыстыру, нәтижеге қол жеткізу процесінде өз қызметін бақылауды жүзеге асыру, ұсынылған шарттар мен талаптар шеңберіндегі іс-қимыл әдістерін анықтау,
-оқу тапсырмасының дұрыстығын, оны шешудің өзіндік мүмкіндіктерін бағалау;
-оқу және танымдық іс-әрекетте өзін өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, шешім қабылдау және саналы таңдауды жүзеге асыру негіздерін меңгеру;
-ұғымдарды анықтау, жалпылау құру, аналогия құру, жіктеу, себеп - салдар байланысын орнату, логикалық, ойлау, қорытынды жасау (индуктивті, дедуктивті және аналогиялық) және қорытынды жасау мұғаліммен және құрдастарымен оқу ынтымақтастығын және бірлескен қызметті ұйымдастыру;
-жеке және топта жұмыс істеу: ұстанымдарды келісу және мүдделерді ескеру негізінде жанжалдарды шешу және ортақ шешім табу;
- өз пікірін қалыптастыру, дәлелдеу және қорғау.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде қазіргі мектеп бағалаудың жаңа жүйесін құруды талап етеді деген қорытынды жасауға болады [1].
...