Дискретті математика пәні. Математикалық білім жүйесіндегі дискретті математиканың алатын орны
Автор: gulnaz_94_29 • Ноябрь 18, 2018 • Лекция • 15,579 Слов (63 Страниц) • 2,196 Просмотры
1 лекция.Дискретті математика пәні.Математикалық білім жүйесіндегі дискретті математиканың алатын орны.
Жоспар:
1.Дискретті математика пәні.
2.Математикалық білім жүйесіндегі дискретті математиканың алатын орны.
Күрделі автоматизациялы жүйелерді құру және оларды жүргізу, ақпараттарды өңдеу және олардың есептеу техникасындағы, экономикалық математикалық және жоспарлы қамту және адамдардың басқа облысындағы білімінде дискретті математика қажет.
Дискретті математика- математиканың бір бөлігі болып ілгеріде пайда болған.
Информатика мамандығын меңгеруші студенттер үшін аталған пән негізгі пәндердің біреуі болып есептеледі. Курста келтірілген ұғымдар мен тұжырымдар «ЭЕМ және бағдарламалау», «Логикалық бағдарлау», «Математикалық логика» және т.б. қолданылады.Дискретті математиканың есептерін шығарғанда алгоритмдік әдіске зор көңіл бөлінеді.
«Дискретті математика» курсы мектеп математикасының материалдарына сүйенеді және «Алгоритмдер теориясы», «Логикалық бағдарлау», «Информатиканың теориялық негіздері» курстарында және т.б. пайдаланылады.
Математикалық логика және дискретті математика пәні студенттердің абстрактылы ойлау мәдениетін қалыптастыратын әдістемелік тұрғыдан өз ара байланысты тұтас курсты құрайды. Математикалық білім беру жүйесінде дискретті математиканың негізгі бөлімдерімен математикалық логиканың бастамаларын білдіру міндетті болып табылады.
Математикалық логика және дискретті математика – ең көне, мәңгі жас және ежелден етене кіндіктес егіз пән. Оған дәйектілік дәлел етіп, бүгінгі мектеп математикасында қалт қалдырмай оқытылып келе жатқан Фалес ( б.з.б. 625-548) пен Пифагордың ( б.з.б. 580-500) теоремаларын, Аплатон ( б.з.б 427-347) денелерін және Евклид (б.з.б. 350-300) алгоритімін т.с.с. ежелгі дүниенің алғашқы айтулы математиктерінің бізге мирас боп жеткен мұраларын атай аламыз.
Алдыңғы аталып өткен арғы замандық айтулы ойшылдардың данагерлік оқуы және солардың дәріскерлік еңбектері арқасында бүкіл ғаламға білім қазыналығы таза ақыл дәрменіне сүйеніп жасалған.
Аристотель логикасы ( Аристотель Органоны ), ғылыми математиканың тұңғышы Евклид Бастамалары ( Евклид элементтері) сынды түп ірге тастық ғылыми жауһарларымен толыққанын өркениет тарихи жақсы біледі. Евклид Бастамалары, бұл күнде, « Аксиоматикалық математика » немесе «Элементар геометрия курсы » т.с.с. деген атаулармен орта білім беретін мектептердің баршасында негізгі оқу пәні ретінде күні бүгінге дейін үнемі жүргізіліп келеді.
Аристотель Органоны ( Ой қаруы ) қазіргі ғылым жүйесімен оқу үрдісінде өзара мағыналас әртүрлі мынадай балама сөздермен аталады: Аристотель Органоны логикасы – Дәстүрлік логика- Ойланымдық логика- Классикалық логика- Жалпы логика- Формальдық логика.
Ежелде гректің « logos » ( ой, сөз, ұғым, мәніс ) деген байырғы сөзінен туындап өріс алған логика деген атауына сөз, бұл күнде үш түрлі ұғыми мағынада жұмсалады.
Логика сөзі бір мағынада кеңінен қолданылады. Онда « Логика – дұрыс ойлау қалыптары (формалары), амалдары және қағидалары (заңдары) туралы ғылым » деген ұғыми анықтама басшлыққа алынады.
Логика пәні қазіргі кезде көп қырлы, сан саналы өрісте де өркенді ғылым жүйелік түзеді.
Оның басты тармақтары қатарында Диалектикалық логика, модульдық ( қажеттілік пен мүмкінділік ) логикасы, қолданбалы логика, математикалық логика т.с.с. деп аталатын өзінің арнаулы зерттеми нәрсесі және машықтық әдісі бар әр алуан логика пәндері өмірге келді. Солардың ішіндегі бүгінгі заманда айрықша көңіл аударарлық басшылардың бірі математикалық логика пәні болып табылады.
Математикалық логиканың барлық логика салалары ішінде ерекше орынға қойылуының өзіндік ебебі бар.
...