Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Математикалық сауаттылық есептері. Математиканың теміржол саласымен байланысы

Автор:   •  Декабрь 2, 2018  •  Статья  •  1,263 Слов (6 Страниц)  •  658 Просмотры

Страница 1 из 6

Мұратбекова Айдана Саматқызы,

1 курс магистранты, 6М010900  Математика мамандығы

МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЕСЕПТЕРІ.

МАТЕМАТИКАНЫ ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНДА ПАЙДАЛАНУ.

Аңдатпа

Математика пәнін оқыту адам баласының логикалық ойлау қабілетін дамытып, нақтылыққа,  негізгі мәліметті анықтауға, түрлі салада кездесетін есептердің шешімін табуға дағдыландырады. «Математикалық сауаттылық есептері. Математиканы теміржол саласында пайдалану» мақаланың негізгі

Мақсаты:

Мамандық таңдауда математикалық біліммен қаруланудың қажеттілігін дәлелдеу; математика ғылымы  тақырыптарының теміржолшылар мамандығында қаншалықты сұранысқа ие екендігін  зерттеу.

Міндеттері:

1.Теміржолшы мамандығы туралы ақпарат жинау;

2.Теміржолшылар мамандығына қатысты математикалық есептеулер дайындауда түрлі әдіс-тәсілдерді (сұхбат, сұрыптап талдау, іздестіру,  жинақтау) пайдалану.

Аннотация

Изучение математики развивает логическое мышление, приучает человека к точности, к умению видеть главное, сообщает необходимые сведения для понимания сложных задач, возникающих в различных областях деятельности современного человека, в данном случае в выборе будущей профессии железнодорожника.

Целью исследования является:

Доказать необходимость изучения математики для овладения знаниями при выборе профессии, исследовать, как востребованы знания отдельных тем математики в профессиональной деятельности на железной дороге.

Задачи исследования:

1.Изучить литературу и найти информацию, подтверждающую актуальность выбранной темы.

2.Подготовить математические расчеты на службе профессии железнодорожника.

Abstract

The research objectives: to study the literature and find information that confirms the relevance of the chosen topic. Prepare mathematical calculation in the service of a railway workers profession.

The studu of mathematics develops loqical thinkinq, accustoms a person to accuracu, to the ability to see  the main thinq, сommunicates the necessaru information to understand the  complekx problems that arise in the various fields of activity of modern man, in this case in the choice of the future profession of a railwayman. The aim of the research is: to prove the necessity of studyinq mathematics for masterinq knowledqe in choosinq a  profession, to explore hom popular knowledqe of individual topics of  mathematics in   professional activity on the railway is.

Ең қиын мамандық - адам боп қалу.

Хосе Хулиан Марти

       

Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Мамандық  таңдау-адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі. Себебі, адам тағдырының бір бөлігі таңдаған  мамандығымен  ұштасып жатады. Адам асқақ  арманға, биік мақсатқа ұмтылады. Математика саласы барлық маман иелеріне қажет екені баршамызға мәлім.

Математиканың  бастапқы  мағлұматтары  барлық  халықтарда  болған. Күнтізбе  жасау, құрылыс,  жер  суару,  жер және әр түрлі ыдыс көлемін өлшеу, теңізде  жүзу,  жан жақты  байланыс  жасау  ісі  математикалық білім-дағдылардың дамуын  талап  етті, оның  бастапқы қарапайым ережелерімен дәлелдеусіз            қалыптаса  бастады.

Еліміздің кең байтақ жерінен жіптей тізілген темір жолдары орын алған. Поезд жолының рельстері вагон мен локомотив ауырлығын көтеріп, қозғалыс бағытын анықтайды. Бір қарағанда темір жолы қатар тізілген шпалдардың үстіне рельс төселгендей өте қарапайым құрылыс ретінде көрінер. Алайда  темір жолдың әр километрінде қаншама адам еңбегі жатқанын баршамыз біле бермейміз. Міне, дәл осы жерде математиканың қажеттілігі туындайды.

Темір жолының құрылысы тасымалданатын жүктің өлшемі мен ерекшеліктерін  анықтау сияқты экономикалық есептеулерден басталады. Яғни, алдымен темір жолының жобасы сызылады. Одан кейін темір жолы төселетін аймақ  анықталады. Техникалық және экономикалық нұсқаулар есептелінеді. Жолды төсеуді жоспарлауда  құрылысшылар неғұрлым арзан жолдарын қарастырады: құрылыс жұмысының көлемі мен жұмсалатын уақыты  ескеріледі.

...

Скачать:   txt (15.9 Kb)   pdf (230.2 Kb)   docx (46.8 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club