Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алгоритм туралы ұғым. Оның қасиеттері және түрлері

Автор:   •  Январь 1, 2023  •  Практическая работа  •  1,023 Слов (5 Страниц)  •  217 Просмотры

Страница 1 из 5

«ОҚУШЫ  ОРТАЛЫҒЫ» КММ

«Толқын» балалар шығармашылық клубы

Ашық сабақ

тақырыбы:

««Алгоритм туралы ұғым. Оның қасиеттері және түрлері»»

Өткізген: қосымша білім педагогы

Әсіл М.Ә.

                                       

                                                           Ақтау 2022ж.        

Бекітемін

БЕКІТЕМІН

 «Оқушы  Орталығы» КММ  әдіскері

_______________Д.К. Махметова

«______»  _______   2022ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Әсіл Мадина Әбілхайқызы

Жұмыс орны:

«Оқушы Орталығы» КММ, «Толқын» аула клубы, «Қызықты математика» үйірмесі

Дата:

29.03.2022ж

Топ: 3

Жалпы бала саны:15

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

«Алгоритм туралы ұғым. Оның қасиеттері және түрлері»

Сабақтың мақсаты:

- Алгоритм ұғымы және оның қасиеттері, түрлері туралы мағлұмат беру

- Оқушыларды мақсатқа жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, уақытты үнемдеуге тәрбиелеу;

- Алгоритм және оның қасиеттеріне мысалдар келтіре отырып, оқушылардың   ойлау қабілетін және логикасын дамыту.

Сабаққа керекті көрнекіліктер:

Слайд-презентация, үлестірмелі тапсырмалар. суреттер, мақал-мәтелдер, тапсырмалар, интерактивті тақта

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Сабақ барысы:

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақ түрі

Ресурстар

Ұйымдастыру сәті:

2 минут

Өткен тақырыпты қайталау

3 минут

Жаңа білім:

15минут

5 минут

3минут

Оқып-үйренгенді меңгергенін тексеру

5 минут

5минут

Кері байланыс

3минут

Сабақты қорытындылау

2 минут

Үйге тапсырма:

 2 минут

Психологиялық ахуал

«Ойын түрінде бір – бірімен сәлемдесу»

Оқушылар бір-біріне суреттегі қимылды көрсету арқылы   сәлемдесіп, сыныпқа кіреді.

Үстел үстінде тұрған түрлі-түсті пішіндерді  таңдай отырып топқа бөлінеді.  

«І топ – қызыл түс », «ІІ топ - сары», «ІІІ топ -жасыл».

Құралдарын дайындату.

Сұрақ-жауап

Балалар өткен сабақта қандай тақырыпты өттік (балалардың жауабы: теңдеулер, теңсіздіктер,  теңдіктер)

Пысықтау сұрақтары:

— Теңдік, теңсіздік, теңдеу дегеніміз не? Мысал келтіреміз.

  1. Құрамында әріппен белгіленген белгісізі бар теңдікті теңдеу деп атайды. 

 х : 9 = 30;        b -125= 60

  1. Теңдік дегеніміз  - бірдей мәнді немесе  математикалық нысанды білдіретін өрнектер арасындағы байланыс.    20+48=68;     35-25 =10
  2. Өрнектің сол және оң жағы теңсіздік белгісімен байланысса онда бұндай өрнекті теңсіздік деп атаймыз.  45+34*70-18;   85-25 *50+20

(Балаларды мадақтап, назарларын жаңа сабаққа аудару).

Ой қозғау – «Ребус»

[pic 1]

Мақсат қою:

Күнделікті өмірде, мектепте әртүрлі есептерді шешуге тура келеді. Кейбір есептер математикамен байланысты емес, сонымен қатар сіздер оларды есеп ретінде де қарастырмайсыздар да, оларды ойланбай-ақ шешесіздер. Мұндай есептерге: «Бір затты сатып алу», «Киноға бару», «Жолдан өту ережесі» және т.б. жатады. Бұл есептерді шешу бірнеше тізбектелген қадамдармен жүзеге асырылады. Есепті шешудегі тізбектелген қадамдар алгоритм деп аталады.

Алгоритм дегеніміз – іс әрекеттің рет-ретімен, тізбектеліп орындалуы.

 Алгоритм сөзінің пайда болуы ұлы араб математик Мұхаммед әл-Хорезмидің атымен байланысты. Әл-Хорезмидің еңбектерін латын тіліне аударғанда Алгоритми деп жазған.

Атақты араб математигі Әл – Хорезми 783-850 жылдары өмір сүрген.

Хорезми математик қана емес, дарынды мұғалім және тәрбиеші. Әл-Хорезми б.з. ІХ ғасырында сандарға қолданылатын төрт арифметикалық амалдардың орындалу ережесі туралы математикалық кітап жазған. Бұл ережелер сандардың қосындысын немесе көбейтіндісін алу үшін орындалу қажет іс-әрекеттер тізбегін анықтайды.

Латын тіліне аударғанда автор атын Алгоритми деп жазған. Оның еңбектеріне сілтеме жасағанда «Алгоритм осылай айтқан …» деген.

Уақыт өткен соң әртүрлі есептерді шешу тәсілдері алгоритмдер деп аталатын болды.

Алгоритм мен атқарушы ұғымдары өзара тығыз байланысты.

Алгоритмді тек адамдар құрастырады. Одан алгоритмді құру ережелерін білу талап етіледі.

Орындауға адамдар және әртүрлі құрылғылар да  орындайды.(компьютерлер, автоматтар, тұрмыс техникасы, роботтар)

Сонымен біз сіздермен анықтағандай іс-әрекеттердің көбісін белгілі бір алгоритмдермен орындаймыз, кейде өзіміз оны сезбей де қаламыз. Алгоритмдер әлемі алуан түрлі. Осыған қарамастан кез келген алгоритмдерде бар жалпы қасиеттерді атап кетуге болады.

Олар:

  1. Түсініктілігі — атқарушыға алгоритмнің орындау жолы түсінікті болатындай, алгоритмнің жазылу түрі дәл және толық болуы тиіс.

  1. Дискреттілігі — алгоритм тізбектеп орындалатын қарапайым қадамдарға бөлінуі тиіс. Келесі қадамға көшу алдыңғы қадам аяқталған соң ғана мүмкін болады. Мысалы, газеттегі хабарландыруды оқу үшін алдымен оны сатып алып, содан кейін керекті беті мен айдарды тауып алу қажет.

  1. Анықтылығы — алгоритмнің әрбір қадамы екіұшты болмай, дәл және бір мағыналы болуы қажет. Мысалы, алгоритмде 2-3 стақан қант алу керек деп жазуға болмайды. Қанша қант қажеттігін дәл көрсету керек.
  1. Нәтижелілігі — алгоритмнің барлық қадамдары орындалғаннан кейін ол дұрыс шешімге әкелуі тиіс. Мысалы, информатикадан бес деген баға алу үшін, алдымен теориялық мәліметтерді толық меңгеріп, тәжірибе жүзінде орындай алуыңыз қажет.
  1. Жан-жақтылығы — алгоритм, ұқсас есептерді шешкенде кез келген адам қолдана алатындай етіп жалпы түрде жазылады. Мысалы, сандарды қосу және көбейту ережелері тек белгілі бір сандар үшін ғана емес, кез келген сандарға қолданылады.

Алгоритмнің  танымал түрі, графикалық  сызба түрі.    Бұл алгоритмдер өзара байланысуына қарай үш түрге бөлінеді.

1. Сызықтық 

2. Тармақтық 

3. Циклдік.

Дәптермен жұмыс.

Ережелерді жазып алу.

Сергіту сәті.  

1.Бұл шеңберде нүкте нешеу – сонша қолыңды көтер.

2. Қанша шаршы көріп тұрмыз, сонша алға еңкейеміз.

3. Кескін нешеу болса, шапалақта қуана.

4. Үшбұрышты санайық, сонша отырып тұрайық.

Өзіндік жұмыс.

Үлестірмелі қағаз бойынша жұмыс

«Бағдаршамнан өту ережесі» алгоритмін үш түрлі бағытта  құрастыру. 

Топтық  жұмыс.

Алгоритмдік кестені толтыру арқылы тақырыпқа қатысты адамның аты-жөні шығады.

(Мұхаммед Әл – Хорезми  әл – Мәджуси)

1 топтың тапсырмасы  (Мұхаммед)

Тізбектік  алгоритмге есеп

ІІ топтың тапсырмасы (Әл – Хорезми  )

Тармақтық   алгоритмге есеп

ІІІ топтың тапсырмасы (әл – Мәджуси)

Циклдік  алгоритмге есеп

Қорытынды: 

 «»

«Ақиқат –жалған» ойыны

Айтылған анықтамалардың «дұрыс» немесе «бұрыс» екенін анықтап, тиісті картаны көтер.

  1. Алгоритм атауы атақты ұлы араб математигі  Мухаммед әл-Хорезми атының латынша айтылуынан шыққан – (ақиқат)
  2. Алгоритм дегеніміз – қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар    (жалған)
  3. Алгоритм қасиеті: түсінікті, дискретті, анық, нәтижелі, жан-жақтылы болуы тиіс.    (ақиқат)
  4. Алгоритмді әртүрлі құрылғылар құрастырады.   (жалған)
  5. Алгоритмнің   түрлері:  тізбектік, тармақтық  циклдік болып бөлінеді.    (ақиқат)
  6. Белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырса, ондай  алгоритмдер тобын  циклдік алгоритм дейміз.     (ақиқат)

Рефлексия – «Білім ағашы»

Алма ағашына бүгінгі сабақ туралы ойын алма жемістері арқылы көрсетеді.

Қызыл – сабақ өте қызықты болды. Маған ұнады.

Сары – сабақ маған ұнады. Кейбір тапсрымаларды түсінбедім.

Жасыл – сабақ маған түсініксіз болды. Ешқандай тапсырма орындай алмадым.

«Менің сүйікті тағамымның рецепті» алгоритмін құру.

2 слайд

3слайд

Әр топтан 1 оқушы шығып тапсырманы орындап, анықтамасын айтады.

45+34>70-18

85-25 <50+20

4 слайд

5слайд

6 слайд

7слайд

[pic 2]

8-9 слайдтар

[pic 3]

10слайд

Оқушылар дәптерге алгоритм туралы анықтаманы, неше түрі, қандай қасиеті, блок схема атауларын жазады.

11 слайд

12-13 слайдтар

Сабақта үйренгендері бойынша тапсырманы жеке орындайды.

14-15 слайдтар

Оқушылар топпен жұмыс жасайды.

16-17 слайдтар

18 слайд

...

Скачать:   txt (14.4 Kb)   pdf (206 Kb)   docx (113 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club