Ғылымдағы ақиқат ұғымы, анықтамасы және түрлері
Автор: Nazira_020724 • Декабрь 6, 2021 • Контрольная работа • 526 Слов (3 Страниц) • 472 Просмотры
Семинар№14. Ғылымдағы ақиқат ұғымы, анықтамасы және түрлері
1.Ақиқат сөзіне анықтама беру
2.Ақиқаттың түрлері
3.Ақиқат пен адасу
Конспект
1. Ақиқат – әр адамның өз шындығы емес, жалпыға ортақ шынайы дүние. Бәрі көрген, естіген, білген, сезінген дүниесі. Мәселен адамның өлетіні және туылатыны ақиқат. Ақиқаттың жолы өте ауыр. Ол шындыққа қарағанда үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ғылыми тұрғыда алып қарасақ, шындық – теория, ақиқат – аксиома. Яғни, теория белгілі бір кезеңде өзгеріске ұшырайды. Ал аксиома ешқашан өзгермейтін, жеті рет өлшеніп бір рет кесілген нәрсе.
Ақиқат туралы философия Ақиқат мəселесi, яғни күмəнсiз, шынайы, адекватты (латынша аdaeguatus - теңестiрiлген) бiлiм мəселесi Ежелгi Грецияда қойылып жəне пайымдалған. Оның мəнi неде? Элеаттар мен софистер əсiресе сезiмдiк қабылдауға негiзделген бiздiң бiлiмiмiздiң қоршаған орта туралы шынайы мəлiмет берiп жəне оны дұрыс бейнелейтiнiне күмəн келтiрген болатын. Платон мəңгi жəне өзгермейтiн идеялар туралы бiлiм ғана мүмкiн, ал сезiмдiк əлем туралы мəлiмет, пiкiрлер жалған деп санады. Сондықтан да объективтi құбылыстар мен бiлiмнiң арасындағы сəйкестiктi бекiту мəселесi пайда болды. Философияда мұндай сəйкестiк ақиқат деген атауға ие болды. Аристотель былай деп жазды: "ажыратылғанды ажыратылған, байланысқанды - байланысқан деп есептейтiн адам шын сөйлейдi, ал жалған сөйлейтiн адам - заттардың нақтылығы туралы керi ойлайтын адам". Аристотельдiң бұл сөздерi ақиқаттың классикалық концепциясын қалыптастырып, ол бiздiң заманымызға дейiн жеттi. Бұл концепция бойынша, ақиқат - бұл объективтi құбылыстар мен процестер жəне жекелеген ұғымдар арасындағы сəйкестiк емес, белгiлi бiр түйiндер, яғни, пiкiрлер жəне iстiң объективтi жағдайы арасындағы сəйкестiк болып табылады.
Өмірде ақиқат біреу болса, қателесу көп. Ақиқаттың жолында адамзат талай қателескен. Ғылымның дамуымен қателесу де азаяды. Мысалы, бұрынғы заманда ең ғұлама адамдар да жердің беті теп-тегіс, қозғалмастан түрады деп үғыныпты. Ақиқат теориясында өтірік туралы да үғым бар. Өтірік — ол адамның өзімен байланысты, оны адам ойланып, бір мақсатымен айтады
2.Ақиқаттың түрлері:
Абсолюттік ақиқат – заттар мен құбылыстар туралы толық, жан-жақты, қамтылған жеткілікті білім;
Обьективтік ақиқат-мазмұны субъектіге тәуелсіз, бүкіл адамзатқа да тәуелсіз білім;
...