Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сезім мүшелерінің жалпы мінездемесі және анализаторлар туралы ілім. Көру және иіс сезу ағзалары

Автор:   •  Март 26, 2018  •  Эссе  •  1,384 Слов (6 Страниц)  •  2,165 Просмотры

Страница 1 из 6

Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясы

Морфологиялық пәндер кафедрасы

Тақырыбы: Сезім мүшелерінің жалпы мінездемесі және анализаторлар туралы ілім. Көру және иіс сезу ағзалары

Орындаған: Темірхан А.

Тобы: 207 Б ЖМ

Қабылдаған : Турекулова А.К.

Шымкент 2018

• Сезім ағзалары , organa sensuum. Сезім ағзалары немесе анализаторлар деп нерв жүйесінің сыртқы ортадан, сондай-ақ дененің өз ағзаларынан тітіркенулер алатын және бұл тітіркенулерді сезімдер түрінде қабылдайтын аспаптарды атайды. Сезім ағзаларының көрсетулері бізді қоршаған орта туралы түсініктердің айнасы болып табылады. Сезімдік таным үрдісі адамда алты өзек бойынша іске асырылады: жанасу, есту, көру, дәм сезу, иіс сезу, жердің тарту күшін. Алты сезім мүшесі адамға оны қоршаған объективті дүние туралы жан-жақты мәлімет береді, ол мәлімет адам санасында субъективті образдар – сезімдер, түйсіктер және жадындағы түсініктер түрінде бейнеленеді.

• Сезім пайда болу үшін тітіркендіруді қабылдайтын аспаптар, тітіркенуді жіберетін нервтер және тітіркенуді сана фактісіне айналдыратын ми қажет. И.П.Павлов сезім пайда болуы үшін қажет бүкіл осы аппаратты анализатор деп атады.

• Әрбір анализатор үш бөліктен тұрады: 1) рецептор- тітіркену энергиясын нервтік үрдіске айналдырушы (трансформатор) ; 2)кондуктор – нерв қозуын өткізуші және 3) анализатордың қыртыстық шеті, сол жерде қозу сезім түрінде қабылданады.

• Осыған сәйкес барлық сезім мүшелерін екі топқа бөледі:

• 1. Нерв импульстарын эктрорецептивті алатын сыртқы сезім мүшелері – экстерорецепторлар. Олар алтау : жердің татуын (гравитация ) сезу,тері арқылы сезім мүшелері, есту, көру, дәм және иіс сезім мүшелері .

• 2. Ішкі сезім мүшелері: а)проприорецептивті алаңнан импульстар алатын (бұлшықет-буын сезімі ; ол жердің тарту сезімімен тығыз байланысты ) – проприорецепторлар; ә)интероцептивті алаңнан (ішкі мүшелер мен тамырдан) нерв импульстарын қабылдайтын мүшелер интероцепторлар

• И.П. Павлов анықтағандай, кез келген анализатор негізгі үш: рецепторлар (қабылдаушы буын), жүйке жолдары (өткізгіш буын) және ми орталығы (орталық өңдейтін буын) буынынан тұрады.

• Адам денесінің әрбір бөлігінде рецепторлардың бірнеше түрі бар. Мысалы, ауыз қуысында дәм сезу рецепторларынан басқа ыстық, суық және ауыруды сезу рецепторлары да орналасқан. Сондықтан кәдімгі жағдайда бізде жеке сезімдер емес, сезімдердің тұтас үйлесімі пайда болады. Анализаторлар да бір-бірінен оқшау емес, тығыз өзара әрекетте қызмет етеді. Жеке анализаторлардан жүйке жолдары мидың қатаң түрде белгілі бір орталығына бағытталады. Мысалы, шуйде аймағында - көру анализаторының жоғары бөлімі, ал самай аймағында - есту, төбе аймағында тері бөлімі орналасады.

• Қабақтар – palpebrae (грекше blepharon, осыдан блефрит – қабақтың қабынуы) –көз алмасын алдынан қорғайды. Жоғарғы қабық – palpebra superior – төменгі қабақтан үлкендеу ; оның үстіңгі шекарасы қас – supercilium –маңдаймен шекарада жататын қысқа түктері бар тері жолағы. Көзді ашқанда төменгі қабақ ауырлығы күшімен ғана сәл төмен түседі де, ал жоғары қабық оған келетін m.levator palpebrae superioris-тің жиырылуынан белсенді түрде жоғары көтеріледі.

• Көзжас аппараты коньюктивті қапшыққа жас бөліп шығаратын көзжасы безінен және сол безден басталатын көз жасын шығаратын жолдардан тұрады. Көзжас безі glandula lacrimalis –інде жатады. Оның 5-12 шығарушы өзектері- ductuli excretorii – коньюктива қабы күмбезінің латералды

...

Скачать:   txt (13.8 Kb)   pdf (54.6 Kb)   docx (14.8 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club