Мемлекеттiң ұғымы, мәні және оның белгiлерi
Автор: aroosou1 • Сентябрь 20, 2022 • Реферат • 713 Слов (3 Страниц) • 192 Просмотры
2-сұрақ. Мемлекеттiң ұғымы, мәні және оның белгiлерi
Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісіне саясатшылар тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды.Ежелгі грек философы Демокрит: «Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділеттілік әкелуі керек», - деп есептеген екен. Оның пайымдауынша: «Жақсы басқарылатын мемлекет – үлкен тірек, ол сақталып тұрғанда, онда бәрі де болады- бәрі тұтас болады, ол құлағанда, онымен бірге бәрі де өледі». Қазіргі заманғы философтар мен әлеуметтанушылардың пайымдауынша, мемлекет – қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады.
Мемлекет дегеніміз – белгiлi бiр аумақ шеңберiнде халықты өз ырқына көндiрiп отыратын, бүкiл қоғам атынан iшкi және сыртқы саясатты жүзеге асыратын, барлық халыққа мiндеттi заңдар мен ереже-қағидаларды шығарып қабылдайтын, халықтан салық жинайтын ерекше құқылы саяси ұйым. Мемлекетті зерттеп жүрген ғалымдардың мемлекетке берген анықтамаларын саралайтын болсақ анықтамалар әртүрлі берілгенімен оның мазмұны, мағынасы бірдей.
Мемлекеттiң мәнін түсіну мемлекет және құқық теориясының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi болып табылады. Мемлекеттiң мәні - бұл онын- мазмұнын, мақсаттарын, қызмет eтуін анықтайтын басты қасиетi. Мемлекеттің мәні – мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстың басты өзегі, яғни басты жемісі. Мемлекеттегі билік пен оның құрамында болатындардың барлығы мемлекеттің мәнін, мазмұнын, мақсатын, қызметінің бағыттарын анықтайды.
Мемлекеттiң мәнін кең және тар мағынасында анықтауға болады. Кең мағынасында үлкен әлеуметтік топтың ұйымын білдіреді де «халық», «қоғам», «ел» деген ұғымдарға сәйкес келеді. Сонымен қатар кең мағынада мемлекеттiң әлеуметтiк мәнін билiктiк-саяси ұйымдасқан қоғам, құқықтық заңдарға бағынған көптеген адамдар бiрлестiгi ретiнде анықтауға болады. Мұндай бiрлестiктердiң тұтастығы мемлекеттiк-құқықтық институттар мен қатынастарда көрінic тапқан бұқаралык-билiктiк құрылымдар негiзiнде калыптасады.
Тар мағынасында басқару құрылымының, мемлекеттік аппараттың жиынтығын білдіріп, «үкімет», «әкімшілік» деген ұғымдарға сай келеді. Сонымен қатар тар мағынада мемлекеттiң әлеуметтiк табиғатын қоғамнан бөлектенген, жекелеген таптар мен әлеуметтiк топтардың да, қоғамның да мүддесiн бiлдiрушi әpi қорғаушы басқару аппараты, бұқаралык билiктiң әр түрлi мекемелерiнiң жүйесi ретiнде анықтайды.
Мемлекеттiң мәнін қарастыруда келесi бағыттар ескеріледі:
- формальды – кез-келген мемлекеттiң саяси билiктiң, ұйымы екендігі;
- мазмұнды – осы ұйымның кімнің мүдделерiне кызмет ететiндiгi;
- таптық – мемлекеттiң экономикалық, үстемдiк құрушы топтың саяси билiгiнiң ұйымы ретiнде анықталуы;
- жалпы әлеуметтiк – мемлекеттiң әртүрлi таптар мен әлеуметтiк топтардың мүдделерiн ескеру үшiн жағдай жасайтын саяси билiктiң ұйымы ретiнде анықталуы.
Сонымен, мемлекеттiң мәнi саяси билiк аппаратынын көмегімен қоғамның тұтастығы және қалыпты қызмет eтуін қамтамасыз етуден көрiнедi. Мемлекет-саяси жүйенің басты элементі, оның негізгі ұйымы. Ол-керек кезінде арнаулы күштеу органдарын пайдалана отырып, өз аумағында тұратын адамдардың мүддесін қорғауға тиіс және соған орай олардың арасындағы арақатынастарды құқықтық ережелер арқылы реттейтін қоғамдық механизм деп тұжырым жасауға болады.
Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құлиеленушілік қоғамда дүниеге келді. Оның пайда болуы және мәні жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Олардың ішінде ең кең тарағандары мыналар:
...