Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің құпиялары
Автор: nurbolatmyrzahan • Июнь 24, 2023 • Эссе • 547 Слов (3 Страниц) • 145 Просмотры
Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің құпиялары (эссе)
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі Түркістан қаласында орналасқан, ортағасырлық сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады. Кесене негізін Ибн-Арабшах Әмір Темір салдырған. Кесенені салу кезінде Орта Азия жеріндегі шебер ұсталар жұмыс істеген. Неге Әмір Темір «Қожа Ахмет Яссауи кесенесін» салдырды?
Қожа Ахмет Яссауи сопылық жолды ұстанған ақын. Жастайынан жетім өсіп, туысқандарының қарауында өседі. Мерв қаласында білім алып, жастайынан ғылым мен дінге қызығушылық танытады. Қожа Ахмет Яссауи туралы аңыздар өте көп. Адам бойындағы қасиеттер мен Құдайға деген сенімділік туралы өз хикметтерінде баяндап өтеді. 63 жасында 1 үзім нан мен 1 кесе су алып, жер астына түсіп кеткен. 1166 жылы қайтыс болды делінген. Осыдан кейін әулие басына кішігірім мазар тұрғызылған. Бірнеше жылдар өткеннен кейін, Әмір Темір Яссы жеріне келіп, ескі мазарды үлкен кесенеге айналдырады. Кесенені салудағы мақсаты, өз билігін нығайтып, Меккеге қажылыққа бару алыс, халықтардың денсаулығы мен ақшасы жетпейдіктен, Орта Азияға екінші Мекке «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесін салдыртты.
Кесене бой көтерер кезде өгіз келіп кесенені қиратып кете беретін болған. Бірде сұлтанның түсіне қарт шал аян берген. Яссауи кесенесін салмастын бұрын, ұстазы Арыстан бабтың кесенесін салуын айтады.
Кесене 1396 жылы жұмысын бастады. Әмір Темірдің кесенені салуға ақшасы жеткелікті болды. Әр жерден шебер ұсталар шақыртылған еді. Кесене күмбезі Орта Азиядағы ең үлкен күмбезді ескерткіш. Ғимараттың ені – 46,5 м, ұзындығы – 65 м, биіктігі – 37,5 м. Ғимарат Үлкен Ақсарай, Кіші Ақсарай, Қазандық, Кітапхана, Асхана, Құдықхана, Көрхана, Мешіт сияқты бөлмелерден тұрады.
Ескерткіш қазіргі уақытқа дейін сақталған. Бірақ құрылыс жұмысы толық бітпеген. Тәуелсіздік алғаннан кейінде елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа «неге сіз аяқтамадыңыз?» деген сұрақтар да қойылған. Ескерткіш өзінің тарихи-мәдени сипатын сақтап қалуы керек. Кесене құрылысы Самарқандтағы Бибі ханым ескерткішінен кем болмауы керек.
Ғимараттан неден тұрғызылған? Қандай материалдар қолданылған? Кесенені салуда сонау ХІV ғасырдың өзінде құрылыс идеясының жақсы дамығанын көре аламыз. Кесене құрылысына кірпіш,терракота (күйдірілген кірпіш), майолика ( тас бояумен өрнектелген қыш), фаянс қышпен қапталған плита.
...