Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Windows ОЖ

Автор:   •  Май 3, 2018  •  Лекция  •  1,376 Слов (6 Страниц)  •  1,043 Просмотры

Страница 1 из 6

«Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі» МКҚК

Күні

Топ

                           

Пәні:

Информатика негіздері және өнідірісті автоматтандыру. 

Сабақтың тақырыбы:

Windows ОЖ туралы негізгі түсініктер. жұмыс үстелі.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:

Windows ОЖ және жұмыс үстелі жайлы түсінік бере отырып, жұмыс үстеліндегі негізгі объектілермен жұмыс жасауды үйрету; амалдық жүйе жайлы білімдерін кеңейту

Дамытушылық:

Өз бетімен ізденуге дағдыландыру; амалдық жүйеге байланысты білім-біліктерін арттыру; алған білімдерін өмірде қолдана алуға бейімдеу

Тәрбиелік:

Техника қауіпсіздік ережелерін сақтауға, компьютермен ұқыпты жұмыс жасауға; жауапкершілікке, тиянақтылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:

Жаңа  сабақ

САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ

Сабаққа қолданылатын әдебиеттер:

1.Е.Қ.Балапанов, А.Б.Даулетқұлов, Б.Б.Бөрібаев«Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ»,

2. Компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал.

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен

құрал-жабдықтар:

Компьютер, проектор, Sin Kaz электрондық оқулық, ТҚЕ қалқаны, Компьютер құрылғылары қалқаны

Сабақты жүргізу кезеңдері

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)

а) Студенттермен сәлемдесу;

ә) Студенттерді түгендеу;

б) Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру;

в) Студенттердің назарын сабаққа аудару.


  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру (47 мин)

Windows ОЖ туралы негізгі түсініктер. жұмыс үстелі.

        Windows - бұл негізгі объектілері терезе және белгі түрінде бейнеленетін графикалық операциялық жүйе. Windows жүйесінің негізгі түсініктері терезе, жұмыс үстелі, шарт белгілер, жарлықтар, бумалар болып табылады.[pic 1]

Терезе - экранның төртбұрышты қоршаулы аумағы, онда бағдарламалар орындалады, мәліметтер өңделіп, түзетіледі және басқару әрекеттері жүреді. Жұмыс үстелі - әр түрлі объектілер орналасатын Windows -тың әкраны. [pic 2]

Шартбелгі - қысқаша сөз таңбасы бар кішкене графикалық бейне.

Жарлық — белгілі бір объектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл. Бумада каталогтар мен бағдарламалар тобы орналасады.

Windows объектілерін басқаруды әртүрлі құрылғылармен, оның ішіндегі негізгісі тышқанмен ұйымдастыруға болады. Тышқан көмегімен Windows объектілерімен: тасымалдау, созу, қосу, белгілеу, ашу, жабу әрекеттерін орыңдауға болады. Тышқанның сол жақ батырмасы негізгі, ал оң жағы – қосымша болып табылады.

Қандай да бір объектіге тышқанды апарып, оның оң жақ батырмасын «бассақ, экранға динамикалық немесе контекстік /жанама/ деп аталатын бағыңышты мәзір командалары шығады.

Сұхбаттық терезе - бұп қосымша ақпараттар енгізілетін арнайы терезе. Онда Windows және оның косымшаларын баптау және басқару үшін қажет басқару әлементтері орналасады.

Анықтама терезесі -  Windows жүйесімен және оның қосымшаларымен жұмыс істеу жайлы анықтамалық хабарларды шығару үшін қолданылады.

Шекаралар - терезенің төрт жағынан қоршап тұрған жақтау.

Тақырып жолы (тақырып) - терезенің ең жоғарғы шекарасының астынан терезенің тақырыбы көрсетілген төртбұрыш.

Жүйелік мәзір бепгісі - тақырып жолының сол жағында орналасады. Олардың көмегімен терезені жылжытуға және өлшемін өзгертуге болады.

...

Скачать:   txt (18.8 Kb)   pdf (580 Kb)   docx (798.2 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club