Зейінді ұстаздың кішкене құпиялары
Автор: 05071981 • Ноябрь 2, 2018 • Статья • 649 Слов (3 Страниц) • 529 Просмотры
Дәріс: «Зейінді ұстаздың кішкене құпиялары»
Оқушы тұлғасымен танысу – мұғалімдердің сыныпқа кірген алғашқы минутынан басталады. Әрбір оқушының амандасу сәтіндегі өзін ұстауы (кіре берістегі, парта жанында тұруы немесе отыруы) оның мұғалімге деген қатынасын білдіреді.
Оқушының сабақ тыңдап отырған кездегі кейпі оның ақпаратты қалай қабылдап отырғандығын айқындайды: егер бала алға қарай сәл еңкейіңкіреп отырса, жаңа білімді сіңіріп отырғандығы; ал артқа қисайып, орындықты теселтіп отырса – қабылдамау әрекетін көрсетеді. Әрине, бұл қалып оқытушыға кері әсерін тигізеді.
Кейде оқушы ақпарат қабылдағысы келмесе немесе агрессивті (ашулы) педагогтан қорғанғысы келсе, партаның тасасына тығыла түсіп, орындықтан төмен сырғи береді. Бұл қалып әсіресе, қысым көрген, тұйық балаларға тән: тәртіптілері бұл жағдайда партаға қарап отырса, тәртіпсіздері – терезеге қарайды.
Оқушының партаға кеудесін тіреп, еңкіштеніп отыруы – жауапкершілікті, еңбекқорлықты көрсетеді. Солға қарай қиғаштанып отыруы – көбінесе, қорғануды білдіреді, яғни өзіндік «менін» жасыру. Педагог тарапынан агрессияның жоқтығын сезінген бала ғана партада тіктеп, алдына қарап отырады.
Жазу тапсырмасын орындап жатқан кездегі оқушы дәптерінің партада қалай жатқандығынан да көп хабар алуға болады. Оқушы дәптерінің партада (қиғаш емес) неғұрлым көлденең жатуы – соғұрлым жабырқау қарсылық пен амалсыз отырғандығының көрсеткіші. Кейбір жаны нәзіктері дәптерін кітаппен немесе қолмен көлегейлеп, мұғалімінен жасырып отырады. Есіңізге ұстаңыз! Дәптерін мұғалімнен жасырып, қолымен көлегейлеген бала қателігі үшін болып қалуы мүмкін жазадан қорқады немесе аса тұйықтықтың белгісі.
Егер бала мәтін оқу үстінде кітаптарын бірінің үстіне бірін қойып отырса, бұл да жазадан қорқу белгісі.
Кейде балалар өздерінің босаңсып, аздап демалғысы келетіндіктерін білдіреді, мысалы: қаламсап, пенал, кітаптарының орнын ауыстырып, аударып-төңкерсе, портфелін қопара бастаса т.б. егер бұл белгілерді байқасаңыз, сәл үзіліс жасап, балалардың зейінін аудару керек немесе сергіту сәтін жасау қажет.
Сабаққа жауап беруде қол көтеру манерасы да балалардың өздеріне сенімділіктерінің әр түрлі деңгейін көрсетеді. Сараң балалар қолын жұбынан сирек ажыратса, кең және байланысқа түскіш балалар қолдарын жеңіл көтереді. Орындарында отырып айқайлау (мен айтайыншылап), тәрбиенің төмендігімен қоса, өзіне деген мұғалімнің көзқарасы
...