Ахмет Байтұрсынов - шебер аудармашы
Автор: Алия Улыкпанова • Апрель 16, 2018 • Курсовая работа • 5,980 Слов (24 Страниц) • 1,597 Просмотры
Кіріспе
Курстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Біздің зерттеу нысанасына алған тақырыбымыз «Ахмет Байтұрсынов – шебер аудармашы» деп аталады. Сондықтан да біз, курстық жұмысымызда А.Байтұрсыновтың – қазақ халқының әдебиеті мен мәдениетінің тарихында алатын өзіндік орны аса зор тұлға екендігіне баса назар аудара отырып, А.Байтұрсыновтың аудармашылық қырын терең талдап, баға беруді мақсат етеміз.
Аударма ұғымы – кең ұғым. Қазақ әдебиетіне аударманың қатыстылығына байланысты сөз қозғасақ, көркем аударма, әдеби аударма, еркін аударма, т.б. тәржіма түрлеріне қатысты сөз қозғауға болар. Алайда, біздер курстық жұмыс тақырыбына сәйкес, А.Байтұрсыновтың ғана аудармашылық қырын ғана қарастымақшымыз.
Алдыменен, сөз басын «А.Байтұрсыновты біздер кім деп танимыз?» деген сауалға жауап беруден бастайтын болсақ, ол – лингвист-ғалым, түркітанушы, әдебиет зерттеушісі, ақын, аудармашы ретінде белгілі болып, жас қазақ мемлекетінің қоғамдық-әлеуметтік негізін қалаған қайраткер еді.
Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз замандастарының алды бола білген Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздерімен өлең арқылы ой-сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін ол қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.
Кезінде талай қазақтың басына қайғы болып таңылып, өшпестей қасірет ізін қалдырған «солақай саясаттың» құрбаны болғандардың алдыңғы қатарында – А.Байтұрсынов тұр. Сол себепті, әлі күнге дейін «солақай саясаттың» құрбанына айналған «ақтаңдақтар» сырын қанша жерден ақтаруға тырыссақ та, әлі күнге дейін тереңірек зерттеуді қажет ететін көкейкесті проблемалар жеткілікті. Сондай тақырыптардың қатарына «А.Байтұрсынов – шебер аудармашы» тақырыбы жатады.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Елінің ертеңінен үміт күтіп, өз кезеңінде аса құнды болып табылатын еңбектерін кейінгі ұрпағына аманат етіп қалдырған, қазақтың біруар дарынды өкілі, талантты тұлғасы Ахмет Байтұрсыновтың есімі ел жадынан ешуақытта ұмытылмақ та емес, ескірмек те емес. Өйткені, дарынды, талантты болып өмірге келу – әр кез, әр ғасыр сайын қайталанатын құбылыс болуы мүмкін, бірақ, әрі талантымен таңқалдыра отырып, бір ғасырдың татымына табындыратын емес, мәңгілік халқының рухани қазынасына айналатын біртуарлар қашанда сирек болады. Осындай халқының бағына бола жаратылған асылдарының бірі – Ахмет Байтұрсынов еді.
Алаштың аса күрескер тұлғасы Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы – сан-салалы. Сол тұстағы қазақтың бетке ұстар қаймақтарына айналған өр тұлғаларының қай-қайсысы да талантты қаламгерлігін әдебиеттің бір ғана жанрында емес, әрі поэзия, әрі проза, әрі драма бағыты бойынша еңбек етіп, ғылыми-зерттеу ісінде де елдің мүддесінен шыға білген туындыларды жазды. Сондай-ақ, аударма саласында да тыңғылықты еңбек етіп, «Қырық мысал», «Маса» жинақтары арқылы, сонымен қатар терминология саласындағы тыңғылықты еңбегі арқылы да өзін шебер тәржімашы ретінде де таныта білді.
Бүгінгі таңда еліміз тәуелсіздік алғаннан бері А.Байтұрсынов шығармашылығы біршама зерттелді деуімізге де болады. Бұған сан тарау, түрлі тақырыптағы зерттеулер дәлел бола алады. Дегенмен де, А.Байтұрсыновтың аудармашылық қыры әлі де болса тыңғылықты ізденістерді, толымды жаңалықтарды күтуде десек, артық айтқандық болмас. Сондықтан да, «А.Байтұрсынов – шебер аудармашы» атты курстық жұмысымызды өте өзекті тақырып және терең зерттеп-талдауды талап ететін жұмыс деп білемін.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. А.Байтұрсыновтың әдеби мұрасының зерттелуі ХХ ғасырдың басында басталған болатын. Алғашқылардың бірі болып Байтұрсынов туралы мәлімет берген еңбектердің қатарына М.Дулатов, М.Әуезов, Т. Шонанов, С.Сейфуллин болды. Одан кейінгі уақытта А.Байтұрсыновтың тіл білімі саласына сіңірген еңбегін зерттеген ғалымдар – Ә.Қайдаров, Т.Қордабаев, Р.Сыздықова, С.Кеңесбаев, ақындық, ғалымдық қырын әдебиетшілер – Қ.Мұқамедқанов, Р.Нұрғалиев, қоғамдық-саяси қызметін тарихшылар – К.Нұрпейісов, М.Қойгелдиев, С.Өзбеков, т.б. зерделеді.
...