Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қожа Ахмет Иассауидің дүниетанымы

Автор:   •  Ноябрь 4, 2024  •  Реферат  •  898 Слов (4 Страниц)  •  23 Просмотры

Страница 1 из 4

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Филология институты

Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

[pic 1]

Сөж 1

Тақырыбы: Қожа Ахмет Иассауидің дүниетанымы

Мамандық: 6B01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Орындаған: Бодан Шұғыла

Топ: ҚБ-3жылдық

Қабылдаушы:Есиркепова Г.

Алматы қаласы

2024 жыл

ЖОСПАР:

Ⅰ.  ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИДІҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ.

Ⅱ.  ЯССАУИ ПОЭЗИЯСЫ.

Ⅲ. ҚОРТЫНДЫ.

Ⅰ.  ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИДІҢ ДҮНИЕТАНЫМЫ.

   Яссауи дүниетанымының қалыптасу көздері негізінен Түркістан өлкесіндегі  IX-XII ғасыр ішіндегі Қараханидтер үстемдігі билік еткен замандағы саяси әлеметтік өмір жағдайларына орайлас жатқан құбылыс. Ұлы түркі ағартушысы, ислам дәуірінің ақыны,ойшылы Қожа Ахмет Яссауи рухани мұраларының негізгі ерекшеліктері «Диуани хикмет» жинағында жазылған.

   Қожа Ахмет Яссауи – ұлы ойшыл, ғұлама ақын.  11-12 ғасырда ислам енді тарала бастаған діни ілім болатын. Құндылықтары тек кең қазақ даласының Сайрам, Яссы, Тараз жерінде танылып тұрған кезі еді. Білім мен ілімге негізделген кітаптар таралмаған. – дейді Айдар Парқұлұлы.

   Халқына аса танымал болып,оның үстіне өмір де, еткен еңбек, істеген тірлігі де жұмбақ көрініп, елді өзіне ынтықтырған ожа Ахметті зерттеу ісі тіпті ертеден қолға алынғаны белгілі жайт. Ғалымдар өмірбаянын, алуан түрлі сырға толы хикметтерін сан салаға бөліп, жіктеп таратып, зерттеген шығап, ақындар тереңнен суырып толғап жырлаған да шығар. Амал не сол асыл дүниенің көбі бізге жеткен жоқ, жетер еді, көпшілікке мәлім сол саясаттың салдарынан желісі үзіліп қалды.

   Осы себепті ұлы бабамыз Қожа Ахмет Яссауи туралфы көп жазылып, көп зерттелмеген, тиіп-қашып, бірді-екілі ғалымдар мен жазушылардың ара-тұра басылған мақаласы болмаса, түбегейлі шын мәніндегі жазылған ғылыми еңбек болған емес. Аса  ғұлама жанның артына қалдырып кеткен баға жетпес асыл дүниесі- «Диуани хикмет» жинағы осыншама уақыт өтсе де әлі ұқыпты зерттелмей келе жатқаны жанымызға батады. Халқымызда «зер қадірін зергер таниды» деген ұлағатты сөз бар ғой, осы орайда Әзірет сұлтанды әр қырынанмсөз еткен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлын бірінші атаса артық айтқандық емес шығар. Бұл кісі «Қара местәі» бірінші және екінші томында Қожа Ахмет бабамыздың ғажап қасиетін, көрегендігін, жанының жібектен жұмсақтығын, ғылымды бар жанымен сүйгендігін әдемі жеткізіп айтыпты, өз заманына сай талдап та беріпті.

   Дархан Қамзабекұлының айтуынша, ортағасырлық деректі жазба – « Насабнамада » қызық мағлұмат бар екен. Қожа Ахметтің 12 мың муриті мен қырық қылуетханасы болған дегенді айтады. Ысқақ баб тұсында Сайрамнан Яссыға дейінгі 12 канал суын жалға беру арқылы кірісті толықтырып отырған. Қарапайым халық өкілдерін де жиі қабылдап отырғаны жөнінде Сығнаки былай жазыпты: Ахмет әңгімелесіп, жүздесу үшін екі мың муфтиді, 60 мың сейидті, он мың Хорезм имамдарын, 9 мың ғұламаны.тоқсан мың әулиені, 8 мың абдалды, он екі мың аңшыны қабылдаған. Ал оның « Диуани хикмет» кітабы шығыс мұсылманын да ешкім жоққа шығара алмайды. Олар түркі жырлары мәнерінде, ұғымға қонымды, әрі есте қалатындай түсінікті етіп жазылған екен. Бұл үрдіс жекелеген қазақ ақындарының поэтикалық туындыларында әлі күнге дейін жалғасып келе жатқандығы ақиқат.

Ⅱ.  ЯССАУИ ПОЭЗИЯСЫ.

   Яссауи туындыларындағы адамның ішкі рухани әлемімен тікелей айналысатын жан ғалымы және сыртқы ғылым салаларымен шұғылданатын тән ғалымы туралы тосын танымының шығу төркініне назар аударатын болсақ, бұл танымдардың түп төркіні әл Фараби қалыптастырған ғылымды классификациялаудың негізіне соғатыны анық байқалады.

   Қожа Ахмет Яссауи шығармаларында ұшырасатын осы жайлы пікір ұшқыны:

Әлім екеудүр: жан мен тәнге басшы тұрар,

Жан ғалымы хазіретіне жақын тұрар...

Тән ғалымы залымдарға ұқсар-ерміс,- деген өлең жолдарында (Яссауи. «Диуани хикмет». Түркістан.) ұшырасатын жан ғалымы, тән ғалымы деп аталатын термишырасатын жан ғалымы, тән ғалымы деп аталатын терминдік мәні бар сөздердің орын алуы кімді болса да ойландырды.

...

Скачать:   txt (12 Kb)   pdf (210.2 Kb)   docx (130.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club